Лекция тақырыбы: Сутегі. Оның қосылыстары су және ауыр су. Лекция жоспары: Сутегі және оның қосылыстары. Ауыр су туралы



бет49/55
Дата27.04.2022
өлшемі267,85 Kb.
#141067
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
1 лекция (2)

Стронций, Strontium (Sr) - Менделеевтің Периодтық кестесінің 5-ші периодының ІІ-ші негізгі тобындағы химиялық элемент; сілтілік-жер металлдар қатарына жататын химиялық белсенді элемент. Рет нөмірі - 38, атомдық массасы - 87,62. Стронцийдің төрт тұрақты изотоптары бар, көбірек таралғаны 88Sr (88,56%). Радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 3,4*-2%. Табиғатта қосылыс түрінде ғана кездеседі. Маңызды минералдары - целестин SrSО4 және стронцианит SrSО3.
Барий (Barium, гр. barys «ауыр») Ba — химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 6-шы периодының ІІ тобына жататын элемент, реттік нөмірі 56, атомдық массасы 137,34. Жерсілтілік элементтерге жатады. Табиғатта барит (Ba2SO4) және витерит (BaCO3) деген минералдары кездеседі. Барийді 1774 жылы Карл Шееле ашқан.
Барий — жұмсақ, күміс түсті металл. Химиялық активтілігі жоғары, ауада тез тотығады, сумен реакцияға түсіп, барий гидрототығын түзеді. Басқа да көптеген элементтермен қосыла алады. Қосылыстарда валенттілігі 2+. Оның қорытпалары газ жұтқыштар ретінде, электронды шамдарда, ал оның оксиді катодтарға қаптау жасау үшін қолданылады.
Осы элементтің ең маңызды қосылыстары:

  • Барий асқын тотығы (BaO2) катализатор ретінде және H2O2 алуға және ағартқыш ретінде қолданылады;

  • Барий гидрототығы Ba(OH2) көмір қышқыл газын жұтып алуға қолданылады;

  • Барий карбонаты BaCO3 барийдың басқа қосылыстарын алуға, шыны өнеркәсібінде қолданылады;

  • Барий хлориды BaCl2•2H2O улы химикат ретінде қолданылады;

  • Барий сульфаты BaSO4 рентген сәулелерін жақсы жұтатын қасиетке ие болғандықтан, ақ пигмент ретінде медицинада қолданылады.

Барий Белсенді, ол сілтілі жер металдар тобына кіреді және минералдарда өте берік байланысты. Негізгі минералдар: барит (BaSO4) және витерит (BaCO3). Барийдің сирек минералдары: цельзиан немесе барийлі дала шпаты (барий алюмосиликаты), гиалофан (барий мен калийдің аралас алюмосиликаты), нитробарит (барий нитраты). Тұздары оттың жалынын жасыл түске бояйды.
Радий - атом нөмірі 88, Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесінде жетінші периодта, 2 — ші топтың элементі. Ra (лат. Radium). Радийдің қарапайым заты - күміс-ақ түсті жылтыр металл, ол ауада тез тотығады. Сілтілі жер металдарына жатады, химиялық белсенділігі жоғары. Радиоактивті, ең тұрақты нуклид 226ra (жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1600 жыл).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет