Т, д фонемаларын айтқанда тілдің ұшы үстіңгі күрек тіске жабысып, ауа жолын бөгейді де, тез ажырайды. Екеуі де тіл алды, т – қатаң, д – ұяң.
Т сөздің барлық шенінде айтыла да, жазыла да береді. Д фонемасы сөздің басында, арасында қолданылады.
Жазуда сөздің соңында кездескенімен (аккорд, анод, велосипед, завод, рекорд), айтуда т болдаы да, қосымша қатаңнан басталады. Сөз басында т мен д жарысып қолданыла береді: дерте - терте, диірмен – тиірмен, дозақ – тозақ.
Т - өзге дыбыстардың ықпалынан алмасуға ұшырамайды. Д олай емес. Бунаққа енген сөздің алдыңғысы с, т, ш қатаңдарына аяқталып, келесі сөз д ұяңынан басталса, онда д қатаңданып, т-ға жуықтап айтылады. Оған көз жеткізу үшін доп, дос, дәптер, дөңгелек сөздерін үш, төрт, бес сан есімдерімен айтып көру жеткілікті.
С, з фонемаларын айқан кезде тілдің ұшы төменгі тіске тіреліп, ортасы аздап ой түседі. Ауа осы тесік арқылы өтіп, үстіңгі күрек тісетрдің арасынан сүзіліп шығады. Бұл екеуі де сөздің барлық позициясында айтылады. Әрине, с әлдеқайда белсенді. С-ның бір ерекшелігі сөз соңындағы дауыссызды жатырқамайды. Ұяң з орыс тілінде сөз соңында жазылғанмен, с болып айтылуы орфоэпиялық норма болып есептеледі. Қазақ тілінде орыс тілі арқылы енген сөздердің соңындағы з айтылып: газ, гипноз, карниз, катализ, заказ, колхоз, майонез, қосымша ұяңнан басталады: газ-ға, газды, совхозда.
Сөз ішінде сөзімен іргелес ш, ж дыбыстарының әсерінен ш болып (асшы-ашшы, шешсе-шешше), ал з өзінен кеейінгі с, ш, жфонемаларының әсерінен с, ш, ж болып (жазса-жасса) айтылады.
Ш, ж фонемаларын айтқанда тілдің ұшы аздап көтеріледі де, екі бүйірі жоғарғы тістерге тіреліп тілдің үстіңгі жағы екі жерден таңдайға жуықтайды. Сондықтан болар қос фокусты дауыссыздар делінеді. Өзімен қатар келген қатаң с-ны өзіне ұқсатуына негізгі себеп осы. М: ашша (ашса). Ш бір-ақ сөзде ұяңданады: ренжі (реніш-і).