Лекция таќырбы: Кіріспе



бет16/20
Дата19.12.2022
өлшемі2,57 Mb.
#163364
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дәріс конспектілері (2)

Түрлі-түсті модельдер


Сorelде түрлі-түсті модельдер пайдаланады:
1) RGB – (қызыл + жасыл + синий) – бейнелеулерді экранға шығару үшін
2) CMYK – (көгілдір + қызыл + сары + қара) – баспа өнімін жасау үшін
3) HSB – (рең + қою бояу + жарық) – жеке көркем шығармаларды жасау үшін
Кеңес:
Сorel үйреніпалу, тышқанның оң жакты кнопканы қолданыпалыңыз. Бүкіл кнопкаларда, аспаптарда, объектлерде, экранның элементерде шертеңіз. Контексті-тәуелділікті меню шығады, қажетті әрікеттерді іздеп аласыз.
Дайынды файлды .CDR расширение Сorelде басқа форматта файлдардың өңдеуге болады: .CPT, .TIF, .PCX, .BMP, .GIF, .PCD, .JPG, .IMG, .ICO және басқалар.

Векторлық кескіндер – бұл сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық обьектілер жинағынан тұратын кескіндер.


Мысалы, Сызба: компьютерге оларды сипаттаушы параметірлердің мәнін енгізуге болады:

  • кескін үшін оның екі нүктесінің координаттарын;

  • шеңбер үшін центрінің координаттары мен радиусының ұзындығы;

  • доға үшін доғаның басы мен соңының, центірінің және радиусының координаттары;

Әрбір сызық үшін оның типі жіңішке, штрихталған, пунктилі және т. с. с. көрсетіледі.
Содан кейін бұл ақпарат арнайы программамен өңделеді (яғни суреттің әрбір нүктесінің орны векторлық графикалық файлда жазылған формулалар бойынша есептеледі) де, сызба экранға шығарылады. Бұл элемменттер дискретті болып табылады. Олар өзара байланыспаған, сондықтан олардың өлшемін сурет сапасын жоғалтпай-ақ оңай өзгертуге болады.
Сонымен қатар бұл сызбаның параметрлерімен берілетін-әріпті цифрлық ақпараттың ақпараттық көлемі сызбаны компьютерге растрлық түрде енгізілуіне қарағанда жүздеген, мыңдаған есе кіші болады. Векторлықтың тағы бір артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болады.
Векторлық кескіндер векторлық графикалық редакторларда жасалады. Олардың ішіндегі ең кең таралғаны, сонымен қатар Windows-та жұмыс істейтіндер CorelDRAW мен Macrografіx Draw болып табылады. Жұмыс істегенде сегменттер мен аймақтардың барлық мүмкін математикалық сипаттамалары, бекітілген белгілері, бағыттаушы нүктелері және т.с.с. қолданылады.
Сызықтармен салынатын суреттерді, мысалы, карталарды, сондай-ақ бірнеше объектілерден тұратын суреттер (үй, көлік, ұшақ, көпір және т.с.с) векторлық графикалық редакторлары пайдаланып салған дұрыс.



Сурет 1.2.3 - мысалдар


Corel Draw программасы, оның негізгі элементтері.
Векторлық графика бұл компьютерлік графиканың әртүрлігі. Векторлық графикадағы бейне бөлек объектілер-контурлардан құралады. Контурлар математикалық формулалармен суреттелетін Безье қисықтары деп аталатын сегменттерден тұрады. Француз матеметигі әрі инженер Пьер Безьенің құрметіне қисықтар осылай аталған. Векторлық бейне дискіде аз орын алады. өйткені, компьютер жадында бейне емес, ол туралы мәлімет сақталады. Мысалы, дөңгелек салу үшін оның центріне орналасуын радиусын контурдың қалыңдығы мен түсін есте сақтау жеткілікті.
Контурларды салуға масштабтауға орын ауыстыруға болады. Және бұл кезде оның сапасы мүлдем өзгермейді. Векторлық графиканы қолдану аймағы өте кең және векторлық суреттерді құрауға мүміншілік беретін программалық өнімінің көптеген мөлшері жазылған. Оның ішінде ең әмбебап болып Corel Draw программасы саналады. Corel Draw программасын іске қосқан кезде сұқбаттық терезе пайда болад. New Grafic түймесі жаңа парақ құрады. Open Grafic сақталып тұрған құжатты алуға мүмкіндік береді. Template түймесі шаблондар шебері терезені ашады. Corel Draw кез келген мөлшердегі құжаттармен жұмыс істеуге мүкіндік береді. Әр құжатқа бөлек терезе ашылады. Corel Draw-тың негізгі мәзіріндегі кейбір пункттерге тоқтаймыз:
Layout(макет)-құжат беттерін басқару құралы.
Arrange(упорядочить)-бірнеше объектілерді басқару: туралау, топтау, түрін өзгероу т.б.
Effects(эффекты)-векторлық сол сияқты растрлік бейнелерге, объектілерге арнайы эффектілерді меншіктеу.
Bitmaps(растровое изображение)-импортталған растрлік бейнелермен жұмыс.
Text(текст)-мәтінді форматтау және редактрлеу.
Tools(сервис)- Corel Draw-тағы интерфейспен режимдерді баптау.
Window(окно)-құжаттардың ашық терезелерін басқару. Программа терезесінің сол жағында құрал-саймандар панелі орналасқан. Экранда оның тек бір бөлігі ғана көрінеді. Қажетті құрал фотошоп программалары сиқты таңдалады.
Негізгі құралдардың міндеттерін қарастырайық:
Pick(указатель)-бұл құрал объектіні оны өзгерту алдында таңдау үшін қолданылады.
Shape Edit(редактирование формул) – бүтін объект емес, ал оның бөліктерін басқаратын құралдар тобы;
Zoom(масштаб)-бейненің экранға шығуын және экранда орналасуын басқаратын құралдар тобы;
Curve(кривая)-контурды құруға арналған құралдар тобы;
Recnangle(прямоугольник)-тікбұрыштар, төртбұрыштар, спиральдар салуға арналған құралдар тобы.
Ellipse(эллипс)-элементтерді салуға арналған құралдар тобы;
Polygon(многоугольник)-көпбұрыштар, торлар, спиральдар салуға арналған құралдар тобы;
Pasic shapes(простые фигуры)-қарапайым фигуралар,бағыттыр, жұлдыздар салуға және редактрлеуге арналған құралдар тобы.
Text(текст)-мәтінді енгізуге және оны редактрлеуге арналған құрал;
Intractive tool(интерактивные инструменты)-эффектілерді құрауға арналған құрал.
Eyed roper(пипетка)-объект заливкасының немесе обводкасын таңдау немесе меншіктеуге арналған екі құрал;
Outline(обводка)-ерекшеленген объектілерге кез келген түспен қалыңдатудағы контурды меншіктеуге арналған құрал.
Fill(заливка)-ерекшеленген объектіге құюдан бір түрін сұқбаттық терезелер арқылы меншіктеу құралы;
interactive fill(интерактивная заливка)-объектіге құюмен оларды интерактивтік редактрлеуді меншіктеу құралы.
Программа терезесінің оң жағында таңдалған объект шекарасымен тұйық облысының түсін оңай өзгертуге мүмкіндік беретін түстер палитрасы орналасқан. Палитрадағы ең жоғарғы х-түймесі таңдалған объектінің шекарасымен тұйық облсысының түсін жылдам жоюға мүмкіндік береді. Тышқанның сол түймесі тұйық облыста, ал оң түймесі шекараны боянға қолданады. Докер-бұл фотошоп программадығы палитраға ұқсас элемент. Докердегі программадағы қандай да бір команданың баптаулары орналасқан. Corel Draw-та 22 докер бар. Оларды окно докеры командасы арқылы шақыруға болады. Құжат терезесінде жұмыс беті орналасқан жұмыс столы бар. Құжатта бірнеше бет болуы мүмкін. Терезенің төменгі сол жақ бұрышында құжат беттерін басқаратын навигатор орналасқан. Жаңа бет құру үшін навигатор плюс таңбасын шерту керек. Ал бетті жою үшін жарлығында тышқанның оң жақ түймесін шерту мәзірден бетті жою командасын таңдау керек. Үнсіз келісім бойынша жаңа құжатты құру үшін файл new командасын орындау қажет.
Қарапайым фигуралар салу.
Фигуралар салу өте қарапайым: қажетті құралды таңдап, тышқанның сол жақ түймесімен салуға болады. Салынған фигураға активті түрде сурет салу барысында shift пернесін басып тұрсақ, онда объект центрден сыртқа салынады. Егер ctrl пернесін басып тұрсақ, онда геометриялық дұрыс фигура салынады.
Құралдар.
Rectangle құралы – бұл құрал арқылы тікбұрышты фигура салынады, оның бұрыштарын тышқан арқылы дөңгелектеуге болады, ол үшін фигураның бұрышындағы түйінге апарып, оны тышқан арқылы фигура бойымен тарту керек. Тышқан көрсеткіші түйіннен алыс болған сайын дөңгелену дәрежесі жоғары болады. Бұл іс-әрекетті фигураның қасиеттер панелі арқылы да орындауға болады. Дөңгелену мөлшері Rectangle corner radius өрісінде беріледі. Егер Corner Together түймесі жабық құлп түрінде болса, онда барлық бұрышқа бір мән енгізіледі. Егер түйме ашық құлп түрінде болса, онда мәнді өріске енгізуге болады.
Ellipse құралы – бұл құрал эллипс, доға, сектор салуға арналған. Эллипсті осы құралдың қасиеттері арқылы сектор мен доғаға айналдыруға болады.
Векторлық графиканың қолданылу саласы өте кең:
-біріншіден ол компьютерлік полиграфияда өте үлкен рөл атқарады. Оңай масштабталатын және баспа өнімдері мен бейне материалдар да қолданылатын жүздеген түрлі-түсті сурет (адамдардың, заттардың бейнесінен бастап, оюлар мен әшекейлерге дейін) векторлық әдіспен түсіріледі;
-екіншіден, векторлық әдіс конструкторлық және ғылыми жұмыстардағы компьютерлік сызу автоматтандырылған жобалау жүйелерінде, үш өлшемді графикада және т. с. с. таптырмайтын әдіс болып табылады.
Көптеген қосымшалар (мысалы, Adobe Photoshop) кескін өңдегенде векторлық және расторлық әдістерді белгілі мөлшерде үлестіріп қолдануға мүмкіндік береді.
Векторлық кескіндер кәсіби CorelDRAW, Adobe illustrator, FreeHand және
тағы басқа қосымшалары пайдаланылып өңделеді.
Растoрлық графиканың редакторлық артықшылығы – векторлық графикалық редактордың кемшілігі болып табылады. Мысалы, векторлық кескінді оңай масштабтауға, яғни оның өлшемдерін бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу арқылы өзгертуге болады. Векторлық кескіндермен жұмыс істеудің кемшілігі – оларды растырлық сияқты жай ғана өзгерте салуға болмайтындығы. Сіздерге кескінді құрайтын объектілерді (мысалы, бұл ғимарат сызықтың суреті болса) белгілеп, оларды ұзартуға, қысқартуға немесе қайтадан салуға тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет