Қазақ хандығы дәуірі әдебиеті
Қазақтың ұлттық әдебиетiнiң төл тарихы қазақтардың ұлт болып қалыптасуы мен дербес мемлекеттiгiн құрудан басталады. 15—16 ғ-ларда қазақ жыраулары ежелгi түркi поэзиясындағы дидактик. сарынды мазмұндық, тiлдiк, стильдiк жағынан жетiлдiре түстi, гуманистiк, философиялық ой-пiкiрлердi қоғамдық дамудың жаңа асқар биiгiне шығарды; қараңыз: Жыраулық поэзия.
18 ғ-дың соңына қарай, Қазақ әдебиетіндегi жыраулық дәстүр бiртiндеп ығысып, жеке ақындық өнерге орын бере бастады. Жыраулық поэзияның қалыптасқан сөз саптауы, ел тағдырын ту етiп ұстап, ерлiктi мадақтаған биiк үнi бiр iзге түсiп, жеке ақындық өнер арқылы күнделiктi тiршiлiктiң сан-саласына, адам өмiрiне, оның iсi мен мiнез-құлқына, қоғамдағы орны мен қызметiне көңiл бөлiндi. Бұл — әдебиет дамуындағы жаңа дәуiрдiң басы едi. Ақындар шығармаларының тақырыбын кеңейтiп, өмiр шындығын нақты тануға, оған өз көзқарасын бiлдiруге ұмтылды. Бұл арқылы жеке ақындық өнер байып, өзiндiк көркемдiк бояу iздеу жолына түстi. Осы жолмен ол ауыз әдебиетi дәстүрлерiн сақтай отырып, кәсiптiк поэзияның қалыбына кiрдi. Осындай жеке ақындық шығарм-тың туу кезеңiнде өмiр сүрген Көтеш, Шал ақын өлеңдерiнде жеке адамға бағытталған арнаулар, адам өмiрi, оның мәнi мен сәнi, фәнилiк пен бақилық жайы суреттелдi, оларда тапқырлық, бейнелiлiк, шынайы поэзияға тән лирикалық «мен» көрiнiс тапты.
XV—XVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ӘДЕБИЕТ
(Жыраулар поэзиясы)
Бұл кезең — қазақ хандығы құрылып, тайпалар бірлестігінің, дербес мемлекеттің нығая бастаған дәуірі.
Осы кезден бастап қазақ халқы мәдениетінің де өзіндік беті айқындала түседі. Ол, әсіресе, халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезіледі. Кейбір жазба ес-керткіштердің осы кезде таза қазақ тілімен жазылғаны — соның айғағы. Оған Қадырғали Қосымұлының „Шежірелер жинағын", Әбілғазының „Түрік шежіресін" алуға болады. Қадырғали өзіне дейінгі шығыс тарихына байланысты Рашид Ад-Диннің „Жамиғатынан" біраз үлгілер алып, өз түсындағы деректерді қоса баяндап береді. Бұл — тарихи шығарма. Қадырғали өзінің шежіресінде ескі әдебиеттен хабар берерлік өлең үзінділерін көптеп келтіреді.
" XV—XVII ғасырлардағы көркем әдебиеттің жайын халық әдебиетінің жетістіктерінен де жете аңғарамыз. Бұл кезде ауыз әдебиетінде көркемдік дәрежесі жоғары көптеген эпостық жырлар туды. Осы жырлар негізінде, әдеби тіліміз де дами түсті. Жыраулық әдебиеттің әлеуметтік өмірге араласуы, қоғам мүддесін көтеруі күшейді.
Қоғамдық құрылыстың дамуымен бірге әлеуметтік қайшылықтар да айқындала береді. Әр топ өз көзқарасын тарату мақсатында идеологаялық қүрал іздеді. Кейбір үстемдер әдебиет өкілдерін осы мақсатта пайдалануға әрекет жасайды, оған сый-сыяпат көрсетіп, өз шкірлерін таңып, қошаметшіл поэзиясының кейбір түрлерін туғызады.
Әдебиеттегі осы шындықты Н. А. Добролюбов өте көрегендікпен пайымдап, былай деді: „Адам өз бойынан ең алдымен дене күшінің сапасын таниды да, әрбір халық өзінің алғашқы өсу сатысында қаһармандық аңыздар шығарады.
Қара күш біреудің беделін күшейтеді: екінші біреуді төмендетеді. Поэзия әлемінде бір адамның екінші біреуді қалай жеңгенін, қандай олжа түсіргенін жырлау пайда болды. Жеңімпаздар жеңілгендерді өзіне бас идіреді және өздерінің праволарын мойындатады. Осы түста поэзйяда қошеметшіл ода туады. Ал, кейшірек, жеңімпаздар озбыр-лығы күшейе келе, жеңілгеңдердің күңкілі, үні естіле бас тайды, олар наразылық білдіреді. Осы кезден бастап әдебиетке сатира келеді. Әуелі жанама жеңіл әзіл, кейін өткір мысқыл бой көрсетті"'.
Әдебиет қоғамдық қайшылықтар негізінде шынығып, дамылсыз ілгерілеп отьфады. Көркем сөз өнерінің басы — халықтың ауызекі әдебиеті. Тек содан ғана әдебиет нәрлі идея, сүлулық талғамын тауьщ өзінің ең бастапқы үшқан үясын табады. А. М. Горькийдің көркем сөз өнерінің төркіні халық творчествосы дейтіні де осыдан. Фольклор тек әдебиетті туғызып қана қоймай, оның ілгері даму жолында да ұзақ жылдар бойына демеу болады.
Фольклор мен жазба әдебиет — бір организмнің егіз мүшесі сияқты біріне-бірі жақын туыс, әдеби тілдің қалыптасуына екеуі бірдей үлес қосқан егіз қүбылыс.
VII—VIII ғасырлар ескерткіштеріндегі көркем сөз өрнектері әдебиеттің алғашқы дәуірінен хабар берсе, содан кейінгі X-ХІ ғасырлардағы шығармалар әдебиеттің толыса бастаған шағындағы мол деректерге душар етеді.
ХШ—XIV ғасырлар — монғол шапқьшшыларының зардапты дәуірі. Бұл кезде әдебиеттің дамуына қолайлы жағдай болмады. Әлеуметтік сипаттағы халықтық әдебиет тоқырап, тіршілік қызығынан түңілген сопылық поэзия өріс алады. Орта Азия әдебиетінің қайтабас көтеру кезеңі XV ғасырлардан басталады. Ақсақ Темір ұрпақтары билігі тұсында мәдени өрлеуге бет алған орта азиялық ұлыстар ішінен әдебиетпен айналысушылар, ғылымның көптеген саласымен жан-жақты шұғылданушы ғалымдар шығады. „Ақсақ Темірге қараған өлке мәдениетінің өрге басуына тікелей басшылық еткен,— деп жазады Е. Э. Бертельс,— мемлекеттің зор ардагер азаматы, көрнекті ойшылы, ақьшы — Әлішер Науаии болды". Науаии өзіне дейінгі Әбу Насыр әл-Фараби, Ибн Сина, Фердоуси, Низами, Рудаки сияқты әйгілі шығыс жұлдыздары бастамаларын жалғастырушы, олардың дана идеялары мен озық әдеби үлгілерін ілгері дамытушы, өзіндік жаңа өрнек жасаушы кемеңгер ақын, түркі тілді халықтар әдебиетінің келешегіне мықты әсер еткен өз заманының теңдесі жоқ шалқар шабыт иесі, мәдени өрлеудің белгілі бір дәуірінің асқар белі болған еді. Ол парсы әдебиетін, түркі ха лықтарының халық әдебиеті жетістіктерін жақсы игерді. Сүйтсе де ақын өз туындыларының көпшілігін парсы тілінде жазған болатын.
Қазақтың көркем сөз өнері тарихында соңғы жылдарға дейін жете мән берілмей, көбіне ескерусіз қалып жүрген өнерпаздардың мол тобы бар. Олар қазақ халқы тарихындағы ерекше орындарынан мәлім асқан дарын иелері. Кейде астарлы, кейде тура мағынасында мәнерлі сөз, терең ойлы толымды толғаныс туындыларын тізбектей білген жүйелі де жүйрік логиканың шеберлері — дарқан жандар. Қанатты да тұспал, келелі де кемеңгерлік куәгерлеріне тән асқақ та асыл сөз зергерлері, қатарынан озып шыққан зерделі де зерек, түбірлі сөздің түбін түсірер, дүбірлі дауға, бітімсіз жауға қарата тіл қатып мәмілеге жүгіндірер құдіретті күш иегерлері, қаһарлы сөздерімен қазақ батырларын қамал бұзуға бастаған, дуалы ауыздарынан шыққан сөздері қарсыласын өртеп жіберер от жалын шашқан жайсаңдар. Оларды халық қаһарлы хандардың қатал да өрескел әмірлеріне қарсы тұрарлық кемел ақыл иелері, адамгершіл адал жандар, әділет пен ар-намыстың ажырамас жақтаушысы, зорлықшылдардан қорлық көргендердің сүйеніші, қара қылды қақ жаратын туғансыз тура биліктің, тұрлаулы төреліктің, қазасыз қазылықтың, шытырман шындықтың қасқа жолын қасқиып тұрып батыл айта да, сол үпгін күресе де, қарсыласын сөзден жығып өзіне көндіре алатын да асқан ақыл иегерлері, сөйлер сөзге келгенде мүдірместен табан асты шиыршық атқан, шешен еш пәледен қысылмай шебер шешімін ұсынып, бітіспесті бітістіріп, келіспесті келістіріп, сөз қүдіретімен жүгіндірген алып адамдар тобы — шешеңдік өнердің шеберлері, асқан ақыл мен керемет көркемдікке бөленген шалқар шабыт иелері, атақ-даңқтары бар қазаққа мәлім — дуалы ауыз кемеңгер шешен билер тобы.
Біздің сөз өткелі отырған мәселемізге арқау болғалы отырған аталмыш алып шешендер шығармашылықтары. „Өнер алды — қызыл тіл"—деп білген қазақ халқы шешендікке де жыраулық өнер сияқты зор мән берген. Шешендер мен жыраулар қатар жарыса дамып, екі өнердің өкілдері ара жіктерін өте жақын ұстаған. Жыраулар шешендерше толғап, шешендер жырауларша термелеп, керек түста бірін екіншісі жоқтатпағанға ұқсайды. Бірақ аталмыш өнерпаздардың әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктері бар екі үдай сөзгерлер екендігіне күмән болмаса керек. Шешенді шешен,, жырауды жырау деп атайтынымыз да осыдан. Сөйтсе де жыраулардың кейде шешенсіп, әрі жырау, әрі шешен би аталып кетуі ғажап емес. Соңдай-ақ шешендер ұзақ термелеп, толғана сөз жүйелеуі, оларды жырауға қосуға мәжбүр етері тағы мәлім.
Тағы бір ескертеріміз, әдебиет тарихына қазақтың билерін түгел не түгелге жақын енгізіп, олардың кез келгені ділмәр, толымды сөз толғағандар деп ұшқары қорытыңды жасаудан аулақ екендігіміз. Біздіңше, жай билер емес, өрелі де өрнекті сөз зергерлері, аса шешен, ділмәр билер ғана екшеленіп, алынуға тиіс. Әсіресе, әрі шешен, әрі жырау боп танылғандарын, өздерінен кейін ұмытылмас терме, толғау, мәнді-сәнді көркем туындылар қалдырғандары ғана сурьшталса керекті
Аңыз-әңгіме ретінде жеткен шешендік сөздер біркелкі емес. Кейбірі белгілі шешеннің өз атынан айтылып, оның авторлығы сақталса, екінші бірінде халық аңызшылары атынан айтыльш, шешендер сол аңыздардың кейіпкері ретінде көрініс табады.
Қазақ халқы тарихы шешен билер есіміне бай. Әрбір тарихи дәуір дүниеге әкелген ел басқарған хандар мен қол бастаған батырлармен қатар қазақтың ақылгөй ақсақал абыз жыраулары және тілдің майын тамызған жүйрік шешен билері аталады
Енді біз соңғы жылдары жарық корген шешен билер туралы деректерге сүйеніп, солардың кейбірінің көркем сөз өнері тарихына қосқан улестерін белгілесек деймін. Шешеңдік пен шешен билер сөздерін жинап, зерттегендер ішінде Ә. Мәметова мен Б. Адамбаевтар бастамалары бір төбе екені әркімге мәлім. Соңғы жылдары аталмыш бастамалар өзінің жақсы жалғастарьш тауьш келеді. Бұл ретте Н. Төреқулов, С. Дәуітовтың тынымсыз ізденістерін атап көрсеткен орыңды. Ол би-шешендердің өмір жолын анықтауға, шежіресін тауып, сөздерін жазып алуға аянбай, күш жұмсады. Би-шешендердің үш том жинағын 1993 жылы, 100 шешен билері туралы зерттеуін і 995, 1996 жылы үлкен кітап етіп шығарды. Аталмыш жинақтар мен зерттеулер (бурынғыларға қарағанда) әлдеқайда кең. Онда тарихи деректер берілген және көптеген бұрын белгісіз толғау, тұспал сөздер енген. Салалы, салмақты шешендік өрнектерін кезіктіреміз. Осыдан, аталмыш кітапта кейбір шешен-билер өз сөздерімен танылған. Олар белгілі туындылардың авторы, толғанысты шешен сөздің шығарушысы болып көрінген. Аңыз-әңгімелердің кейіпкері емес, соны шығарушы, айтушы, асыл сөздің атасы. Сондықтан тарихымыздың белгілі бір кезеңінде өмір сүрген аталы сөздің зергері боп танылған көркем сөз өнерінің өкілін жеке алып, әркімге мәлім жыраулар поэзиясы дәрежелі туынды ретінде сөз қозғау мүмкіндігі туып тұр. Осы мақсатпен біз шешен-билерді толғау, термелерішң мәні мен көркемдік өрнегіне қарай сұрыптап, олардың шығармашылығын ар-найы сөз етуді орынды санаймыз.
Көптеген тарихи деректер қазақ билерінің тұп атасы Майқы би деп атайды. Халқымыздың аңыздарына сүйеніп айтылған бұл пікірді соңғы жылдары баспа көрген Қазыбек бектің „Тұп-тұқияннан өзіме шейін" (1993) кітабы анықтай түскен сияқты. Оның айтуынша қазақтың Мәнұлы Майқы биі ең ерте жасаған дана адам. Ол біздің жыл санауымызға дейінгі 178 жылы туып 89 жас жасап өмірін мағыналы өткізген инабатты би, яғни қазақтың шешен билерінің бабасы болыпты. Осы Қазыбек бек кітабындағы дерекке сүйенген Н. Төреқүлүлы өзінің кітабыңда аталмыш бидің (Қазыбек бек кітабында жарияланған) үзақ бір туындысын көпшілік қауымға ұсыныпты. Аталмыш Майқы биге танылған терме нақылдар көз қуантарлық көлемді дүние. Бұдан 21 ғасыр бүрын жасаған қазақ (үйсін) биінен осьшша сөздің жетуі әрі қуанарлық, әрі таңғаларлық оқиға десе болады
Шығармалары оған куә. Олай болса, күмән айтушыларға не айтпақпыз. Олардың пікірлері түп-түгел жаңсақ деуге болар ма екен? Осы пікір маңында сөз туйсек, ондай кудік ойлар айтуға жетелейтін не, қаңдай қисындар? Бұл жайлар сол күдік айтушылар пікірлеріңде біраз айтылған. Олардың бір бет жоққа шығару мақсатын қолдауға болмайды. Кейбіріне түсінік беруден тартынбау керек. Біздіңше, Қазыбек бектің қолжазбасы тозыйа жетіп, көп жері оқылмайтын болған ғой. Оған ешкім таласпас. Ал авторлық текстіні қалпына келтіру өте қиын жұмыс екенін және ол асықпай ұзақ та төзімді білімді ғалымның қажырлы еңбегін қажет ететінін маңызды жұмыс екенін ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |