Лекция тақырыбы: кіріспе. І-блок. Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің Қалыптасуы адамның тарихқа дейінгі эволюциясы және ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениеті


Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі



бет5/9
Дата11.09.2023
өлшемі63,97 Kb.
#180767
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 1 2022-2023

4. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
Энеолит. Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, адам өміріне мыс құралдар енген дәуірді энеолит деп атайды. Әдетте бұл жалпы алғанда шақпақ тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне єкеп соқты. Археологиялық үлгілердің материалдық мәдениетке жататын жаңа жиынтықтары: жалпақ түпті, өрнегі бай керамика, ұсақ қылықша, тұрғын үйлер айқын көрінеді.
Энеолит (латынша мыс және грекше тас) тас ғасыры мен қола дәүірінің аралығындағы археологиялық өтпелі кезең, яғни тас-мыс кезеңі. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалғандары да пайда бола бастады. Халықтың басты кәсібі – егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды. Қоғамдық қатынас – рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштер әзірге көп емес. Оларға Иманбұрлық, Сексеуілді –1, -2, қоныстарының қабаттарын Павлодарға жақын жерде Ертіс өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болады.
Энеолит немесе мыс заманында (б.з.б. 3 – 2 м. ж.) адамдар өмірге қажет құралдарды алғаш рет мыстан жасай бастады. Мыс кең орындары жер бетінде ерекше көз тартарлық жасыл (малахит минералы) және көк (азурит) түсті бояулы тастарымен адамдардың назарына іліккен. Мыстың сульфид минералдары жер бетіне шыққанда оттегімен тотығу нєтижесінде, ерекше тотықты белдем пайда болды. Көк, жасыл түсті белгілері арқылы алғаш кен орындарын оңай тауып, олардан сом мыс кесектерін аршып алған. Қазақ даласындағы кенді Алтайдың, Қордайдың (Жайсаң, Шатырқұл), Сарыарқаның (Жезқазған, Спасск) ірі мыс кен орындары адамдарға сол энеолит заманында – ақ белгілі болған.
Жалпы, кең тараған қазіргі Көктас, Көктасты деген атаулар негізінен мыс кен орындарына байланысты шыққан.
Бірақ Қазақстандағы мысты тас дәуірінің ескерткіштері осы уақытқа дейін жеткілікті зерттеле қойған жоқ.
Энеолиттік дәуір мал шаруашылығының басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Бұл жолда тас индустриясы жоғары деңгейге көтерілді. Климат ылғал болды. Аңшылық ұжымдары бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырланды.
Ботай мәдениеті. Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның далалық энеолиттін сипаттайды және мерзімі б.з.б. ІІІ – ІІ мыңжылдықта белгіленеді.
Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құрған тайпалар қатысты. Ботай мәдениетін В.В.Зайберт ашты.
Қоныстар әдетте шағын дала өзендері: Торғайдың, Терісаққанның, жоғары Тобылдың, Обағаның, Шағаланың, Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алапттарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 гектарға жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болып табылады. Ол шамамен 200 жылды б.з.б XXIV – XXII ғасырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңғы кезеңде салынғаны анықталды. Ертедегі поселкенің құрылыстары өте тығыз болған: тұрғын жайлар көбінесе бір – біріне жалғасып, өзінше бір махаллалар құрып жатқан. Мұндай томаға – тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30 – ға дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байқауға болады: ені 4 – 8 м болатын, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін параллель көшелердің екі жағына кейде 15 – 16 үйден салынған.
Өндірістік – шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан, сазбалшықтан, сүйектен жасалды. Құрал – маймандар тұрғындардың шаруашылық укладының күрделі болғанын көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Тас тоқпақтар, пышақтар, қанжарлар, боластар, жебелердің, сүңгілердің, найзалардың ұштары аң аулаумен байланыста құралдар. Шанышқылар балық аулау кәсібін көрсетеді.
Жерлеу ғұрпы мен бірқатар символдық заттар тотемизмнің, бабаларға табынудың болғанын көрсетеді. Туыстарын қоныс аумағындағы ескі тұрғын жайларға жерлеп, жерленгендердің айналасына қабырғаларды жағалата жылқының бас сүйектерін қойған. тұрғын жайлардың бірінде, қабырғалардағы сөреде ер адамның саз балшықпен мумияланған сүйегі табылды. Тұрғын жайлардың табалдырығы астында ит көшілуі жиі кездеседі, сірә, рәсімдік сипатта болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет