Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік- экономикалық және мәдени- рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
Ол жеке тұлғаның емін- еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына заң кепілдік береді.
Азаматтық қоғам экономиканың негізі- әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Қоғам мүшесінің нақтылы меншігі болады.
Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, еңбек етуге жол ашылады.
Мұндай қоғамда адамның халық аралық ережелерге сай азаматтық құқықтары жүзеге асырылады.
Азаматтық қоғам материялдық мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады .
Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.
Мұнда бір таптық, партиялық, топтық, идеялогиялық үстемділігіне жол берілмейді .
Адам құқығы биік дәрежеде сақталды. Aтқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылып, пікір алуандылығына кең жол беріледі.
Бақылау сұрақтары: Мемлекет туралы қандай анықтамалар бар?
Мемлекеттің түрлеріне талдау жаса!
Азаматтық қоғам мен құқықтың мемлекеттің мәндерін анықта?