Лекция-3
Тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті. VI-ІХ ғасырлардағы көне түркі әдебиет ескерткіштері. Орхон, Тоныкөк, Күлтегін, Білгеқаған туралы жырлар.
Жоспар:
Көне әдеби ескерткіштердің шығу тарихы.
Ежелгі әдебиет өкілдерінің еңбектері.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1997.
2.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-3том.- А., 2002.
Қазақстан жерінде алғашқы тайпалық мемлекет соңғы үйсіндер дәуірінде (ІІІ – VI ғасыр) құрылды.
Атақты ғалым Абел Ремюзенің пікірінше, үйсіндер Орхон жазуын пайдалана білген.Үйсіндерден кейінгі түрік қағанаты кезінде орхон жазулары олардың мемлекеттік жазуына айналды. Бұл жазумен түркі қағандары Иранға, Византияға, Қытайға елшілік хат жазып жіберген, өлген адамдардың басына қойған құлпытасқа жоқтау жырларын ойып жазып отырған.
Қазақстандағы жазудың тарихын бір кезде ғалымдар тек ислам дінінің тарауымен ғана байланыстыратын еді. Орхон жазуы ашылған соң кейінгі зерттеушілер бұл пікірді жеткіліксіз деп тапты. Ғалымдардың байқауынша, орхон жазуын түсіруге тас, түсті металл, былғары, ағаш, сүйек, жібек сияқты нәрселер қолданылған. Сөйтіп, біздің жазба мәдениетіміздің түп тамыры халқымыздың өз жерінде туды. Оның негізгі – ежелгі ұрыс тайпалары алғашқы тайпалық одақ құрылған кезде қаланған.
Жазудың пайда болуына сауда саттық қатынассының дамуына да тығыз байланысты еді. Сауда, айырбас, ақша белгілері мен товар бағалары да жазуға мұқтаждық туғызды. Ал ел аралық, хандықтар мен мемлекеттер аралық қарым – қатынас, дипломатиялық істер жазу мұқтаждығын одан әрі арттыра түсті. Тарихтан түркі қағандарының Византия мен Иран мемлекеттерімен VI ғасырда хат жазысып тұрғаны мәлім. Тегінде Орхон жазуының негізгі түрлері құлпытастарға ойылған жазба түрінде сақталған, әсіресе түркі қағандары Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк (VІІ-VІІІ ғасырлар) басына қойған құлпытастарға өте мәнерлі жазу қолданған. Бұларды тасқа жазылған кітап деуге де әбден, болады.
Орхон жазуының ең ескі үлгісінің бірі – Талас жазулары V-VII ғасырлардың мұрасы. Бұл жазулары көп зерттеген ғалым С.Е. Малов: Енисей жазулары қазіргі қазақ сөздерінің ертедегі төркіндерін білу үшін де көмек бере алды.
Қазіргі қазақ өлеңдерінде сақталған адамның әр жастағы ісін, қайратын жырлайтын өлең түрін күлтегіннің ерлігін сипаттайтын өлең жолдарынан да көреміз. Онда Күлтегіннің жеті жаста әкесі өліп, жетім қалған кезінен бастап, 47 жасқа жетіп өлген күніне дейін не істегені, әр жастағы жетістіктері сатыланып көрсетіледі.
Ескерткіш авторы түркі елінің өткен өмірінде оған дамылсыз шабуылдар жасалып тұрғанын, жортуылдарда сан сәтсіздікке – кезігіп, қиыншылыққа ұшыраған кездердің де болғанын жасырмайды.
О, қасиетті Өтукен қойнауының халқы
Біресе ілгері шаптың
Біресе кері шаптьң,
Барған жерде не пайда таптың.
Қаның судай ақты,
Сүйегің таудай (болып) жатты
Бек ұлдарың құл болды,
Пәк қыздарың күң болды.
Ескерткіш сөздерінен кенйін Күлтегіннің әмірі жүріп тұрған кезде оның мемлекетінің мығым болғаны, ол орнатқантәртіптің берік екені анықталған.
Түркі, оғыз бектері, халқы тындандар!
Биіктен тәңірі баспаса,
Төменде жер айналмаса,
Түркі халқы, ел жұртынды кім қорғайды.
Ескерткіш жазуында түркі қоғамының ерлік күрес дәстүрі үлгі етіледі, кейінгі жастарды ерлікке, бірлікке шақырады.
Күлтегін ескерткіші түркі елінің бір кездегі тарихын танытарлық құнды мұра болуына қоса, сол халықтың поэзиясынан да мол мәлімет беретін көркем туынды. Оны тасқа ойып жазған Иоллығ Тегін деген ғалымдар араларында болжау бар. Олай болса, Иоллығ Тегін – көне түркі әдебиетінің аты мәлім алғашқы авторы.
«Өлімнен ұят күшті» - мақалы «Тоныкөктің» ескерткішінде жүрсе, Күлтегіннің «Ақ азбаны», «Ақ қаракері», «менсіз ақ», «Алып шалшы ақ аты», оның келбетін суреттейтін (арыстан жүрек, ер алып) эпитеттері балама сөздер осы шығарманың тіл көркемдігінің куәсі сияқты. Оның үстіне бұл көріністерді қазақ жырларына жат нәрсе деп ешкім айта алмайды. Олай болса, аталған ескерткіштердің оқиғалары да, көркемдік тәсілддері де қазаққа тән құбылыстар және ол әдебиетіміздің ескі негіз болуға проволы И.В. Стеблева 1976 ж «Советская тюркология» журналында жариялаған өзінің бір мақаласында және түркі әдебиетінің эстетикалық мәнін зерттеудің мақсат – мазмұнын атап көрсетеді. Ол көне түркі әлемнің мәдени-тарихи факторларының бірден бір деректі курсы осы ескерткіштер екенін айтады. Шынында да ескі түркі жазба ескерткіштері (Күлтегіннің кіші және үлкен жазбалары және Тоныкөк ескерткіші) VІ-VІІІ ғасырдың дәуірлеген Түркі қағанатының мәдени өміріне тікелей байланысты тарихи, әдеби маңызы зор шығарма.
Күлтегін мен Тоныкөк құлпытастары –VІІІ ғасырдың орта шендеріне жататын ескерткіш. Одан сол заманда өмір сүрген түркі ұлыстарының дүниетаным түсініктерін, қоғамдық, әлеуметтік нормаларын тануға болады.
Ескертіштерге тән ерекшеліктер деп мынадай ортақ жайларды айтар едік. Ең алдымен, түркі ұлыстары өмірінің әр түрлі кезеңдері ұқсас сиптталады. Олар: ата жолына берік болу бабалары жасаған ерлік жорықтарды мақтан ету, әрбіркелесі жорыққа сәт сапар тілеу. Екіншіден, қолбасы батырлар немесе ел билеген қағандар тұлғасын жасауда ұқсас тәсілдер қолданылады. Олардың дүниеге келгеннен бастап қаған немесе қолбасы болғанға дейінгі өмірі тәңірі тарапынан қолдау тауып отырады. Жауға қарсы соғыстарда ерекше ерлігімен, ақылымен көзге түседі. Күлтегін ескерткішіндегі оқиғаның басталуы, өрістертеуі аяқталуы мен Тоныкөк ескерткішіндегі оқиға желісі де ұқсас келеді.
Оқиғаның бастан аяқ баяндаудан бас тарту, болған құбылыстарды тәптіштеп айтудан гөрі, оған өз пікірлерін білдіріп отыру – ескерткіштің негізгі тәсілі. Суреттеу, баяндау тәсілдерінде де дәстүрлі түр, әдіс – амалдары бар. Мысалы, әрбір қағанның ата тегін, өмір жолын, жорықтарын суреттеуде тұрақты, дәстүрлі тәсілдер қолданылады. Білге қағанды бейнелегенде әуелі оның аталары кім болғанын баяндайды. Бумын қаған, истемис қағандар аты аталады. Бұлардың бәрі елге сүйкімді, билікті, білікті басшылар. Бұлардың тұсында түрік қағанаты біртұтас күшті мемлекет боп, әлемге әйгілі әскери қолы бар, гүлданген ел боп саналған. Кейінгі қағандар да ата дәстүрін берік ұстап, жеңімпаз, ақылгөй, түркі ұлыстарының қамын жеген көсемдер болып көрінеді.
Ескерткіште түркілердің жорық жолдары да көрсетіледі. Түркілер жорықтарының алғы бағыттары – шығыс, арты-батыс, оң жағы –түстік, сол жағы – солтүстік. Күлтегіннің кіші жазуында түркі қағанына дүниенің төрт бұрышы түгел бағынышты делінеді. Олар ұрандағанда, алға – десе, күннің шыққан жеріне дейін – табғаштарға қарай, оңға – десе түн ортасына дейін оғыздарға қарай, кейін десе, күннің бастысына дейін –күрдтарға қарайтын жерлерді айтқан.
Ескерткіштерден қазіргі түркі тілдері нормасына енген ұғымдар мен жеке сөздерді, эпитет ретіндегі баламаларды көруге болады. Күлтегін жазбасында: жоғарыда – көк аспан, төменде – боз жер деген ұғым бар. «Жоғарыдан көк аспан баспаса, төменде боз жер жарылмаса. Басы барлар басын исін, тізесі бүксін». «Түрік ұлысы үшін түн ұйқы көрмедім, күндіз тыным таппадым», «Азды көп еттім, жақты бар еттім», «Аш – арықтарды тойындырдым, артық өгізді семірттім, жіңішкені жуан еттім, жаяуды аттылы, тасты жерді шөп еттім»... т.б.
Күлтегін ескерткіші –VIII ғасыр туындысы.
Бұл ескерткіштер алғаш рет қазақ жұртшылығына 1960 жылдарың екінші жартысында аударылып таныстырылды. Ғалымдар Ғ. Айдаров, М. Томанов, А. Аманжолов, Ә. Құрышжанов VІ-VІІІ ғасырлардағы тас жазулары жайында зерттеулар оқу құралдарын жазды. М. Жолдасбеков Күлтегін мен Төныкөк есімдеріне байланысты тас жазбаларының аудармасын жасады және зерттеулер жазды.
Орхон – Енисей – Талас тас жазулары арқылы бізге жеткен түркі жазуынан кейін Орта Азияда арамай жазуы негізіндері тағы біржаңа жазу пайда болды.
Дүние тарихында «Түрік сахарасы», «Түлкі елі», «Тұран» деген атаумен белгілі байтақ даланың тыныс – тіршілігі, бай тарихи, мол рухани әлімсақтан әйгілі. Бұл өлкенің жер аумағы жөніндегі тарихи құжаттың бір бөлігі, әрі ғылыми дәйектеме – түрік нәсілінен шыққан тұңғыш тілтанушы ғалым, ғұлама Махмұт Қашқаридың дөңгелек картасы. Ол әлемді қағаз бетінде монографиялық тәртіппен сызып – хаттан түсірген түрік дүниесіндегі тұңғыш әлемдік карта. Тұран елі жайында сол дөңгелек картада жер жағдайы толымды сызылған, «Диуани лұғат – ит түрік» атты атақты еңбегінде келісті сипатталған.
Ежелгі түрік мәдени – тарихи ескерткіштері, жазбалары мен көркем шығармалары өзіне дейінгі ұзақ тарихтың өркениетті сипаттарын жалғастырып, ғасырлар бойы қолданған тұтас мәдениеттің бір кезеңін танытады. Тарих пен әдебиет кіндігі бір бола тұра екеуінің атқаратын міндеті мен жаратылыс тілі екі басқа екендігі де анық көрінер еді. Әдебиет, әдеби мұралар сол заманның ішкі заңдылықтарын барынша толымды, барынша айқын әкелетін құдіретімен ерекше. Мысалы, сол сына жазуларындағы, сол көне дәуір беттері мен сөздіктеріндегі эстетикалық – танымдық көзқарас табиғаты, мақал – мәтелдерден бастап жыр, дастандарға дейінгі әдеби – эстетикалық үрдіс, көркемдік дүниетаным әлемі біртуар мәдени мәуесі болумен қатар, болашақ рухани даму өрісінің құнарлы топырағы болды. Мәдениет, әдебиет тарихын дәуірлеу, кезеңдерге бөлу ғылыми – зерттеу ісіндегі қажетті шарттылық. Қалай десек те мәдениет, әдебиет тарихы адамзат тарихымен өріліп қатар өрбитін сабақтас үздіксіз үрдіс. Ал, белгілі бір кезең сипаттарына қарай дәуірлерге бөлу тарихы зерделеу қызметінің талабы. Профессор Б.Кенжебаев қазақ халқының әдебиет тарихын мынадай бес кезеңге бөліп қарастырғаны белгілі.
Ежелгі әдебиет, бұл дәуірVI-XV ғасырлар аралығын қамтыды.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет(XV-XIX ғасырлар арасындағы әдебиет);
Қазақтың XIX ғасырдағы жаңа, реалистік әдебиет;
Қазақтың XX ғасыр басындағы әдебиет;
Қазақ халқының ұлы октябрь социалистік революциясынан кейінгі кеңестік әдебиет.
Орхон – Енисей жазбалары, былайша айтқанда V-VIII ғасыр аралығындағы жазба ескерткіштердің рухы, көркемдік-танымдық жаратылысы арнайы өзгеше бір буын ретінде тоқталуды қажет етеді.Солай қаралып та жүр. Ал, әл-Фарабидің ұлы мұралары бары саналатын Х-ХІІ ғасыр аралығын түрік мәдениетіндегі өзінше бір жаңғыру, өрлеу дәуірі ретінде, дүниежүзілік ғылыми үрдіске тегерурінді ағын болып қосылып, жаңа тыныс әкелген кезең ретінде қаралуға тиіс.
4-дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |