Ковалентті радиус
|
154 пм
|
Ван-дер-Ваальс радиусы
|
227 пм пм
|
Ион радиусы
|
97 (+1e) пм
|
Электртерістілігі
|
0,93 (Полинг шкаласы)
|
Электродты потенциал
|
-2,71 В
|
Тотығу дәрежелері
|
−1 (алкалид)[1]; 0; +1 (ең жиі)
|
Иондалу энергиясы
|
1-ші: 495,6(5,14) кДж/моль (эВ)
2-ші: 4562 кДж/моль (эВ)
3-ші: 6910.3 кДж/моль (эВ)
|
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері
|
Термодинамикалық фаза
|
Қатты дене
|
Тығыздық (қ.ж.)
|
0,971 г/см³
|
Балқу температурасы
|
370,96 К; 97,81 °C
|
Қайнау температурасы
|
1156,1 К; 882,95 °C
|
Балқу жылуы
|
2,64 кДж/моль
|
Булану жылуы
|
97,9 кДж/моль
|
Молярлық жылусыйымдылық
|
28,23 Дж/(K·моль)
|
Молярлық көлем
|
23,7 см³/моль
|
Натрий гидроксидінің алынуы: зертханада натрий гидроксидін натрийді және оның оксидін сумен әрекеттестіру арқылы алады:
2Na + 2Н20 = 2NaOH + H2 Na2O Н2O = 2NaOH
Өндірісте натрий гидроксиді оның тұздарының ерітінділерінің электролизі нәтижесінде түзіледі. Физикалық қасиеттері:NaOH - ақ түсті қатты зат, күйдіргіш натр деп аталады, себебі қағазды, теріні күйдіреді. Натрий гидроксиді суда жақсы еритін су тартқыш (гидроскопиялық) зат болғандықтан жақсы жабылған ыдыста сақтау керек. Қолға тигенде сабындай болып сезіледі, натрий гидроксидін суға еріткенде көп мөлшерде жылу бөлінеді, сондықтан оны кәрлен ыдыста еріту керек.
Химиялық қасиеттері:
1. Бейметалдармен әрекеттескенде екі түрлі қышкылдың тұзы түзіледі.
2. Қышкылдық және екідайлы оксидтермен тұз және су түзе әрекеттеседі.
3. Қышқылдармен де осы тектес заттар береді;
4. Тұздармен реакцияласуы:
* a) орта тұздармен: 3NaOH + ҒеС13 = NaCl + Ғе(ОН)3У
* ә) қышқыл тұздармен: NaOH + NaHS04 = Na2S04 + Н20
* в) негіздік тұздармен: 2NaOH + А1(ОН)С12 = А1(ОН)3 У+ 2NaCl
Натрийдің қосылыстарының қолданылуы:натрий ғылым мен техниканың әр алуан саласында қолданылады: ядролық реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде, органикалық реакцияларда өршіткі, медицинада радиоактивті изотоп күйінде қолданылады. Натрий гидроксиді - қағаз, сабын, дәрі-дөрмек, жасанды талшық өндірістерінде, мұнай өнімдерін тазартуда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |