Лекция Тақырыбы: Мемлекет саяси жүйенің негізгі институты



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі28,69 Kb.
#82864
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Саясаттан 6 лекция

3.Мемлекеттің егемендігі.
Ол –ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
4.Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Мысалы: қылмыскерлерге қолданылатын барлық жазаның түрі.
5.Салық салу. Мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық жинау. Кейін заем шығарыла бастады .
6.Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматты болуы. Мемлекеттің аумағындағы тұрғын сол елдің азаматы болады.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері (функциялары) болады.
Мемлекеттің ішкі қызметтеріне мыналар жатады:
а) экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші қызметтерін атқарады.
Экономиканы нарықпен қатар мемлекетте реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс,салық несие, экономикалық бағдарлама және т.б арқылы жасайды.
б) әлеуметтік өмірді ұйымдастырады.
Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру,денсаулық сақтау істер, тұрмыс қажетін өтеу т.б мәселелер .
в) заңдылықты қамтамасыз етеді. Тәртіп сақтау, қылмысқа қарсы күрес, т.б мәселелер.
г) мәдени тәрбиелік салада білім беру, оқу, ағарту ісін, ғылымда, әдебиет пен өнерді дамыту мәселелерімен айналысады.
Сонымен қатар бюджет саясатын жүзеге асыру, қарулы күштер құруы т.б мәселер де жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет