№1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі тақырыбы: Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсаринның шығармашылығы. Балалар әдебиетіне қосқан үлесі топ:22б орындаған:каримова карина пән оқытушысы: Бекенқызы мақпал
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы. Абай халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.
Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді. Абай отандық мәдениетіміз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады.
Абай Құнанбайұлы Алдыңғы оқуды бекіту. «Хикая картасы» арқылы алған білімдерін қорыту
.
Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – кемеңгер, дана, ойшыл, ұлы Абай Құнанбайұлының балаларға арналған шығармаларымен таныстыру. Ақынның өнер-білімге шақырған өлеңдерімен, ғақлияларын, даналық ойларымен танысу.
Абай – балалар әдебиетін жасаушылардың бірі және оның ірі өкілі. Баланы оқытуға, тәрбиелеуге көп көңіл бөлген, зор мән берген ақын «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге» т.б. көптеген өлеңдерінде жастарды оқуға, өнер-білімге, өмірде орнын тауып, жақсы маман болып, халыққа қызмет етуге шақырады.
Мысалы: «Әсемпаз болма әрнеге» (1894) өлеңінде:
Әсемпаз болма әрнеге,-
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан! –
деп, жасөспірімдердің ойына қозғау саларлық ақыл айтады, болашаққа жөн сілтейді. Абай мұнда әрбір жас азамат өзіне мақсат қойып, сол мақсатты орындау жолында күш-қайратын жұмсап, әсіре қызыл тез оңатынын түсіндіреді. «Қулық саумақ, көз сүзіп тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі Құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды, — деп, мамандыққа, өнерге, шаруашылықтың әр жақты жұмыстарына икемді болуды насихаттайды.
.
Абай адамды адал еңбекке үндеді, еңбексіз тапқан мал мен мүліктің: «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы сықылды тез суалар…» – деп, ондай арзан дүниенің жұғымсыз екенін ұқтырды. Ол қалың қазақ жұртшылығын адал, қарапайым еңбекті қадірлей білуге, ерекше құрметтеуге және оны бағалай білуге үндеді. Еңбек етуге де өзіндік байлам, талаптылық пен берік табандылық сияқты қасиеттердің керектігін ескертті. Ақын әрбір жастың келешегінің нұрлы, болашағының жарқын болуы адал еңбегі арқылы жүзеге асатыны туралы терең педагогикалық тұжырым жасады.
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі.Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.
Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады.Ыбырай әңгімелерінң негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.
.
.
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;