Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі


ІІІ. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлінеді: 1



бет2/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

ІІІ. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлінеді:
1. ерін (лабиаль) дауыссыздары: п, б, в, ф, м, у:
а) ерін-еріндік (билабиаль): п, б, м, у;
ә) еріндік-тіс (лабиоденталь): в, ф.


2. тіл (лингваль) дауыссыздары: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, к, г, қ, ғ, х, ң, л, р, й:
а) тіл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р; (тіс (денталь) дауыссыздары: т, д, с, з, н, л; тіл ұшы (альвеоляр дауыссыздар: ч, ш, р, ж);
ә) тіл ортасы дауыссыздары: й;
б) тіл арты дауыссыздары: к, г, х, қ, ғ, ң.


3. көмей (фарингаль) дауыссызы: һ

Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:


1. мұрын жолды (назал) дауыссыздар: м, н, ң
2. ауыз жолды (сонор): б, д, .............................................................................


Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
Үнсіздер


Б, п фонемалары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге нық тиіп, тез ажырап кетуінен жасалады. Бұлардың бір-бірінен басты айырмашылығы дауыс алғашқысына аздап қатысады да, екіншісіне қатыспайды. Бұлардың тілде қолданылуында да кейбір еркешілктер бар, атап айтқанда, б фонемасы сөздің басында, ортасында актив қолданылады да, сөз соңында кездеспейді. Соңғы позицияда б жазылғанмен (араб, гардероб, куб, клуб, ромб) оның айтылуы п болдаы. Сондықтан да бұл сөздерге жалғанатын қосымша қатаңнан (арабқа, гардеробқа, клубқа) басталады. Ал п фонемасы сөздің барлық позициясында ұшырай береді. Тіліміздегі п-даан басталатын сөздердің дені кірме болып келеді.
Сөз басында б мен п айтуда, тіпті жазуда да кейде жарысып жүреді: байым-пайым, балуан-палуан, барабар-парапар, батсайы-патсайы, бәле-пәле, пәтуа-бәтуа.
Бас оқулықтың авторы І.Кеңесбаевтың айтуынша, дауыстылар аралығында келген б дыбысы: а) б мен в-ның аралығынан айтылады; ә) ауызекі тілде сол дыбысқа таяу айтылады;б) в-ға әнтек бейім айтылады.
Бұл пікір өз қолдаушылары мен дамытушыларын тапты. М.Дүйсебаева: «»қазақ тіліндегі қос ерінді б дыбысы екі дауысты дыбыс арасында, сонор мен дауысты дыбыс арасында, ұяң з дыбысы мен дауысты дыбыс арасында в дыбысына жуық айтылады. Мысалы: Бурабав-Буравай, әрвір, Ақтөве, қавақ, жазва, әдеви т.б. »
Латын графикасына негізделген қазақ әліппесіне 1938 жылдың басында тыңнан х, ф, в таңбалары енгізілді. Бұған, әрине, «топан суындай қаптап басып бара жатқан» орыс сөздері түрткі болды.
1941 жылы М.Балақаевтың үлкендер мектебіне арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» өңделіп 3-рет басылды. Қаулымен енген үш әріп дауыссыздар қатарынан орын алды.
Т.Қордабаев «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары» (1987) деп аталатын еңбегінде аталған әріптердің қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сыналып ену жолын қадағалайды. Ол 1944 жылы педучилищеге арналған «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығының авторы М.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиевтің «қазақа сөздерінде қолданылмайтын ф, в, х дыбыстрын қазақ фонемалары тобына қосуларына қосылуға болмайды», - десе, «Аталған оқулығыныңі түзетіліп, тек өз атымен ғана 1953 жылы шыққан басылымында Н.Сауранбаев в, ф, х, һ дыбыстарын қазақ фонемалары қатарынан шығарып» тастағанын айтады.
Сондай-ақ Т.Қордабаев 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінде» фонетиканың баяндалуына тоқталады: «Бұл арада күмәнді нәрсе – қазақ тілі үшін фонема бола алмайтын в, ф, х, ч дыбыстарын қазақ тілінде бар дыбыстар деуі», деп, құптамайтынын тағы да ескертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет