Ресейде алғашқы инклюзивті білім беру мекемелері 1980 – 1990 жылдар шебінде пайда болды.
1992 жылдың күзінен бастап Ресейде «Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың ықпалдастығы» жобасының іске асуы басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүгедек балаларды біріктіре оқыту эксперименталды алаңдары құрылды.
2001 жылдың 31 қаңтарында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың бірлескен білім алу Концепциясы қабылданды. Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеуге педагогтарды дайындау мақсатында РФ Білім министрлігінің алқасы 1996 жылдың 1 қыркүйегінен бастап педагогикалық ЖООдың оқу жоспарларына «Арнайы (түзету) педагогикасы» мен «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар психологиясының ерекшеліктері» курстарын енгізу жайлы шешім қабылдады.
2008 – 2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі эксперимент ретінде Федерацияның бірқатар субъектілерінде әр түрлі типті білім беру мекемелеріне енгізіледі. Мәскеуде инклюзивті оқыту бағдарламасы бойынша 47 мектеп жұмыс істейді. Ресейде әлі күнге дейін балалар дамуындағы ауытқушылықтарды ерте кезеңде анықтау бірыңғай жүйесі және ерте түзету-педагогикалыққолдау құрылмаған, ал шын мәнінде сапалы мектепке дейінгі түзету педагогикалық қолдаудан өткен балалардың жартысы білім алудағы шығыны көп арнайы (түзету) мектептері мен сыныптарында емес, жалпы білім беретін мектептерде оқи алады.
Швеция.
Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан.
Интеграцияға бағыт алу бұл елде 1969 жылы басталды, бұл кезде Швецияда соған сәйкес үкіметтік құжат пайда болды. 60-70-жылдары Швецияда, содан кейін көптеген дамушы елдерде, дамуы артта қалған адамдарға арналған ірі интернататтар және психиатриялық ауруханалар жабылды.
Интеграцияға бағыт алу бұл елде 1969 жылы басталды, бұл кезде Швецияда соған сәйкес үкіметтік құжат пайда болды. 60-70-жылдары Швецияда, содан кейін көптеген дамушы елдерде, дамуы артта қалған адамдарға арналған ірі интернататтар және психиатриялық ауруханалар жабылды.
1980 жылы Швеция дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы тұғырлардың өзгерісін тіркеген оқу жоспарын қабылдады. 1989 жылы орта білім туралы жаңа Заң қабылданды, ал 1990 жылдан бастап – коррекциялық педагогтарды оқытудың арнайы бағдарламасы қайта қарастырылды.