Лекция тақырыбы: Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата11.09.2023
өлшемі282,93 Kb.
#180750
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Лекция № 1МЕН (1)



№1 Лекция тақырыбы: Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі 
ретінде.
Лекцияның оқыту нәтижелері: 
«Менеджмент» ұғымының анықтамасын 
тізімдейді және сипаттайды, менеджменттің қызметтерін, түрлерін менеджер 
және кәсіпкер
ерекшеліктерін түсіндіреді, оның негізгі басқарушылық 
қызметтің жүзеге асырылу әдістерін сипаттап көрсетеді. 
Лекция мазмұны.
1Менеджменттің түсінігі, оның мазмұны, пайда болу алғышарттары және 
заманауи өндірістің дамуындағы ролі. 
2.Менеджменттің қызметтері 
3.Менеджмент түрлері 
4. Менеджер және кәсіпкер
5. Басқарушылық қызметтің жүзеге асырылу әдістері 
 

1.Менеджменттің түсінігі, оның мазмұны, пайда болу 
алғышарттары және заманауи өндірістің дамуындағы ролі. 
Қазіргі таңдағы менеджмент ғылымының өзекті мәселелерімен бұған 
дейін онымен тығыз байланыста болған басқа ғылымдар айналасып келген. 
Осы арада біз, араға бармай-ақ заң ғылымының салаларымен байланысты 
мәселелерге тоқталайық. Бұрынғы кезеңдерде заң ғылымы жалпы адамдар 
арасына әділеттілікті үгіттеумен айналасатын еді. Заң ғылымы әділеттіліктің 
орнығу шеңберінде адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, тапшы 
ресурстар мен шексіз қажеттіліктер арасында әділ тепе-теңдік орнатуға 
тырысқан еді. Уақыт өте келе заң ғылымының қарастыратын мәселелерінің 
аясы кеңейіп күрделене түсті. Аталмыш мәселелердің барлығымен бір 
уақытта тек бір ғылым саласының айналысуы қиынға соқты. Осындай 
жағдайда жаңа бір ғылым саласы пайда болып заң ғылымы мәселелерінің 
ауқымды бір бөлімін өз зерттеу объектісі етіп алды. Бұл, жаңа ғылым, тапшы 
ресурстармен шексіз адам қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және оны 
жүзеге асыру барысында заң принциптері мен оның белгіленген көлемінен 
аспайтын экономика ғылымы болып табылады. Экономика ғылымы ұзақ 
уақыт бойы заң саласынан қабылдаған шексіз адам қажеттіліктерін 
қамтамасыз ету міндетін атқарды. Сондықтан да ең алдымен қолда бар 
шектеулі ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдаланды. Бұлардың жеткіліксіз 
болуы салдарымен адам қажеттіліктерін қамтамасыз етуді одан әрі жақсарта 
түсу үшін өзге жаңа ресурстар (тауар және қызмет көрсету) өндіре бастады. 
Бұлармен қолда бар ресурстарды қосып қажеттіліктер мен ресурстар 
арасында одан да әділ тепе-теңдік құру жолында барынша күш салды. 
Экономика ғылымы бір жағынан адам қажеттіліктерін қамтамасыз 
ететін тауарлар мен қызмет көрсетулерді арттырса, келесі бір жақтан 
адамдардың оған деген қажеттіліктерін де арта түсті. Қажеттіліктер мен 
ресурстар арасында тепе-теңдікті сақтау мүмкін болмады. Бұл тепе - теңдікті 
қамтамасыз етуді мақсат тұтқан экономика ғылымы мәселесінің аумағы 
барған сайын кеңейіп, маңызы арта түсті. Бұл жаңа ғылым


саласын менеджмент деп атаймыз. Оның қарастыратын мәселелеріне 
адам қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында тауар және қызмет өндіру
 
жатады. Бұл іс-шараларды жүзеге асыру барысында осы салада өзіне дейінгі 
экономика және заң ғылымдары тарапынан қабылдаған заңдылықтар, 
қағидалар және шектемелерге тәуелді болады. Менеджменттің тарихи дамуы 
мен заң және экономика ғылымдары арасындағы ара-қатынастарын. Батыс 
елдерінің тарихы тереңге жайлаған білім беру мекемелерінің құрылымы мен 
ұйымдастырылуынан көруге болады. Мысалы, Франция университеттерінде 
бұрындары тек заң факультеттері ғана болатын. Экономика мен менеджмент 
салалары осы факультет бөлімдерінде оқытылатын. Ғылымның дамуымен 
бірге кейінгі жылдары заң факультеттері, «Заң және экономика» факультеті 
болып өзгеріп, бір құрылым аясында әрі заң, әрі экономика және 
менеджменттік бағдарламалар жүйесінде оқытыла бастады.
Басқару ұғымы бір ғасырдан аса осы уақытқа дейін дамып келе жатқан 
ұғым. Экономикалық мақсатқа сүйеніп құрылған кәсіпорындардың 
қаржылық, технологиялық жұмыс күшінен тұратын көздерінің ең ыңғайлы 
түрде басқаруын түсіндіреді. Мұндай анықтама ХVІІІ ғасырдан басталған 
өнеркәсіптік кезеңде өндіріске негізделген ірі кәсіпорындардың жоқ 
болғандығына сүйенеді. Бұл жағынан алып қарағанда техникалық дәуірдің 
басталуына дейінгі ұзақ тарихи өтпенді «кәсіпорын ұғымынан бұрынғы 
дәуір» немесе «ғылыми басқарудан бұрынғы дәуірі» түрінде қарастырамыз. 
Сонымен қатар, бұл дәуірлерде басқарушы және басқарылушы адам немесе 
қоғамның бар екендігіне назар аударсақ, басқару ұғымының көне дәуірлерді, 
тіпті алғашқы қауымдық құрылыс кезінде де бар екендігіне шек келтіре 
алмаймыз. Әлеуметтік ғылымдармен техникалық ғылымдардың пайда болу 
және дамуы жағынан маңызды өзгешеліктері бар техникалық ғылымдар 
ойлап табуға сүйенеді және жаңалықтар табумен басталады. Бұл жаңалықтар 
дамытылып ауқымды түрде қолданылатын дәрежеге жеткізіледі. Ал 
әлеуметтік ғылымдар, қоғамдық іс-шаралардың маңызды әрі ортақ 
жақтарының белгілі бір теория түрінде қалыптасуын қадағалайды; басқаша 
айтқанда қоғамдық оқиғаларды анықтауды және түсіндіруді мақсат етеді. Бұл 
тұрғыдан алып қарағанымызда басқару, әлеуметтік білім саласы болып 
табылады. Тарих бойынша қоғамдардың жүйелі түрде әрекет етулері 
жайында маңызды әрі толымды қорытындылар жасалынған. Әлеуметтік 
ғылымдар саласы, бұл жүйе мен түр түсінігін кейбір мақсаттармен 
байланыстыра отырып түрлендіру негізіне сүйенеді. Ал кәсіпорында басқару 

әлеуметтік ғылым саласы болумен қатар техникалық ғылымдар тарапынан 
дамытылған бірнеше әдіс-тәсілді пайдаланғаны үшін бұл ұқсастық жағын 
алып қарағанда өзгеше бір көрініс береді. Сонымен, кәсіпорынды басқару, 
әлеуметтік оқиғаларды белгілі бір салада зерттейтін және бұл бірлесу 
бойынша жалпы басқару әдісінің бір саласы болып табылатын, бірақ
қолданатын техникалық әдістерінің әсерінен ескі басқару түсінігінен 
ауқымды өзгещелігі (айырмашылығы) бар және күрделі бағыт-бағдарға ие 
ғылым саласы болып табылады.


Бүгінгі таңдағы қоғамға өте ауқымды жауапкершілік міндеті жүктелген. 
Халықаралық ерекшелік, басқару жүйесі ауқымының тарылуына кедергі 
келтіруде. Тек фабрика немесе дүкен секілді кәсіпорында ғана емес, сонымен 
қатар үйлерде, түнгі клубтарда, діни ұйымдарда, спорт клубтарында да 
басқару ісі бар. Осы тұрғыда басқару ұғымының анықтамасын берер болсақ, 
басқару


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет