Лекция тақырыбы: Сутегі. Оның қосылыстары су және ауыр су. Лекция жоспары: Сутегі және оның қосылыстары. Ауыр су туралы



бет47/55
Дата27.04.2022
өлшемі267,85 Kb.
#141067
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
Байланысты:
1 лекция (2)

Лекция жоспары:
1. ІІ-а топша элементтеріне жалпы сипаттама.
2. ІІ-а топша элементтерінің периодтық кестеде орналасуы.
3. ІІ-а топша элементтерінің физиалық және химиялық қасиеттері.


Лекция мақсаты: ІІ-а топша элементтеріне жалпы сипаттама беру, периодтық кетедегі орнын көрсету, физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру.
Лекцияның басы: Д.И.Менделеев ұсынған периодтық кесте құрылымына жалпы сипаттама беру, қайталау.
Лекцияның кіріспе бөлімі:


ІІ-а топша элементтеріне жалпы сипаттама
ІІ а топшаға сілтілік жер металдар жатады. Оларға: бериллий, магний, кальций, стронций, барий, радий жатады. Бұл элементтердің сыртқы электрондық қабаттарында екі электрондары болады, оларды оңай беріп жіберіп, өзінің алдында тұрған бекзат газдардан аяқталғ Периодтық жүйенің ІІ а-тобының Be және Mg-ден басқа элементтерінің топтық атауы – сілтілік жер металдар. Валенттік деңгейдің жалпы электрондық формуласы ns2, қосылыстардағы бір ғана тотығу дәрежесі бар +2.
Бұл топ элементтерінің электртерістігі әр түрлі, Be үшін жеткілікті жоғары (1,47), сондықтан ол екідайлы (амфотерлі) қасиеттерді көрсетеді, ал қалған элементтердің қасиеттері - типтік металдық.
Сілтілік металдармен салыстырғанда элементтердің бос түрдегі реакциялық қабілеттері кем. Реттік нөмірінің өсуімен химиялық белсенділіктері артады. Айталық, Be мен Mg суға төзімді, ал сілтілік жер металдар сумен әрекеттесіп, сәйкес гидроксидтер түзеді (М = Са- Ra)
Тотықсыздандырғыш қасиеттері бериллийден радийге қарай өседі. Барлық металдардың бейметалдарға тартылысы жоғары, оттекпен оксидтер MO (M = Be - Ra), сутекпен гидридтер МН2, азотпен нитридтер М3N2 галогендермен галогенидтер, мысалы хлоридтер МСl2, көміртекпен карбидтер (ацетиленидтер) МС2, күкіртпен сульфидтер MS түзеді.
Бериллийден басқа элементтердің оксидтері МО және гидроксидтері М(ОН)2 негіздік қасиеттерді көрсетеді, Sr(OH)2 және Ва(ОН)2 гидроксидтерінің суда ерігіштігі жеткілікті жоғары, оларды сілтілерге жатқызады.
Тұздары (карбонаттар МСО3, сульфиттер MSO3, сульфаттар MSO4 т.б.) жеңілдеу және сілтілік металдардың тұздарымен салыстырғанда төмендеу температураларда тиісті оксидтерге бөлінеді (Na2COүшін 1000 °С, ал MgCO3 үшін 500°С).
Тұздардың суда ерігіштігі әр түрлі: жақсы еритін тұздар -хлоридтер, бромидтер, иодидтер, сульфиттер (Ca-Ra), нитраттар, нитриттер (Mg-Ra), суда аз еритін және іс жүзінде ерімейтін тұздар - фторидтер (Mg-Ra), сульфаттар (Ca-Ra), ортофосфаттар, карбонаттар, силикаттар.
Суда еритін сілтілік жер металдардың (және Mg-дің) тұздары катион бойынша гидролизге ұшырамайды. Бұл металдардың катиондары газ жандырғышта жалынды әр түрлі түстерге бояйды:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет