ІІ-а топша элементтерінің физиалық және химиялық қасиеттері
Бериллий алюминийден жеңілірек, тығыздығы 1,816 г/см3, балқу температурасы 1284°С, қайнау температурасы 2450°С, химиялық қосылыстарында 2 валентті, беткі қабаты тотығып, қорғауыш қабыршақ түзілетіндіктен ауада өзгермейді. 800°С-тан жоғары температурада қыздырғанда жылдам тотығады, қышқылдарда да, сілтілерде де ериді.
Сілті ерітінділерімен бериллий алюминаттарға сәйкес — бериллат тұздарын түзеді:
Be + 2NaOH → Na2BeO2 + H2
Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады. Балқу t 842°С; қайнау t 1495°С тығыздығы 1,55 г/см2. Кальцийді кальций хлоридінің балқымасын электролиз'- деп алады.
Жай заттармен әрекеттесуі:
Са + Н2 = СаН2 кальций гидриді
Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді
2Са + О2 = 2СаО кальций оксиді
6Са + 2N2 = СаN кальций нитриді
Ca + 2С =СаС2 кальций карбиді
Күрделі заттармен әрекеттесуі:
Ca + 2НОН = Са(ОН)2 + Н2↑
Ca + 2HCl=СаСl2 + Н2↑
Осы реакциялардың барлығында кальций – тотықсыздандырғыш.
Магний күмістей ақ, өте жеңіл, берік металл, тығыздығы 1,74 г/см3, балқу t 650°С, қайнау t 1107°С. Ол қорғағыш оксид пленкамен қапталғандықтан, құрғақ ауада 350°С-қа дейінгі температурада тотықпайды, бірақ 600 — 650°С-та өздігінен тұтанып, жарқырай жанып, магний оксидін (MgO) және аздап нитридін (Mg3N2) түзеді.
2Mg + O2 = 2 MgO (магний оксиді)
Mg+Cl2= MgCl2 (магний хлориді)
Кәдімгі температурада галогенмен әрекеттеседі, галогендерді атмосферада қыздырғанда бұл металдар тұтанады:
Mg+CI2=MgCI2
Қыздырғанда сутекпен, азотпен, күкіртпен, фосформен, көміртекпен және басқа бейметалдармен тотығады:
3Mg + N2 = Mg3N2 (магний нитриді);
Mg + S = MgS (магний сульфиді);
3 Mg + 2 Р = Mg3Р2 (магний фосфиді);
Стронций - күміс түсті ақ, жұмсақ металл; тығыздығы 2,54 г/сm³ (20°С), балқу температурасы - 1 042 K, химиялық белсенді. Ауада қалыпты температурада тотығады. Металл еместермен көп мөлшерде жылу бөле қосылысады. Қосылыстарында +2 валентті. Оттекпен қалыпты жағдайда әрекеттесіп, тотық SrО түзеді. Ол сумен оңай әрекеттесіп гидрототыққа Sr(ОН)2 айналады. Стронций гидрототығы - түссіз кристалл, күшті негіз. Металл стронцийді алудың үш жолы бар:
-кейбір қосылыстарды термиялық ыдырату;
-электролиз;
-оксиді немесе хлоридін тотықсыздандыру.
Кейбір химиялық қасиеттерін байланысты реакция теңдеулері:
Sr + 2H2O = Sr(OH)2 + H2↑
5Sr + 2CO2 = SrC2 + 4SrO
Достарыңызбен бөлісу: |