Лекция жоспары: Corel Draw9. Функциональды схеманы құру. Техникалық құралдың комплекстiк сызбасын құру. Cурет салу үшiн түрлi саймандарды қолдану. Еркiн салу аспаптары. аэрографты, карандашты, бояғышты, өшiргiштi пайдалану. Бояғыштың түсiн таңдау. Түстер моделi. Pantone библиотекасы. Бояу және бүркеу (ретуширования) техникасы. Күрделi монтаждарды орындау. Көрiнiстердi сканерлеу және коррекциялау
Лекция мақсаты: Саймандарды қолдана білу. Түстер моделi туралы түсінік беру. Монтаждарды орындау білу.
Лекция мазмұны: CorelDRAW 11 бағдарламасы иллюстративті графикамен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін интеграциялық бағытталған программалар пакеті. Бұл терминнің астарында не жатыр? «Интеграциялық пакет» ұғымын CorelDRAW 11 графикалық программасы белгілі бір жағдайда қарастырылатын жеке программа ғана емес, қолданушының бірнеше бағыттағы белгілі бір аумақтағы жұмысы, дәлірек айтсақ, иллюстритвті графиканың аумағындағы жұмысы.
CorelDRAW қолданушы терезесін ашқан кезде экран бетіне стандартты А4 размеріндегі қағаздың формасы көрінеді. Бұл программаның тағы да бір ерекшелігі мұнда кез-келген қолданушы жұмыс жасай алады. Программаның құрал-саймандар терезесінде құралдардың көмегімен кез-келген кескінді сызуға болатынын айтқым келеді.
Менің осы Сorel бағдарламасындағы тақырыпты таңдаған мақсатым – қазіргі жаңа технологияның даму сатысында векторлық графиканың маңызы мен оның дұрыс қолданылу ерекшеліктерін көрсету.
CorelDRAW векторлық графикасы туралы жалпы түсінік Қазіргі заман талабына сай қолданылып жүрген программалардың бірі – векторлық графика, канадалық программа - CorelDRAW программасы. Бұл программаның көмегімен әртүрлі безендіру жұмыстары, бейджиктер, визиткалар т.б. көркемдеу-әсемдеу жұмыстарын жасауға болады. Программамен жұмыс орындамас бұрын оның негізгі құрал –саймандарымен танысып өтелік. Векторлық графика CorelDRAW –тың жалпы терезесін мына түрде көруге болады.
Терезенің сол жақ бөлігінде интерактивті құрал – саймандар, оң жақ бөлігінде түстер палитрасы орналасқан. Интерактивті құралдардың көмегімен әртүрлі геометриялық фигуралардың көмегімен қалаған кескінді жасауға болады. Сол сияқты дайын суреттерге форматтау жұмыстарын жүргізе отырып, қалауымызша кез-келген пішіндегі кескінді алуға болады.