Есепке басқару элементтерін қосу Есепті Құрастырушы көрінісінде баптау
Мақсаты: Бос басқару элементі, Басқару элементтері тобындағы құралдарды пайдалана отырып, есептің жасақтамасын толық аяқтайтын бос және есептелетін басқару элементтерін қосу.
Басқару элементтері дегеніміз деректерді көрсететін, әрекеттерді жүргізетін және белгілер мен суреттер сияқты пайдаланушы тілдесуін жақсартатын ақпаратты көрсетуге немесе онымен жұмыс істеуге рұқсат беретін элементтер. Access бағдарламасы басқару элементтерінің үш түрін қолдайды: байланыстырылған, бос және есептелетін:
Байланыстырылғанбасқаруэлементі Байланыстырылған басқару элементінің деректер көзі
кесте немесе сұраудағы өріс. Дерекқордың өрістеріндегі мәндерін көрсету үшін байланыстырылған басқару элементтерін пайдаланасыз. Мәндер тізіміне мәтін, күн-айлар, нөмірлер, Иә/жоқ мәндері, суреттер немесе сызбалықтар енеді. Мәтін ұясы - байланыстырылған басқару элементтерінің жалпы түрі. Мысалы, жұмыскердің тегі көрсетілетін пішіндегі мәтін ұясы бұл ақпаратты Жұмыскерлер кестесіндегі Тегі өрісінен алған көрінеді.
Бос басқару элементіБос басқару элементінің деректер көзі (өріс немесе өрнек) жоқ. Бос басқару элементі ақпарат, сызықтар, тіктөртбұрыштар мен суреттерді көрсету үшін пайдаланылады. Мысалы, есеп тақырыбын көрсететін белгі бос басқару элементі болып табылады.
Есептелетінбасқару элементіЕсептелетін басқару элементінің деректер көзі - өрістің орнына өрнек болып табылады. Өрнекті басқару элементінің деректер көзі ретінде анықтай отырып, қажетті басқару элементінің мәнін белгілейсіз. Өрнек - (= және + сияқты) амалдағыштар, басқару элементтерінің аттары, өрістер аттары, бір мәнді қайтаратын функциялар және тұрақты мәндердің тіркесімі. Мысалы, төмендегідей өрнек Бірліктің бағасы өрісіндегі мәнді тұрақты мәнге (0.75) көбейте отырып, бағасы 25 пайызға арзандатылған элементтің бағасын есептейді.
= [Бірліктің бағасы] * 0.75
Өрнек есептің негізгі кесте не сұрауындағы өрістен немесе есептегі басқару элементінен деректерді пайдалана алады.
Өрнектер туралы толық ақпаратқа сілтемелерді т.б.қараңыз бөлімінен табыңыз.
Есеп жасалған кезде, ең алдымен, байланыстырылған барлық басқару элементтерін қосу мен орналастыру қажет, әсіресе, олар есептегі басқару элементтерінің басым бөлігін құраған жағдайда. Одан кейін Құрастырушы қойындысының Басқаруэлементтері тобындағы құралдарды пайдалана отырып, есептің жасақтамасын толық аяқтайтын бос және есептелетін басқару элементтерін қоса аласыз.
Басқару элементі оның деректерін алатын өрісті анықтай отырып, басқару элементін өріске байланыстырасыз. Өрістер тізіміаймағынан өрісті есепке апара отырып, таңдалған өріске байланыстырылған басқару элементін жасай аласыз. Өрістер тізімі аймағы есептің негізгі кесте немесе сұрауының өрістерін көрсетеді. Өрістер тізімі аймағын көрсету үшін, Құрастырушы қойындысының Басқару элементтері тобында Бар өрістіқосу пәрменін нұқыңыз. Сонымен бірге, басқару элементінің өзінде немесе басқару элементінің сипаттар кестесіндегі Басқару элементінің көзімәні үшін арналған терезеде өріс атын тере отырып, өрісті басқару элементіне байланыстыра аласыз. Сипаттар кестесі басқару элементінің атауы, оның деректерінің көзі және оның пішімі сияқты басқару элементінің сипаттарын анықтайды.