Лекция мазмұны: Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі. Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стрессменеджмент). Стресс түсінігі. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері. Стресске тұрақтылық түсінігі. Ерік туралы жалпы ұғым.
Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы – ерік болып табылады. Ерік адам психикасының оқшауланған қасиеті емес. Сондықтан ол психиканың басқа жақтарымен және ең алдымен таныммен байланысты қарастырылады. Еріктің мазмұны ойлау, қиялдау үстінде пайдаланатын елестер мен ұғымдар. Мінез-құлықтың еріктік реттелуі - мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін ақыл-ой және дене күшін саналы түрде бағыттау. Адамның іс-әрекет-қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде жүйке жүйсенің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталанлыру және реттеу қызметтерін де атқарады. Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әрекеті ырықсьп орындалады. Психологияның табиғи - ғылыми негіздерін қалаған И.М. Сеченев пен И.П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндірген. Павлов ерікті әрекеттердің механизмін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық деп анықтаған. Материалистік тұрғыдан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы себепті байланыстылыққа, детермннизм принципке бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығуы да - ерік бостандығының бір көрінісі.
Еріктік амал кезеңдері мен ерік сапаларын қалыптастыру. Ерікті әрекеттермен амалдар мәнісі мел құрылымы жағынанөте күрделі процесс. Немесе ерікті амал - бұл мазмұны тұрғысынан өте курделі психологиялық әрекет. Бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады.Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтардан көрініп отырады. Бірақ жүру, көбейту кестесі келеміндегі ауызша есеп, ЖАҚЫН, туыс адамдармен сөйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Бұл әрекеттер мақсатты, бірақ олардағы ерікті талап ететін сәттер елеусіз.Еріктік әрекеттер мақсаттың және сол сияқты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен, оларды орылдау кезінде бастан кешетін толғаныстардың болуымен сипатгалады.
Еріктің амал кезеңдері 1-суретте көрсетілген.
Еріктік амал кезеңдері: Мақсатты аңғару. Қандайда қажеттілік өз түсінік деңгейіне орай құмарлық немесе тілек сипатын алады. Туа бастаған қажеттілік адам саласына күңгірт, булыңғыр құштарлық түрінде бейнелейді. Оның күңгірт болатындығы оған қажеттілік әлі аз, оның сигналдары мида айқын бейнеленбейді. Қажеттіліктің арта тусуіне қарай құштарлық тілекке айналады. Еріктік амалдың бастамасы - тілек деп атайды. Бір нәрсені тілеу дегеніміз - не мазалайтынвң, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға болатының білдіру (жазу, біреулерге немесе өзіне айту арқылы). Тілек дегеніміз мұрат түрінде өмір сүретін (адам миында) қажеттілік мазмұны. Тілек әрекетке мотив (іс-әрекетке итермелейтін түрткі) болуы мүмкін. Тілеу - бұл алдымен әрекетке келтіруші себепті түсіру кезеңі. Әрқандай қылықтың түрткісіне, кейін мақсатына айиалудан бұрын тілек сараптталып, бағаланады; Тілек іс әрекет түрткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған қажеттіліктің айқындығымен ерекшеленеді. Әр қилы қажеттіктер маңызының өзгеріске келуінен адамда түрткілер күресі басталалы. Бұл талас -тартыстың мәні; әлі бастамаған әр түрлі әрекеттердің оң не теріс тараптарын, қай жағдайда қандай әрекетке кірісу қажетгілігін таңдауға бағытталған адамның талқылау ісінің жүруі.
Түрткілер таласы жағдайына адам үлкен толғанысқа келіп, өз санасы мен сезімінің, қарабасы мен қоғам мүдделері арасынлағы қарама - қарсылықтарды жеңе алмай, өз «қалауы» менсырттан қойылған міндет «талауына» түседі. Түрткілер тартысының қорытынды сатысы шешім қабылдау; шешім қабылдау дегеніміз - бір тілекті екінші тілектен ажырату сөйтіп, мақсаттың идеалды бейнесін жасау.