Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі


Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі



бет22/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингорманизм деп аталады да, дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде сингармонизм де ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады.Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.1. Ілгерінді ықпал – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі,игеруі.2.Кейінді ықпал-алдыңғы ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етіп, игеруі.Мысалы,тарағы (тарақы) т.б.Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерілі-кейінді әсері.Мысалы,қаңғызыл(қан қызыл)т.б. Диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, сызба–кестелер
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, проблемалық, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Күрделі деңгей:
1. Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуін тұжырымдап,ғылыми талдау жасаңыз.
2. Дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өзара үндесуін талдап түсіндіріңіз.
Орта деңгей:
3. Сингармонизм заңы туралы түсінігіңізді талдап айтыңыз..
4. Ерін үндестігі жайлы көзқарастарды айтып беріңіз.
Жеңіл деңгей:
5. Тіл үндестігі туралы түсінігіңізді баяндаңыз.
6. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды түсіндіріңіз.
БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:
1 Қазіргі қазақ аты-жөнінің айтылуы мен жазылуындағы заңсыздықтар .
2 Х. Досмұхамедұлының тіл үндестігі жайлы көзқарастары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет