Лекция тақырыбы: «Кеміс (кемтар) балалар» ұғымы. Кеміс (кемтар) балалар (жалпы сипаттама).
1. «Кеміс балалар» туралы ұғым. Кеміс балалардың даму ерекшеліктері.
Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқылары бар және жалпы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз – ол anomalos грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны береді.
Бір қызметтің кемістігі немесі дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе – бұл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көрү, естү мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулықтардағы тақырыптарды оқуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткені оның психикалық даму процессі қалыпты жағдайда өтті.
Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады. Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар - 1. есту қызметі бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); 2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін); 3. сөйлеу қабілеті бұзылған – логопаттар; 4. интеллект немесе ақыл-ой сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелген); 5. психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.); 6. тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған; 7. психопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-құлығы бұзылған балалар жатады.
Кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру – күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр.
Кеміс балалар - күрделі және әртүрлі мінезді топқа жатады. Егерде кейбір кемістіктер толығымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреуі тек компенсациялынады, яғни жартылай өтеледі.
Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына және еңбекті тануына әсерін тигізеді. Кеміс балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білім берүді тез меңгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмкіншіліктері шексіз болады. Мінезінің өзгерүі де оқушылардың арнайы мектептерде оқуына, еңбекке араласуына кері әсерін тигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты меңгерсе, біреулерінің меңгеру қабілеті төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше арнайы ұйымдастыруды талап етеді.
Медициналық және психологиялық ғылымдардың дамуы кеміс балалардың даму ерекшеліктерін түсінүге себебін тигізеді. Кемістіктерді және олардың себептерін жіктеуге әрекеттер жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |