Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,
Қыз қайда құдашадай көзі күлген.
Алыстан ат арытып келгенімде,
Шақыртпай еш адамға өзі келген.
§ 2. Ырғақтық топ құрайтын екі сөздің алдыңғысы з, ж, р, л, м, н, ң, й, үнді у (тау, бау деген сөздердегі) дыбыстарына аяқталса, келесі сөздің басындағы қ, к дыбыстары ұяңдап, ғ, г болып айтылады.
Ырғақтық
|
жазылуы:
|
айтылуы:
|
топтар:
|
|
|
жез қазған
|
Жезқазған
|
Жезғазған
|
өнер кәсіп
|
өнеркәсіп
|
өнөргәсіп
|
бал қаймақ
|
бал қаймақ
|
балғаймақ
|
тай келтір
|
Тайкелтір
|
Тайгелтір
|
аман келді
|
Амангелді
|
Амаңгелді
|
қаз қатар
|
қаз-қатар
|
қазғатар
|
азан қазан
|
азан-қазан
|
азаңғазан
|
жылан көз
|
жылан көз
|
жылаңгөз
|
сонымен қатар
|
сонымен қатар
|
сонұмеңғатар
|
қой көз
|
қой көз
|
қойгөз
|
қай қайдағы
|
қай-қайдағы
|
қайғайдағы
|
Бұл ережеге мысал ретінде мына үзінділердің дұрыс айтылу түріне назар аударыңыз:
Қарағым / айналайын / келдіңғайдан //
Алүйрек / алмамойұн / ұшарсайдан //
Ейғалқа / мекеніңді / айтыпқойшұ //
Адамның / жатполмағы / осұндайдан // (Халық өлеңі)
Мына шумақтарды ырғақтық топтарға ажыратып, дұрыс айтылуын көрсетіңдер, жоғарғы ережеге сай келетін сөздерді табыңдар:
Салмасам, Айнамкөзге ән болмайды,
Кимесем екі бешпент сән болмайды,
Ойнасаң, өзің теңдес жаспен ойна,
О дағы алғаныңнан кем болмайды,
Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы,
Біреудің мен де өзіңдей боз тайлағы.
Есіме, беу қарағым, сен түскенде,
Қайнайды зығырданым қай-қайдағы(Мұхит)
§ 3. Ырғақтық топқа енетін сөздердің бірінші сыңары қ, к, п деген қатаң дыбыстарға аяқталса, келесі сөз дауысты дыбыстардың біреуінен немесе ж, з сияқты ұяң дыбыстардан және р, л, м, н, й, у деген сонорлардан басталып тұрса, алдыңғы қатаң дауыссыздар ұяңдап ғ, г, б болып айтылады. Мысалы, шекара, сатып алды, қонақ үйі, кәсіподақ, келіп еді, қашық жер, бекзат, көк орамал деген сөздер айтылуда: шегара, сатыбалды, қонағұйү, кәсібодақ, келібеді, қашығжер, бегзат, көгорамал болып дыбысталады.
Бұл ережеге мысал ретінде мына шумақтардың дұрыс оқылуына назар аударыңыздар және жазылуын көрсетіңіздер:
Атеді / бұләнімнің / Жонұбалды //
Алғандай / сұлужонұп / ерімталды //
Жасымнан / сүйібайтқан / ән болған соң //
Жаңылмай / әлігүнге / естеғалды //
Жанедім / әсемәнді / сүйүбайтқан //
Жағымды / көпкебірдей / жұрт ұнатқан //
Келетін / нақысына / жүзғұбұлұп //
Кейдөрлеп кейдешалқып / баяулатқан // (Біржан)
§ 4. Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алдыңғы сыңары с, ш дыбыстарына аяқталса, келесі сөз ж, ш дыбыстарынан басталса, екі сөз аралығында қос шш дыбысы айтылады. Мысалы, Досжан, сөзшең, бос шылбыр, жас жаным деген сөздердің айтылуы: Дошшан, сөшшең, бошшылбыр, жашшаным. Сол сияқты алдыңғы сыңар з дыбысына аяқталса, келесі сыңар ж дыбысынан басталса, қос жж айтылады. Мысалы, ғазиз жан, тоғыз жерде дегендердің айтылуы: ғазижжан, тоғұжжерде.
Осы ережеге байланыстырып, “Абай” операсындағы Абай мен Ажардың арияларынан алынған мына шумақтардың орфоэпиясын талдап көрелік:
Достарыңызбен бөлісу: |