Лекция тақырыбы: З.Серікқалиев – әдебиет сыншысы.
Лекция мақсаты: Қазақ әдебиеті сынының тарихында еңбектері биік эстетикалық талғамымен, философиялық ой – тұжырымдарымен өз тұсындағы әдебиеттің көркемдік жүйесіне әсер еткен автор еңбектерінің, ізденімпаздық лабораториясының қыр – сырымен таныстыру.
Көрнекті сыншы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Зейнолла Серікқалиұлы 1938 жылы 10 ақпанда Атырау облысы Құрманғазы ауданының Нұржан ауылында дүниеге келген. Орта мектептен соң, жоғары оқу орнына түскен. 1960 жылы қазақтың Әл – Фараби атындағы мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
З.Серікқалиұлы өзінің еңбек жолын 1959 жылы студент кезінде «Пионер» журналынан бастаған. Ол сонан соң 1960- 65 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болған.
1965 – 1968 Абай атындағы университеттің аспирантурасында оқып, академик Қ.Жұмалиевтің жетекшілігімен «Қазіргі қазақ тарихи романының кейбір мәселелері» деген тақырыпта диссертация қорғаған, филология ғылымының дәрежесін алған.
1968 – 1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы мен сын секциясының меңгерушісі; 1970 -1975 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің әдебиет пен өнер, ғылым бөлімінің меңгерушісі; 1975- 1979 жылдары «Қазақстан» баспасының бас редакторы; 1980 – 1987 жылдары М.Әуезов атындағы Әедбиет пен өнер институтының аға ғылыми қызметкері; 1987 – 1991 жылдары Қазақстан Республикасының Баспа, полиграфия жәнет кітап саудасы мемлекеттік комитетінің бас редакторы, 1991 – 1997 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Редакциялық баспа бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
З.Серікқалиұлының әдеби – көркем сын, ғылыми зерттеу еңбектері оқырман қауымға 1960 жылдардан таныс. Оның «Ойлар, толғаныстар» /1967/, «Жылдар сазы» /1971/, «Ақыл таразысы» /1976/, «Ақ жол» /1990/, «Дүниетану даналығы» /1994/, «Тағдыр және біз» /1996/, атты сыни кітаптары қазіргі қазақ көркем сынының 1960 – 1998жылдары аралығындағы шынайы барометрі.
1997 жылғы «Сын кітабы» атты Таңдамалысы көрнекті сыншы З.Серікқалиұлының сыншылық жолы мен еңбегінің айтулы белесі, ақиқат айнасы болып табылады.
1994 жылы оған «Дүниетану даналығы» атты кітабы үшін Қзақстан Жазушылар Одағының халықаралық «Алаш» сыйлығы берілген.
Сыншының бірталай кітаптары оқулық ретінде жоғарғы оқу орнының студенттреіне кеңінен таныс. Ол редакциясын басқарған және аудармашы ретінде «Өнердің шағын таритхы» атты көптомдық әдеби – мәдени өміріміздегі айтулы оқиға болып табылады.
Көрнекті сыншының әр жылдардағы мақалалары орыс, неміс, түрік және басқа да тілдерге аударылған.
Ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің жиырма томдық шығармалар жинағын шығарудағы және әдебиетіміздегі зор еңбектері үшін 1997 жылы көрнекті сыншы Зейнолла Серікқалиұлына қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Құрметті азаматы атағы берілген.
Қазақ әдебиетін дамытудағы айырықша зор еңбегі мен қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін З.Серікқалиұлы 1988 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, 1991 жылы «Еңбек ардагері» медалімен наградталған.
З.Серікқалиұлы көп жылдардан бері республикалық Мемлекеттік сыйлықтар комитетінің мүшесі, Жазушылар Одақтарының Халықаралық қауымдастығы Тексеру коммиссиясының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы сын кеңесінің Төрағасы, басқарма мүшесі.
Достарыңызбен бөлісу: |