Лекция. Тақырыбы: Форма мәні, құрылымы, құру тәсілдері. Жоспары


лекция: Тақырыбы: Сұрау құру. SQL сұраныстар. Жоспар



бет3/12
Дата19.04.2023
өлшемі88,29 Kb.
#174952
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лекция. Та ырыбы Форма м ні, рылымы, ру т сілдері. Жоспары
moiseev.pdf sequence=1

лекция: Тақырыбы: Сұрау құру. SQL сұраныстар. Жоспар:


Сұраулар, сұраныстар түсінігі

Мақсаты:


SQL сұраныстарымен таныстыру, сұрау құруды үйрету.

Мәліметтерге ену мүмкіндігінің реляциялық тәсілі жазбалар тобының амалдарына негізделген. Амалдарды орындауға SQL (Structured Query Language) құрылымдық сұраныс тілінің құралдары қолданылады. Delphi қосымшаларында BDE механизмін қолдану барысында мәліметтер жиыны ретінде SQL-сұранысты орындауды беретін Query немесе StoredProc компоненттері қолданылады. SQL құралдарын жергілікті және қашықтағы мәліметтер қорымен амалдар орындауға қолдануға болады.


Программалаудың процедуралық тілінен айырмашылығы: есептеу процестерін басқару инструкциясы (циклдер, тармақталу, басқа операторға өту) және енгізу/шығару құралдары жоқ.
Microsift Access, Visual FoxPro немесе Paradox сияқты МҚБЖ, SQL-де сұраныстарды программалаумен байланысты әрекеттерді өздері орындайды, мысалы Query By Example (QBE) – үлгі бойынша сұраныс, пайдаланушыға сұранысты визуальды құру құралдарын білдіреді.
SQL программалау тілінің толық функционалдық мүмкіндіктерін қамтымағанмен, ол мәліметтерге ену мүмкіндігіне арналған, және оны программаны жасау құралына қосады. Және Delphi жүйесіне ендірілген.
Сонымен қатар, SQL командаларымен жұмыс істеу үшін сәйкес құралдар және компоненттер бар.
SQL - құрылымды сұранымдар тілі көмегімен мәліметтер қорына күрделі сұраныстарды құруға болады. Сұраныс – бұл белгілі ақпараттарды алуға талап болып табылады. SQL- сұраныстардың көмегімен:

  1. Қосымшаның орындалу барысында мәліметтер жиынтығының өрісін қолдануға болады;

  2. Бірнеше кестеден өрістер немесе жазбалар алуға болады;

  3. Күрделі шарттар бойынша мәліметтер жиынтығының өрісін қолдануға болады;

  4. Мәліметтер жиынтығының кез-келген өрісі бойынша сұрыптауға болады;

  5. Мәліметтерді іздеуді ұйымдастыруға болады;

SQL тілінің әртүрлі жүйеге негізделген көптеген диалектілері бар. SQL-ді қолдануға қандай жүйеде жұмыс жасасаңыз, соның сәйкес құжаттарын қараған жөн.
DELPHI тіліндегі қосымшаға SQL көмегімен:

SQL сұраныстың екі түрі бар: статикалық және динамикалық. Статикалық SQL сұраныстар қосымшаны құру барысында жазылады.
Динамикалық SQL сұраныстар коды қосымша орындалу барысында құрылады немесе өзгертіледі.
SQL тілінің операторлары мынадай топқа бөлінеді:

  1. Мәліметтерді анықтау тобы ( жаңа кесте құру, өшіру);

  2. Мәліметтерді басқару тобы ( таңдау, топтастыру ); SQL тілінде қолданылатын негізгі функциялар:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет