Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі


БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері



бет6/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:

1. Тоң дыбыстар және олардың қолданылуындағы ерекшеліктері


2 Орыс тілінен енген дауыссыз дыбыстар,олардың ерекшеліктері


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:


Негізгі әдебиеттер:
1. А.А.Молдашова Қазақ тілінің фонетикасы. Оқу құралы. Түркістан, 2018ж.
2. Ә. Жүнісбек Қазақ тіл білімінің мәселелері. Қазақ фонетикасы. Оқулық Алматы, 2018ж.
3. Ш.Құрманбайұлы, С.Исқақов, Б.Мизамхан т.б. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі.2019ж. 


Қосымша:


WEB САЙТТАР:

1. https://elib.kz/


8 Лекцияның тақырыбы: Дыбыстар тіркесі


Лекцияның оқыту нәтижелері:1.Дауыстылар тіркесін түсінеді;2. Дауыссыздар тіркесін меңгереді;3.Сөз соңындағы қос дауыссыздарды қолданады;4. Қайталама тіркестер және үш дыбысты тіркестерді түсінеді.


Лекцияның мазмұны:

Дыбыстар тіркесі-дыбыстардың бірімен-бірінің қатар тұру мүмкіндігі, тарихи қалыптасқан орны. Бұл-халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетілген, жүйеленген сөйлеу өнерінің жемісі, нәтижесі.


Қазақ тіліндегі негізгі үндестік заңдар, айналып келгенде, дыбыстар тіркесінің нәтижесі болып шығады.
Бұл заң бойынша:
1.Бір сөз деңгейіне тек жуан дауыстылар немесе жіңішке дауыстылар ғана қатар тұра алады.
2. Сөз (түбір) ішінде, сөз бен қосымша, сондай-ақ сөз бен сөздің аралығында қатаң дауыссыздардан соң тек қатаңдар ғана тұра алады.
3. Ұяңдардан соң тек ұяң дауыссыздар тұрады.
4. Үнділерден соң ұяңдар немесе үнділер келеді.

1. Сөз ішінде дауыстылардың тіркесе алмауы түркі тілдерінде, әсіресе қазақ тіліне тән ерекшелік болыптанылады. Дыбыстау мүшелерінің үнемді қызметіне, үндестікке негізделген қазақ тілінде артық буын не дыбыстарға орын жоқ. Бір бунаққа еніп, бір ырғақ, екпінмен айтылатын сөз бен сөздің арасында да осындай заңдылық кездеседі. Мысалы: ала ат, қара ала, қолы ұзын, аяғы ауырды; айтылуда-алат, қарала, қолыұзын, аяғауұрдү болады. Мұндай жағдайда алдыңғы сөздің соңындағы дауыссыз дыбыс жылысып, келесі сөздің құрамына енеді.


Қысқасы, қазақ тілінде дауыстылар араларында дауыссыздар алмай, өзара тікелей тіркесе алмайтыны анық.
2. Дауыссыздардың тіркесу мүмкіндігі:
1. Қатаңдардан соң қатаңдар тұрады: тарақ-қа.
2. Үнділерден соң негізінен ұяңдар, үнділер ғана тұра алады.
3. Ұяңдардан соң ұяңдар ғана тұрады.
Қазіргі жазу, айту практикамызда бұлардан басқа да тіркесулер ұшырайды.
3.Сөз соңында қос дауыссыздың қатар келуі негізінен еліктеу, одағай сөздерге тән. Ара-тұра өзге сөз таптарына тән сөздер де кездеседі. Сөз (буын) қос дауыссыздарға аяқталғанда оның алдыңғысы үнді,соңғысы қатаң болуы тиіс.
Сөз соңындағы үнді-қатаң тіркесі мынадай болып келеді:
рқ: барқ, жарқ-жұрқ, сарқ-сұрқ, шұрқ, шарқ;
рк: дүрк, күрк, зірк,ірк.
рп: барп, борп, арп, тарп, тырп, қорп;
рс: арс, гүрс, қорс, дүрс, мырс, тырс, тырс, ырс.
рт: борс, бырт, күрт, қырт, морт, сарт-сатр;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет