Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет20/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, сызба–кестелер
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, проблемалық, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Күрделі деңгей:
1.А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедұлының сингармониялық концепцияларынан ғылыми ұғымдар қабылдағанына ғылыми түсініктеме беріңіз.
2.Акустикалық және артикуляциялық ықпал туралы өз сөзіңізбен талдап, мысалдармен айтып беріңіз.
Орта деңгей:
3.Түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімін түсіндіріңіз.
4. Алмасу құбылысы туралы түсінігіңізді айтып беріңіз.
Жеңіл деңгей:
5. Қазақ тіліндегі ықпалдың түрлері жайлы жалпы түсінігіңізді айтып беріңіз.

6. Толық және жартылай игеру процесін айтып беріңіз.


БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:
1 Көрші дыбыстардың үндесуіне әсер ететін факторлар
2 Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. А.А.Молдашова Қазақ тілінің фонетикасы. Оқу құралы. Түркістан, 2018
2. Ә. Жүнісбек Қазақ тіл білімінің мәселелері. Қазақ фонетикасы. Оқулық Алматы,2018ж.
3. Ш.Құрманбайұлы, С.Исқақов, Б.Мизамхан т.б. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі.2019ж. 


Қосымша:


WEB САЙТТАР:

1. https://elib.kz/


12 лекция тақырыбы: Дыбыс үндестігі




Лекцияның оқыту нәтижелері:1.Прогрессивті ассимиляция туралы түсініктерін айта біледі;2.Регрессивті ассимиляция туралы түсініктерін анықтап,жүйесін сипаттай айта біледі;3.Тоғыспалы ассимиляция жайлығылыми талдау жүргізе алады.
Лекция мазмұны:
1.Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады. Бұл әсіресе сөз бен қосымшаның аралығында жақсы сақталады, яғни қосымшаның басқы дыбысы түбірдің соңғы дыбысына толық тәуелді болып тұрады.
Үнді дауыссыздар сөзді аяқтап тұрады және өзіне кейінгі морфеманың (қосымша) тек ұяң , үндіден басталуын талап етеді: мал-дың, аң-мен, ар-лы, тау-ға, т.б.
Ұяңдарға біткен сөздерге қосымшалар тек ұяң дыбыстардан басталады:
Таз-дың, жаз-ға, газ-ды, газ-бен, т.б.
Сөз соңындағы қатаңдар өзінен кейінгі морфемалардың тек қатаң дауыссыздардан басталуын талап етеді: тас-қа, кес-се, кес-ті.
Регрессивті ассимиляция дегеніміз-кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері.
Үнді дауыссыздарда регрессивті ассимиляцияға ұшырап алмасатын бір-ақ дыбыс бар. Ол тіл алды и.
а) соңы н дыбысына біткен сөздерге тіл арты ғ және г дыбыстарынан басталатын қосымшалар жалғанған кезде тіл алды и тіл арты дыбысына алмасады: күңғо (күнге), қаңға (канға), үлкөңге (үлкенге)т.б.
ә) соңы н дыбысына біткен сөздерге жалғанатын қосымша б, м дыбыстарынан басталса, онда тіл алды н қос ерін м дыбысы н дыбысы саналады: қаммен (қанмен), әммен (әимен), сембеді (сенбеді), т.б.
Алдыңғы морфема з, ж дыбыстарына бітіп, кейінгі морфема с, ш және з, ж дыбыстарынан басталса, ілгерінді, кейінгі ықпалдың нәтижесінде бірсыпыра дыбыс алмасулары болады. Оның ішіндегі регрессивті ассимиляция мынадай болып келеді:
а) алдыңғы морфема з ұяң дыбысына бітіп, кейінгі морфема қатаң с дыбысынан басталса, онда з қатаң с дыбысына алмасады: сөссүз (сөзсіз), қасса (қазса), жүссом (жүз сом).
ә) кейінгі морфема ж дыбысынан басталса, алдыңғы морфеманың соңындағы з дыбысы ж дыбысына айналады. Мысалы: жүжжыл, (жүз жыл), ажжылда (аз жылда), кожжүгүрттү (көзжүгіртті).
б) кейінгі морфеманың басындағы ш дыбысы алдыңғы морфеманың соңындағы з ұяңын ш дыбысымен алмастырады: сөшшүл (сөзшіл), сөшшең (сөзшең), ташша (тазша).
в) кейінгі морфеманың басындағы с қатаңы алдыңғы морфеманың соңындағы ұяң ж дыбысын қатаңдандырады: лашшыз (лажсыз), мұқташшыз (мұқтажсыз).
түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымшалар да жуан болады: мал-шы-лар-ымыз-дың, институт-ымыз-да, т.б.
Соңы жіңішке буынды түбірге жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болып келеді: ес-іміз-де, дәптер-лер-ің-ді, университет-іміз-дің.
Қосымшалардың ішінде түбірдің соңғы буынына тәуелді болмай, өз қалпын әрқашан сақтап тұратын қосымшалар да кездеседі. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет