Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет34/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

жазылуы:
Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау.
Бүгінгі дос – ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?!
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары-ау.
Жан жай тапса, сен неге
Жат мінезсің, жабырқау.

айтылуы:
Ішімөлген / сыртымсау /
Көрүңгеңге / деймінау //
Бүгүңгүдос / ертеңжау // Меннеғылдым / йапырмау //
Жаңғысылса / жайтаңдап /
Жандеріткен / жайдарау //
Жанжайтапса сеннеге //
Жатмінессің / жабырқау //
(Абай)

Бірінші сөз н дыбысына аяқталып, келесі сөз қ, к, ғ, г дыбыстарынан басталып тұрған сәттің кез келгенінде мұндай өзгеріс бола бермейді, яғни олар бір топқа енбей, екі бөлек топта тұрса, бір-біріне әсер етпейді. Мысалы, “Қарақыпшақ Қобыланды” пьесасынан Қобыландының мына бір сөзінің дұрыс айтылуын көрелік:

жазылуы:
Ұлын құл ғып, қызын күң,
Қақсатып болған қызылбас.

айтылуы:
Ұлын / құлғып / қызын / күң/
Қақсатыпполған / қызылбас//

Мұнда н - қ, н - к дыбыстары қатар келгенмен, бір-біріне әсер етпейді, өйткені қатар тұрған сөздер екі бөлек ырғақта тұр, сондықтан бұл жерде қ дыбысы ғ-ға, н дыбысы ң-ға айналмайды.
Осы ережеге сай етіп, әрі алдыңғы қағидаларды ескеріп, мына мәтіндерді дұрыс айтып көріңдер. Ол үшін топтарға бөліп алыңдар.
Анталаған жауың көп
Қас қамауда біз қалсақ,
Жан көке, кімге тапсырдың?
Тоғай толған жылқың бар,
Қора толған қойың бар,
Жан көке, кімге тапсырдың?(М. Әуезов)
Жаңа жыл мың тоғыз жүз қырық бесінші,
Құйшы, дос! Қыран көңіл, бір желпінші!
Қан қырғын, қызыл соқта толастар ма?
Жаңа жыл, айт та маған, ал сүйінші! (Қ. Аманжолов)
§ 7. Бір ырғақты топқа енетін сыңарлардың алдыңғысы н дыбысына аяқталса, келесісі б, п дыбыстарынан басталса, н дыбысы м болып айтылады. Бұл заң түбір мен қосымшаның аралығында да болады.
Мысалы, сен бе едің, Құрманбек, Дүйсенбай, Жанпейіс, күнбатыс, күнбағар, жылан бауыр (трактор) деген сөздер сембедің, Құрмамбек, Дүйсембай, Жампейіс, күмбатыс, күмбағар, жыламбауырболып айтылады. Кейбір адам аттары айтылуынша жазылып жүр: Жампейіс, Бейсембай.
§ 8. Бір ырғақтық топтағы компоненттердің алғашқысы с, т, қ, к, п, ш деген қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталса, келесісі б дыбысынан басталса, б дыбысы қатаң п-ға жуықтау болып айтылады: тас бұлақ (айтылуы: таспұлақ), Сәтбай (Сәтпай), ақ берен (ақперен), айтып берді (айтыпперді), кеш бойы (кешпойұ).
Осы ережені және алдыңғыларын ескеріп, мына халық өлеңдерін дұрыс айтып көріңдер. Ырғақтық топтарға бөліңдер және дыбыстары өзгеріп айтылған сөздерді көрсетіңдер.
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,
Қыз қайда құдашадай көзі күлген?
Алыстан ат арытып келгеніңде,
Шақыртпай еш адамға өзі келген.
Баянауыл басында балалы құр,
Бір сөз айтам, қалқатай, мойныңды бұр.
Аулыңның тұсынан аттанғанда,
Ақ боз үйге сүйеніп қара да тұр.
§ 9. Орыс тілінен енген сөздердің соңында келетін ұяң б, в, г, д дыбыстары айтылуда қатаң п, ф, к, т болып естіледі. Фамилия соңындағы -ов, -ев жұрнақтары да оф, еф, ыф, іф болып айтылады.
Мысалы: клуп (клуб), педагок (педагог), устаф (устав), Иваноф (Иванов), Жұмашыф (Жұмашев). Бұл сөздердің дыбыстары қатаң естілетін болғандықтан, қатаң дауыссыздан басталатын қосымшалар жалғанады. Мысалы: наградтау (айтылуы: награттау),клубқа(клупқа),Ивановтар (Иванофтар). Араб, парсы тілдерінен енген жад, араб тәрізді бірен-саран сөздер де жат, арап болып айтылады, бұларға да қатаң дыбыстан басталатын қосымшалар жалғанады: жадқа айтты (жазылуы да, айтылуы да: жатқа), арабтар (айтылуда: араптар).
(Рабиға Ғалиқызы Сыздықова)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет