Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет18/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

Лекция мазмұны:
Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып ыңғайласып, үйлесіп келуін тіл үндестігі дейді. Түркі тілдерінде, әсіресе қазақ тілінде сингармонизм заңы алдымен тіл үндестігі түрінде танылып келеді, яғни тіл үндестігі сингармонизмге синоним болып та қолданылады. Өйткені бұл заң тіліміздегі байырғы сөздерді түгел қамтиды, ал ерін үндестігі жазудың негізінде елеусіз қалып келеді.
Тіл үндестігінің өзін екіге бөліп қарау керек болады: түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшалардың ара қатысы тұрғысынан.
Қазіргі қазақ тілінде түбір сөздер буын құрамына қарай көбіне бір буынды (бас, көз, қол, ақ, көк, ал, кел, жаз, күз), екі буынды (ауыз, құлақ, адам, жылқы, қара), үш буынды (көбелек, мұғалім, мемлекет, мақала), қала берді төрт-бес буынды (университет, институт, ассимиляция) болады. Көп буынды түбірлер негізінен кірме сөздер: мемлекет, университет, институт.
Тіліміздегі байырғы сөздер (түбірлер) бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке буынды болып келеді. Бұл бұлжымайтын заң-сингармонизм.
Сингармонизмді алғаш қазақ тілінде жан-жақты баяндаған Досмұхамедұлы Халел. Ол: ″Қазақ тілінің өзіне меншікті түпкі сөзінің қайсысын алсаңыз да, түбір сөз болсын, сөздердің ішіндегі көп өзгерістерден қай қалағаныңызды алсаң да, бәрінің сингармонизм заңымен жүріп, осы заңды қолданып, бұл заңның титтей шетке кетпейтінін көресің. Қазақ тілінде сингармонизм заңына көнбейтін сөз, сөз өзгерісі жоқ,″-дейді.
Ертеректе енген араб-парсы сөздерін айтпағанда, орыс тілінен неген сөздердің өзі де аралас буын қалпынан ажырап, бірыңғай (жуан не жіңішке) буын болып қалыптасты: бәтеңке, (ботинка), берене (бревно), кәмпит (конфет), номір (номер), резеңке (резинка), сәтен (сатин).
Түбір мен қосымшалардың арақатынасы тұрғысынан қазіргі қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдің соңғы буынына толық тәуелді болады. Яғни сингармонизм (грек. Зші-бірге және һаппопіа-байланыс, үндесу)-түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келеді.
Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі-қазақ (түрік) сөзінің он бойында біркелкі тембрдің сақталуында. Бұлай болмағанда сөз құлаққа аса жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады.
Үндіевропа тілдеріндегі фонеманың конститутивтік қызметін түркі тілдерінде сингармонизм атқарады.
Бір ғана дыбыс түрінде түсінетін т: ат, ет, от, өт сөздерінде т, т1, то
Болып төрт түрлі (езулік-жуан, езулік-жіңішке, еріндік-жуан, еріндік-жіңішке) реңге ие болады. Олардың әрқайсысы құрамындағы дауыстылармен жымдасып, тембр жағынан орайласып, сөзді сөз етіп тұр. Олардың бірінің орнына бірін қолдану сөзге үлкен нұсқан келтіреді. Дыбыстардың үйлесімі сол сөздің өзіндік тембрін айқындайды.
Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымшаның немесе сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үйлесіп, айтылу жағынан біріне-бірі ықпал етіп жақындап отырады.
Сөз ішіндегі, сөз бен қосымша және сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бірімен-бірі ұқсауын үндестік заңы (сингармонизм) дейміз. Қазақ тілінде үндестік заңы екі түрлі:
1) буын үндестігі (дауысты дыбыстардың үндестігі);
2) дыбыс үндестігі (ассими­ляция, дауыссыз дыбыстардың үңдестігі).
Үндестік заңы (сингармо­низм) дауысты дыбыстардың үндесуі және сөздегі сөз бен қосымшалардағы дауыссыз дыбыстардың біріне-бірін ұқсата әсер етуін айтады.
Қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді, ал буындар мен сөздердің жуан не жіңішке болуы сөз құрамындағы дауысты дыбыстарға байланысты. Мысалы: қа-рақ-шы-лар-ды, тер-геу-ші-лер-мен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет