Сұрақтар: Поэманың қандай түрлерін білесіз?
Қандай поэма жазатын авторларды танисыз, шығармашылығын талдаңыз?
Негізгі әдебиет: Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9т. 10т. А. ҚазАқпарат, 2005.
Қосымша әдебиет: З.Серікқалиев. Сын кітабы. А.Жазушы,1997.
М.Базарбаев. Замана тудырған әдебиет. А. Ғылым, 1997.
Әдебиеттану терминдер сөздігі. А. Ана тілі,1998.
Р.Нұрғалиев. Әдебиет теориясы. Астана. Фолиант, 2003.
Лекция тақырыбы: Қазіргі қазақ сыны.
Лекция мақсаты: Сын жанрының әдебиеттегі жетекші рөлі, маңызы, сыншылар еңбегі, кезеңдік проблемалардың саяси сипатын, әлеуметтік мәнін түсіндіру.
Бұл уақыт мәнді де қомақты еңбектер беруге , әдебиеттің көп томдық тарихын жазуға , жоғары оқу орынын оқулықтармен қамтамасыз етуге, әдеби процестің жәй- күйін баяндау т.б. жұмсалды. «Қазақ әдебиетінің тарихы» 3 т. 6 кітап /1961 –1967ж.ж./ жазылып шықты.Күрделі проблемаларды шешу жолындағы 1940 –1950 –1960 жылдардағы жарияланған ғылыми зерттеу еңбектердің ролі.Белгілі сыншылар М.Қаратаев, Е.Ысмайылов,Б: Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Т.Нұртазин, Б.Шалабаевтар мен қатар Т.Әлімқұлов, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, А.Нұрқатов,З.Қабдолов, М.Дүйсеновтер кітаптарын жариялады. Сонымен бірге теориялық еңбектер жазылып, методологиялық зерттеулер жүргізіле бастады. Поэзияның дамуы мен көркемдік сырлары, форма мен мазмұн бірлігі,қазақ өлеңінің құрылысы т. б. мәселелер арнайы түрде қарала бастады. Соғыстан кейінгі 50 ж.2ж. –60 жылдары біршама сүбелі істер атқарылды.1970 – інші жылдардағы әдебиет сыны. 60 ж.2 ж. 1970 жылдардың бас кезінде әдебиеттануға қосылған жас сыншылар Р.Нұрғалиев, З.Серікқалиев, Ш.Елеукенов еңбектері бел ала бастауы, олардың айшықты шығармашылық тұлғасы. Әдебиетіміздің дарынды өкілдері туралы сын – очерктер мен монографиялық зерттеулер жалғасын тапты. Қазақтың көне әдебиет проблемасы. Өзге әдеиеттермен шығармашылық байланыс. Қазақ әдебиеттану мен сынының жаңа мамандармен толысуы. С.Әшімбаев, Б.Майтанов, С.Негимов, Ш.Ыбырайов, Б.Сарбалаев, А.Егеубаев,М.Серғалиев, Ж.Дәдебаев т.б. әдеби процесске келіп қана қоймай , оның көркемдік шеберліктерін дамыту, эстетикалық талғамдарын өсіру т.б мақсатта үлкен үлес қосуы. Ұлттық әдебиетіміздің одақтық және дүниежүзілік дамуға ілесуі. Әдебиетімізде сыншы –ғалым тұлғасының қалыптасуы. Әдебиетіміздегі басты нысана мораль , адамгершілік проблемалары. . Совет құрылысшысы образы, қарапайым адамдардан» совет адамы» образын, идеал жасау, жасампаздық, таланттарға тұсау болған кейбір саяси шектеулер, жеке басқа табынушылық т.б. проблемалар зардабы.
Достарыңызбен бөлісу: |