Лекция тақырыбы: ADOBE PHOTOSHOP программасы. 2 сағат.
Лекция жоспары: Жүйенi тағайындау және қолдану. Көрiнiстердiң түрi мен форматы. Растрлiк көрiнiстердiң ерекшелiгi, параметрлерi.
Лекция мақсаты: Жүйенi қолдану. Көрiнiстердiң түрi мен форматы, растрлiк көрiнiстердiң ерекшелiгi, параметрлерi туралы түсінік беру.
Лекция мазмұны:
Қазіргі кезде компьютерлік технология қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізіп отыр. Оның бір сапалы компьютерлік графикаға сұраныс күннен-күнге артуда. Алғашқы кезде компьютерлік графикамен тек комьютерлік технологияны жетік меңгерген мамандар айналысса, қазіргі таңда осы бағытта барлық қолданушыларға арналған программалар пакеті бар. Бұл программалар өте қарапайым әрекетті орындаудан бастап қиын да күрделі дизайнерлік жұмыстарды атқарады. Қолданбалы программалық қамсыздандырудың мынадай түрлері бар: Сorel Draw, Page Maker, Adobe Photoshop.
Енді Adobe Photoshop программасына тоқталар болсақ, мұнда кез келген кескіндік суретті өңдеу, түзету, фондық түс беру сияқты әртүрлі ортада даярланған объектілерді біріктіру, жинақтау, өңдеу жұмыстарында қолданылады. Adobe Photoshop программасы арқылы ескі фотосуретті жаңалау, яғни басқа түске бояу, көйлекке жаға салу, шашты үлкейту, беттегі әжімді алу, бетті тазалау, ағарту, т.с.с. Қазіргі қолданылатын программалар арқылы үйлену, сүндет той, қыз ұзату, мүшелтой сияқты шақыру билеттері өңделіп даярланады. Әсемдік салонында адамдардың бет бейнесін бөлек шығарып оған шашын әсемдеуде, ал криминалистикада іздеу салу жұмыстарында, портрет жасау жұмыстарында қолданылады. Adobe Photoshop программасы қазіргі кезде өте көп қолданылуда. Соның ішінде атап өтсек: фотосалондарда, әсемдік соландарында, жиһаз жасауда, кино афиша дайындауда, жарнама жасауда, түрлі кез келген суреттер жасап өңдеуде, фотосуреттерді жаңарту, болмаса гүл салып электрондық поштадан жіберу сияқты т.б. Айта берсек, салалар өте көп, солардың біразында қолданысқа ие. Тек қана осындай салаларда емес, сонымен қатар күнделікті оны өзіміз сияқты адамдар, студенттер, оқушылар пайдалануда. Мысалы, мен Adobe Photoshop программасында кез келген суреттерді өзіме қажетті форматын осында өңдеп ауыстырамын. Сол сияқты басқалары үйлерінде үйреніп фотомонтаж жасайды, өзінің түскен суретінің фонын өзгертіп, суретін әшекейлегісі келетіндердің барлығы осы программаны үйреніп, ізденіп пайдалануда.
Photoshop программасын іске қосақаннан кейін экранда оның жұмыс үстелі көрінеді. Windows ортасында жұмыс істеп жүрген пайдаланушы үшін мұндағы біраз элементтер таныс болады. Ондағы кескін терезесі компьютердің оперативті және виртуальді жадысының мүмкіншілігіне қарай бір уақытта бірнеше кескіндерді ашуға мүмкіндік береді. Әрбір кескін бөлек терезелерде ашылады. Бір терезеден келесі терезелерге өту Ctrl + tab пернелерін басу арқылы орындалады. Масштабтау алаңында – активті кескіннің көріну өлшемі көрсетіледі (төменгі сол жақ қатарында, бұрышында % - пайыз күйінде). Ақпарат алаңы кескіннің жад өлшемін көрсетеді. Қалып-күй қатары бұл жерде таңдалған саймандарды және кескінді көрсетеді. Егер қалып-күй қатары көрінбей тұрса, Окно → Отобразить строку состояния командасы арқылы шығарамыз.
Штамп бейнелерден таңдаулы үлгiлердi көшiруге мүмкiндiк бередi.
Сиқырлы таяқша және лассо – жалпы композициядан бейнелердiң үзiндiлерiн таңдау.
Бөлiп алу (выделение) – шекараның iшiндегi бейнелердi бөлiп алып, көшiру, орын алмастыру және оны редакторлеу.
Монтаж, коллаж - басқа бейнелердiң үзiндiлерiн бөлiп алып, бiр бейненi жинақтап, шығару. Ол үшiн слои және каналдар қызмет атқарады.
Передний план, задний план, слои, каналы – бейнелер бөлiктерi.
Слои – мөлдiр фондармен қоршалған бейнелердiң көрiнбейтiн бөлiктерi. Ол бөлек элементтерден композициялар құрастыру кезiнде қолданылады. Оның мысалы ретiнде контурлық карта (артқы жағын), онда мемлекеттер тiзбектей бейнеленген (алғашқы қабаты), қалалар (екiншi қабаты), орман, батпақ, шөлейттер (үшiншi қабаты) және т.б.
Каналы – бұл бейнелердiң түстерiнен бiреуiне сәйкес келетiн монохромды бейне. Мысалы, қызыл – жасыл - көк
Маски (маскированные области) – слойдың көрiнбейтiн аймағы. Сондықтан оны түрлендiруге болмайды. Немаскированные области – бұл бейненiң көрiнетiн аймағы құрастырылатын бөлiктерге бейнелердi бөлу үiшн қолданылады.
Растушевка - бұл шекаралар аралығынан бөлек үзiндiлердi бөлiп алу.
Түстер модельдерi
- ҚЖК (rgb) (қызыл+жасыл+көк). Бұл түс бейнелердi экранға шығару үшiн қолданылады.
- КССҚ (cmyk) (көгiлдiр+сұрғылт+сары+қара). Мұнда қосымшаға негiзгi түстерден ақ түстерге дейiн енгiзiледi. Ол полиграфиялық баспалардың материалдары үшiн қолданылады. Мысалы, көгiлдiр = ақ-қызыл, сұрғылт = ақ – жасыл, сары = ақ – көк.
- ТҚЖ (hsb) (тон+қалыңдығы+жарықтылық). Өнер шығармаларын құру үшiн қолданылады. Онда түрлi құралдар, атап айтқанда, акварель, гуашь, картон, тушь, уголь, пастель және т.б.
- Қ – А (ч-б) – палитраның қара-ақ түстерi.
Графиктiк файлдар форматтары
.bmp - суреттер мен фотографияларды сақтауға негiзделген файлдың форматы.
.jpg - түрлi түстi фотографиялардың форматы. Бұл формат қара-ақ түстi бейнелер үшiн тиiмсiз.
.gif – аз түстi бейнелер үшiн ең тығыз графиктiк формат (сурет иллюстрациялар үшiн)
.tif – полиграфиялық сығылған формат. Ол қосымша ақпараттарда көрiнбейтiн қосымша слой-каналдардағы бейнелердi файлға сақтауға мүмкiндiк бередi.
.psd – photoshop-та сақталынған және өңделген бейне.
Программа терезесiнде батырмалар емес, жылжымалы палитралар қолданылады.
Программа элементтерiнiң мәнi мен мүмкiндiктерiн бiлу үшiн бұл программаны iске қосып, жан-жақты танысуымызға болады. Бұл программаны iске қосу үшiн пуск батырмасындағы менюдi қолданамыз, яғни мына команда орындалады: пуск – adove- photoshop 6.0 - adove photoshop 6.0. Аталған әрекет орындалғаннан кейiн сiздер экраннан программаның негiзгi терезесiн көресiздер
(1-сурет).
1-сурет программа терезесінің құрылымы
Программа терезесi төмендегi элементтерден тұрады: тақырыптар атауы, меню қатары, құралдар тақтасы, палитра, құралдар тақтасындағы элементтердiң параметрлер тақтасы, бейнелердi редакторлеу терезесi, қалып-күй қатары.
Достарыңызбен бөлісу: |