Лекция тақырыбы: Оқыту мен оқудаақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану. Сабақ жоспары


Ақпараттық –коммуникациялық құзырлық дегеніміз не?



бет2/3
Дата22.09.2022
өлшемі26,17 Kb.
#150426
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
6 Дәріс
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
Ақпараттық –коммуникациялық құзырлық дегеніміз не? Ақпараттық –коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс жəне кəсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық –коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Ақпараттық құзіреттілік: сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; өз бетінше мақсат қоюға жəне оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға жəне жүзеге асыруға; ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайтақарауға сақтауға, түрлендіруге жəне тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау,тікелей жəне жанама дəлелдеу, аналогия бойынша дəлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге; өзінің оқу қызметін жоспарлау жəне жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.
Коммуникативтік құзіреттілік: нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ жəне басқа тілдерде ауызша жəне жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға, коммуникативтік міндеттерді шешуге сəйкес келетін стилдер мен жанрларды таңдауға жəне қолдануға, əдептілік ережелеріне сəйкес өзіндік пікірін білдіруге, нəтижелі өзара іс-əрекетті, түрлі көзқарас жəне əртүрлі бағыттағыадамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзегеасыруға, жалпы нəтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды жəне интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мəдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мəселелердiң бiрiне айналып отыр.
Сабақта ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақыттыүнемдеу;
• білім –білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алумүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-əрекет, қимылды қажет ететін пəндер мен тапсырмаларды оқып -үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен естумүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен əр түрлітəжірибе нəтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық–коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мəліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша,ақпараттық білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтарын айтып өтетін болсақ:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мəліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан əр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуымен оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-əрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі – пəндік білім, екіншісі –компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мəліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты негізінде білім беру ұйымдарында 2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 % «E –learning» электрондық оқыту жүйесі қолданыла бастады. Бұл жобаның негізігі мақсаты «Е–learning» – ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен əркезде жəне əрқашан білім алу. Қазақстанда электрондық білім беру жүйесін енгізудің басты мақсаты – ауыл мен қала оқушыларына əлемдік білім беру қорларын бірдей қолжетімді ету. Барлық білім беру ұйымдарында арнайы инфрақұрылым құрылады. Ондағы барлық компьютерлер интернетке шығатын жергілікті немесе сымсыз желілерге біріктірілетін болады. Жоба аясында 4 –10 мбит/сек. Жылдамдықтағы кең жолақты интернет əр білім беру ұйымында қызмет көрсететін болады деп жоспарлануда. Білім беру ұйымдарының материалдық –техникалық базасы ең жаңа жабдықтармен, оның ішінде планшетниктермен нығайтылатын болады. Оқу процесін автоматтандыру (электронды журнал, электронды күнделік, жоспарлау) мұғалімдердің есеп беру мен жоспарлауды құру кезіндегі еңбегін айтарлықтай жеңілдетеді. Электрондық оқытуды енгізу оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу процесiнде қалыптастыру мен əртүрлi оқу – iс-əрекетiн қамтитын оқыту əдiстерiнiң үйлесiмдiлiгiн, оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады. Білім беру үрдісінің сапасына бақылау жүргізу, оқу-тəрбие үрдісіндегі мəселелерге талдау жасауда ақпараттық –коммуникациялық технология құралдарын қолдану тиімділігі жоғары. Осы бағытта оқушылар автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік–тақырыптық жоспары бар электрондық дəптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы жəне жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата –аналарына e –mail немесе sms –хабарламалар, есептілік жəне т.б. жіберу)толтырады.
Білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі – оқушының өзбетімен жұмыс істеуіне,уақытын үнемдеуге көмектеседі,білім- білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді, қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды,қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді,экономикалық тиімді,қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктерін оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және «онлайн» сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған.Интерактивті тақтаны тарих сабақтарында тарихи тұлғалардың суреттерін, тарихи фильмдерді көру, қазақтың күйлерін тыңдау, есте сақтау, сондай-ақ, реферат, ғылыми жоба жұмыстарының жоспарын құруда сабақтың тиімділігін арттырады.
Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару – еркін сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қызметін белсендіреді.Сондай-ақ,оқу материалдарын безендіру құралы ретінде ұсынуға мүмкіндік жасайтын, Flash технологиясының мәні өте зор.Бұл оқу құралын оқушы қолдана отырып, өз білімін толықтыра алады.
Қазіргі уақытта сабақтарды мультимедиа арқылы модельдеу, жеке тұлғаның компьютер арқылы қатысымға түсу мүмкіншілігін туғызу арқылы тілдік қатысымға еркін түсе алатындай білікті, қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсаты қарастырылады. Олай болса компьютер – мультимедиалық білім алудың негізі. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолданаалатын, тарих пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Ақпараттық-коммуникативтік технология – оқу материалын терең түсінуге, оқу мотивациясының артуына, алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына, білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді.Сондай-ақ, ақпараттық – коммуникативтік технологияларды оқу үрдісінде қолданудың нәтижесінде оқушылар жинақталған тәжірибиесін сыртқа шығарып, оны өмірінде пайдалана алады. Жалпы заман талабына сай білім беру қашан да өзектілі мәселе.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Мен де ұстазбын. Менің ұстаз ретінде негізгі мақсатым – сабақтың сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың өздігінен ізденуін, танымын қалыптастыру, болашақ өмірлеріне қажетті дағдыларды қалыптастыру. Осы мақсатқа жетудің бірден бір жолы – оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет