Конфедерация деп өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіріп, белгелі бір мақсаттарды (әскери, сырқы саясаттағы және т.с.с) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Оларда ортақ заң шығарушы билік болмайды. Ортақ шешімдер бірге бекітіледі.
Мысалы: 1848 ж. дейінгі Швейцария , 1778-1787 жж. Солтүстік Америка штаттары, ТМД елдері.
Қазіргі осыған ұқсас құрылым Европалық Одақ.
Мемлекет саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Бірақ біз оны өткен лекцияда талқыладық. (Демократиялық, антидемократиялық, тоталитарлық, авториталық).
3. Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарастар бар.
Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады.
Екіншіден ондай қоғам ежелде болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған.