Штамп. Тура немесе кескін элементтерінің өзгерген көшірмесін және сол кескіндегі немесе басқа құжаттағы түстік үлгілерін қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
Жарықтату (осветлитель). Кескіннің жеке бөліктерін жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Жұмыс ортасын күйге келтіру құралдары:
Стандартты режимде редактрлеу.Photoshop-пен жұмыс істегенде негізгі функциялар режимін орындайды. Мұнда ерекшеленген аймақ қозғалып тұрған пунктирлік шекаралар арқылы көрінеді.
Жылдам маска режимінде редактрлеу (редактирование в режиме Быстрой маски). Уақытша маскаларды құруда және редактрлеуде қолданылады. Бұл бір уақытта маскаларды және кескіндерді көруге мүмкіндік береді.
Фильтр – бұл кірістірілген программа. Оның орындалуы барысында ерекшеленген облысқа немесе бейнеге қандай да бір эффект қолданылады. Барлық фильтрлер фильтр менюінде орналасқан және топқа біріктірілген. Олардың атаулары олардың міндеттерін білдіреді. Соңғы фильтрді қайталап орындау үшін Ctrl + F немесе Фильтр→Соңғы фильтр командасын орындау қажет. Кейбір фильтрлер тобының міндеті мен баптауларын қарастырайық.
Sharpen (резкость) фильтрі – арқылы жуылған бейненің қателіктерін аздап жөндеуге болады. Жаңа бейненің сапалығы нақты, өткір болуы тиіс. Бұл топтағы фильтрлер бейненің пиксельдер арасындағы анықтықты жоғарлату арқылы жұмыс істейді. Егерде фильтрді қолданып болған соң, бейнеде ұсақ бөлшектер пайда болса, онда ол пиксельдердің анықтылығының артқанынан болып отыр. Sharpen фильтрі және Sharpen More (больше резкость) фильтрлері бейнедегі пиксельдердің бәрін не бейнеленген облыстың пиксельдерінің анықтылығын күшейтеді. Екінші фильтр өте күштірек істейді. Sharpen Edgesi (увеличить резкость контуров) фильтрі тек контурды өңдейді.
Blur (смазывание) фильтрі – sharpen фильтріне қарсы іс-әрекет істейді.Noise (шум) тобындағы фильтрлер бейнеге шуды қосады немесе жояды. Мұндағы шу дегеніміз – бейне түсімен сәйкес келмейтін кез келген түстегі пиксельдер. Бұл фильтрлерді ескі суреттерді жөндеуге қолданған дұрыс.
Artistic (художественные) фильтрі көркем бейнелеу фильтрі. Бұл фильтлер бейнеге қаламмен, қылқаламмен, акварельмен сурет салу техникасын қарастырады. Colored Pencil (түрлі түсті қалам) фильтрі қағазда түрлі түсті қаламдармен сурет салуды қарастырады.Pencil Wight(қалам қалыңдығы) –егер оның мәні аз болса, онда штрих жұқа болады. Stroke Pressure (қарындаш салмақтылығы) – мәні көп болса, онда алғашқы бейнеде түстер жақсы сақталады. Paper Brightness(парақ жарықтылығы) – 50 мәнінде парақ ақ түсті, 0 мәнінде қара түсті болады. Dry Brush (құрғақ қылқалам) фильтрі акварельді және майлы кескіндемелерді бояйды. Film Grain (зернистость фотопленки) фильтрі көлеңке мен орташа тонды бейнеге түйіршікті ою-өрнек салады және т.б. түрлері бар.
Render (освещение) тобындағы фильтрлер объектілерді жарықтандырумен байланысты эффектілерді құрады. Объектіге жарық түсіру, түстің шағылуын және сынуы, күндізгі жарық, лампа, прожектор, бұдан басқа бейнеге бұлттар қояды және т.б. қызметін атқарады. Clouds (облака) фильтрі бейнеге бұлт тәріздес ою қояды. Бұны қолдану үшін алдымен керекті негізгі және фондық түсті таңдап және облысты белгілеу керек.
Lightiny Effects (жарық түсіру эффектісі) фильтрі кез келген жарық эффектілерді құрады: күндізгі жарық, қарапайым және түрлі-түсті лампаларды, прожектор т.б. Gloss (фактура) параметрі объектінің фактурасын басқарады. Exposure(экспозиция) параметрі бейненің дәрежелік көзін анықтайды. Жақсы жағы жарықтандырады, кері жағы әлсіретеді. Ambience (подсветка) параметрі қосымша бейненің көздерінен шығатын жарықты мінездейді.