Лекция тақырыбы: Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата01.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#194443
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
YAOWQSKBCIIV24102023141025
психология 14, Types of interface testing, Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз, лекция 5 2022-2023, 630029, YAOWQSKBCIIV24102023141025
Біріншіден,
мектеп қабырғасында құқықтық және өнегелік тәрбиенің тиісті 
деңгейде жүруін және бұл мәселемен арнаулы мамандардың айналысуын қамтамасыз ету 
қажет.
Екіншіден,
оқушылардың бойында жоғары сезімдерді, өнегелік, эстетикалық, 
құқықтық және саяси білімдерді ұялату және нығайту үшін әрбір мектепте педагогикалық 
- психологиялық қызметтер құрып, олардың типтік ережелерін жасау керек.
Үшіншіден,
әрбір мектеп қабырғасында оқушылар үшін әлеуметтік қызметтер 
кешенін, оның ішінде әлеуметтік-психологиялық заңдық көмек беру қызметін, 
балалардың сабақтан кейінгі бос уақытын
 
ұйымдастыру мақсатында демалыс 
орталықтарын ақысыз негізде құру қажет.


Педагогикалық және құқықтық әдебиеттерде, бос уақытты дұрыс қолдана білмеу 
және оның тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы кәмелетке толмағандарды қылмысқа 
жетелейтін басты себептердің бірі, деп ерекше атап көрсетіледі. Осыған орай жастарды 
өсуге ынталандыру, олардың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатында 
үкімет арнайы бағдарлама қабылдап, онда жастар тәрбиесіне қатысты барлық мәселелер 
қарастырылуы қажет.
Оқушы жастағы балалардың бос уақытын мазмұнды етіп, өткізуін ұйымдасттырудың 
маңызды бағыттарының бірі ретінде ұлдар мен қыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту 
және оларға қоғамдық жетекші тағайындау.
Сонымен, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын-алу барысындағы құқық 
бұзушылық мiнез-құлықтың алдын-алу шарасы мектептегi педагогикалық iс-әрекеттiң 
құрамдас бөлiгi болып табылады.
Бүгінгі таңда оқушы жастағы балалардың арасында педагогикалық тұрғыдан 
қараусыздық жасөспірім бойында қоғамға қарсы қажеттіліктердің туындауына, достық, 
борыш, абырой сияқты түсініктерінің бұрмалануына себепші болады. Олардың енді 
қалыптасып келе жатқан рухани, эстетикалық және танымдық қажеттіліктері 
деформациялана бастайды.
Оның үстіне педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған оқушылар арасында 
педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдерді мынадай 4 топқа бөлуге 
болады:
1) тентек немесе ерке деп анықтайды;
2) отбасы тарапынан шеттету, көзтүрткі көрген жасөспірімдер;
3) қараусыз қалған балалар;
4) жат әрекеттердің тұрақты ықпалындағы және ересектердің құқыққа қарсы 
талаптарға әсеріндегі жасөспірімдер.
Тентек жасөспірімдер олар жасалған ерекше жағдай қалыптастырады. Мұндай 
жағдайда бала өзімшіл, жеңіл өмір сүруді жақсы көретін болып өседі. Ал, кейбіреулерi 
ашынған, жабырқау күйде болады. Олар әдетте өзінің болашағына сенімсіздікпен 
қарайды.
«Тәрбиеленуі қиын» жасөспірімдердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, 
олардың қылмыстылығының алдын алуға байланысты кәмелетке толмағандардың ісі 
жөніндегі инспекция қызметкерлері және оларға тағайындалған жетекшілер немесе 
қоғамдық тәрбиешілер мынадай жұмыстар жүргізуі қажет:
- жасөспірімнің отбасында немесе мектеп ұжымында жатырқауын жою;
- отбасы және мектепте жасөспірім бойында қалыптасқан сенімсіздікпен қарау сезімін 
жоюға жағдай жасау;
- жасөспірім үшін маңызды болып танылатын жағдайлардың бәрінде оған моралдық, ал 
қажет болған жағдайда материалдық көмек көрсету;
- өзіне, өз қабілеттігіне сенуге, өзінің жақын және алыс болашағын жоспарлауға
сондай-ақ ол жоспарларды жүзеге асыруға көмектесу;
- ұжымда мұндай жасөспірімдердің жағымды қасиеттерін көрсетуге, сонымен бірге, 
басқаларға өзін танытуға мүмкіндік беретін жағдайларды қалыптастыру.
Сонымен қатар, қараусыз балалар және қаңғыбас балалар да қиын балалар қатарын 
толықтырады. Ол балалардың қылмыстық жолға түсуіне жол бермеу бағытында 
жасалатын тәрбие жұмысына келетін болсақ, бұл ретте халыққа білім беру бөлімдері мен 
кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекция арқылы мынадай жағдайлар ескерілуі 
қажет:
- отбасында және мектепте қараусыз қалған балалардың бақылаусыз және құр 
сандалыспен уақыт өткізу мүмкіндігін жоятын жағдайларды қалыптастыру;
- мұндай жасөспірімге мектеп өмірінің немесе өзге де балалар ұйымындағы өмірдің 
қызықты екендігін көрсету, оған қатыстыру, сол арқылы оған құр босқа уақыт өткізудің 


және ұжым өмірінен шеттеудің өзінің ең қымбат, бағалы уақытын жоғалтумен бара-бар 
екендігіне көзін жеткізу;
- ұйымдасқан жасөспірімдер тобына және онда үстемдік ететін дәстүрлерге сын көзбен 
қарай білуге үйрету.
Жоғарыда аталған үйсіздік, қаңғыбастық, отбасындағы берекесіздік, жанжал бәрі-
бәрі баланың жүйкесіне көп зияндығын тигізеді. Баланың қылмысқа бармауына, отбасына 
оралуына әлеуметтік қызметкерлердің тигізер көмегі көп. Әлеуметтік қызметкердің басты 
міндеті – баламен жеке әңгімелесу, ата-анасымен кеңесу, яғни ата-анасымен баланың 
табысуына, отбасына оралуына, әлеуметтік жетімдікті болдырмауға жан-жақты кешенді 
жұмыстар жүргізілуі керек. 
Тәрбиелеуі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасы көп факторлы құбылыс, 
оны
психологиялық жағынан бақылап зерттеу, педагогтар мен психологтарға, заң 
қызметкерлеріне жүктеледі. Ол үшін баламен жұмысты қалай жүргізуге болады: 
“тәрбиеші және бала” – бір-біріне деген сенім атмосферасының қалыптасуы; мемлекет 
тарапынан әлеуметтік қолдау және баланың балалық шағын қорғау туралы үрдістерді іске 
қосу; баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу; үнемі әлеуметтік қорғау туралы 
қосымша мағлұматтармен, құжаттармен танысу. Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыста 
төмендегі әдістерді пайдалануға болады. Тәрбиешінің жұмысындағы ең белгілі әдістердің 
бірі- бақылау әдісі. Баланың іс-қимылын, сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау. 
Жүйелі және нәтижелі жұмыс арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса, 
сөзінде береке болмаса, ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты 
жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде, сабақта, әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл 
аударып, жүйелі жұмыс жүргізу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет