Мазмұны. Жоспар Кіріспе бөлімі Негізгі бөлімі



Дата22.06.2017
өлшемі130,04 Kb.
#19576
Өздік жұмыс.

Тақырыбы:

«Жалғауларды оқытудың тиімді жолдарының моделі».

Орындаған: Жумабекова Э.М.

2016ж

Мазмұны.

Жоспар...............................................................................................................................

Кіріспе бөлімі....................................................................................................................

Негізгі бөлімі.....................................................................................................................

Қорытынды......................................................................................................................

Қолданылған әдебиет......................................................................................................

Жоспар.


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлімі

2.1 Көптік жалғау

2.2 Жіктік жалғау

2.3 Септік жалғау

2.4 Тәуелдік жалғау

2.5 Өз тәжірибемнен

3 Қорытынды бөлімі


  1. Кіріспе бөлімі.

Жалғаулар,бір жағынан форма тудыратын қосымшалардың бір түрі болып табылады,өйткені форма тудыратын жұрнақтар сияқты жалғаулар да өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, белгілі бір топтағы сөздердің түрлену формасы болып табылады. Екінші жағынан, жалғаулар форма тудырушы жұрнақтардан сөйлемдегі қызметі жағынан, яғни сөздерді байланыстыру сипаты жағынан ажыратылады.Сөйтіп, жалғаулардың форма тудырушы жұрнақтардан ең басты айырмашылығы сөз байланыстыру қызметіне байланысты. Тілімізде жалғаулардың төрт түрі көрсетіліп жүр: көптік жалғау,тәуелдік жалғау,септік жалғау, жіктік жалғау.

Жалғаулардың ішінде көптік жалғаулардың орны ерекше.Көптік жалғау – көптік ұғымның көрсеткіші. Бір заттың екінші бір затқа меншікті, тәуелді, қатысты болуы – тілдегі ақиқат құбылыс.Бұндай заттар арасындағы меншіктілік – тәуелділік қатынас қандай тілде болса да бар.Бірақ ондай ұғымдардың грамматикалық мәні мен сипаты, берілу амал-тәсілдері барлық тілдерде бірдей,біркелкі бола бермейді. Қазақ тілінде бұл мән тәуелдік жалғау арқылы және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестігіне бағынбайтын -нікі,-дікі,-тікі қосымшалы сөздің тіркесуі арқылы беріледі.



Жіктік жалғаудың қызметі ойды білдіретін негізгі қимыл,іс-әрекетті оны іске асырушымен байланыстырып, сол арқылы мағыналық жағынан қимылдың кім арқылы,қай жақ арқылы жүзеге асуын білдіреді.

Тілімізде 7 септік жалғау бар. Олар: атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік.


Септік жалғаулары — зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар. Мысалы: Абай Найманның дауына билігін айтып қойған еді. (М.Ә.) Бұл сөйлемдегі Абай деген сөзді атау септік баяндауышпен (айтып қойған еді), Найманның дегендегі ілік септік ол сөзді тәуелдік жалғаулы сөзбен (дауын) байланыстырып, дауына дегендегі барыс септік, билігін дегендегі табыс септік ол сөзді айтып қойған еді деген етістікпен байланыстырып тұр.
Сөйтіп, септік жалғаулары сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады.

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.

  1. Негізгі бөлім

2.1 Көптік жалғау

Нақтылы лексикалық мағынасына орай зат есім сөйлем ішінде не жекеше, не көпше түрде қолданылады. Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі – оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау сөзге көптік мағына берудің негізгі жолы болғанымен, бірден-бір ғана жолы емес. Ана тілімізде зат есімде көптік мағына пайда болуының бұдан да басқа амал-тәсілдері бар.

Көптік мағынаның арнаулы қосымша арқылы пайда болуы, негізінен алғанда, көптік жалғауының қызметіне байланысты. Қазақ тілінде көптік жалғауы –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер деген алты түрлі фонетикалық нұсқада ұшырайды.

Көптік жалғаулар: - лар, -лер, -дар, - дер, - тар, - тер.



түбір

Сөздің соңғы дыбыс

Дауысты жіне р,й,у

Ұяң з,ж және үнді л,м,н,ң

Қатаң дауыссыздар және ұяң б,в,г,д

Жуан
жіңішке

-лар

Бала-лар


-лер

Кісі + лер



-дар

Адам+дар


-дер

Көз+дер


-тар

Дос+тар


-тер
мектеп+тер


2.2 Жіктік жалғауы

Жіктік жалғауы тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Өйткені жіктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш қана болады. Солай болса, жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау.

Жіктеу категориясы – қазіргі қазақ тілінде етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет. Олай дейтініміз – бастауышы жіктеу есімдіктерінен болған сөйлемде баяндауыш болатын сөз әрқашан бастауышпен жақтасып, тиісті жіктік жалғауды қабылдайды. Егер сөйлемнің бастауышы есімдіктен емес, басқа бір жалпы я жалқы есімнен болатын жағдайда оның баяндауышы, әдетте, үшінші жағында тұрады. Мысалы: ол келді –бала келді.

Жіктік жалғау сөздерге жекеше, көпше түрде үш жақта жалғанады.

Мысалы: Мен адаммын, Сен адамсың, Сіз адамсыз, Ол адам, Біз адамбыз, Сендер адамсыңдар, Сіздер адамсыздар, Олар адамдар. Мен келдім, Сен келдің, Сіз келдіңіз, Ол келді, Біз келдік, Сендер келдіңдер, Сіздер келдіңіздер, Олар келді.

І жақ

Мен

Мын, мін, бын, бін, пын, пін

ІІ жақ

Сен

сың, сің

ІІ жақ

Сіз

сыз, сіз

ІІІ жақ

Ол

-




    1. Септік жалғау

Септік жалғауларының беретін мағыналары мен атқаратын қызметтерін кеңінен сипаттау үшін сөз тіркестерінің, олардың белгілі бір алуан түрлерінің, сөйлем мүшелерінің, олардың қандай формалардан жасалуы мен атқаратын қызметтерінің сөйлем мүшелерінің байланысу тәсілдерінің, сөздердің меңгеру мен меңгерілуінің мәселелерін талдау қажет.

Атау септік

Жай септеуде де, тәуелді септеуде де атау септіктің өзіне тән арнаулы қосымшасы болмайды. Атау септік формасы, бір жағынан, басқа септіктердің формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін қабылданған негізгі форма болса, екінші жағынан, ол тек белгілі бір затты атау үшін ғана емес, онан әлде қайда кең грамматикалық қызмет атқаратындықтан, арнайы талдайтын негізгі форма ретінде қаралады.

Атау формадағы сөз кім? кімдер? не? нелер? деген сұрауларға жауап береді де, жекеше, көпше, тәуелді түрлерде де қолданыла береді.

Ілік септік

Ілік септігінің сұрақтары: кімнің? ненің?

Ілік септігінің жалғаулары-ның, -нің, -дың, -дің –тың,  -тің

Бұл жалғаулар буын үндестігі мен дыбыс үндестігі заңдылықтарын сақтап жалғанады: Қазақстан+ның, елдері+нің, Абай+дың, тіл+дің, ұлт+тың, мемлекет+тің т.с.с.

Ілік септігі жалғауының сөзге қосылған кезде беретін бірден-бір мағынасы иелік, меншікті білдіру. Септіктің бұл түрі тәуелдік категориясымен тығыз байланысты. Ол тәуелдік жалғаулы сөзбен әрдайым синтаксистік бірлікте айтылады. Зат есімдер ілік жалғауында келгенде онымен тіркесетін тәуелдік жалғаулы сөз ылғи үшінші жақта тұрады, кез келген зат есім семантикалық жағынан 3-жақты білдіреді.Мысалы: Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің ана тілдерін сақтап, қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндігінше көмек көрсету мемлекеттік тіл саясатының негізгі ұстанымдарының біріне жатады.

Ілік септігі арқылы көрінетін грамматикалық тәуелдіктің басты-басты түрлері деп оның меншік иесін, туыстық жақындықты, табиғи бірлікті, нәрсенің бөлшегін, дерексіз ұғымдардың байланысын, логикалық субъектіні, сапалық ерекшелікті білдіруін атауға болады.

Ілік септігінің жалғауы кейде түсіріліп, жасырын түрде де қолданылады. Мысалы: Қазақстанның халқы – Қазақстан халқы,  қазақтың тілі – қазақ тілі, тілдің мерекесі – тіл мерекесі, егемендіктің белгісі – егемендік белгісі т.с.с.

Жер-су аттары, әкімшілік атаулары жасырын ілік септігінде тұрады. Мысалы: Ақмола облысы, Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік көшесі т.с.с.

Ілік септігіндегі сөз негізінен, сөйлем мүшесінен анықтауыш болады.

 

Барыс септігі

Барыс септігіндегі сөз кімге? Неге? Қайда? Деген сұрақтарға жауап береді.

Барыс септігінің жалғаулары: -қа/ -ке, -ға/-ге, -а, /-е, -на/-не.

Бұл жалғаулар қазақ тіліндегі буын үндестігі, дыбыс үндестігі заңдылықтарына сәйкес жалғанады: азамат+қа, ел+ге, мемлекет+ке, отан+ға, анам+а, елі+не, інім+е, досы+на т.с.с.

Барыс септігіндегі сөз кімге? Неге? Сұрақтарына жауап бергенде, толықтауыш болады да, қайда? Сұрағына жауап бергенде, пысықтауыш болады: Сәкен досына (кімге?) көмектесті. Жұмысқа (қайда?) бара жатырмын.

 

Табыс септік

Зат есімге тән грамматикалық категориялардың бірі – септік категориясы. Септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септік жалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтады.

Зат есімге жалғанатын табыс септігінің жалғаулары –ны, -ні, -ды, -ді,

 -ты, -ті және тәуелдік жалғаудың 3-жағынан кейін –н. Бұл септіктегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемде тура толықтауыш болып қызмет атқарады. Мысалы: Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда жаңа инженерлік желілер, құрылыстар мен жолдарды салумен ғана проблема шешілмейді.

Табыс септіктің жалғауы да бірде ашық, бірде жасырын түрде қолданыла береді. Бірақ жалғауы айтылмай, жасырын тұратын табыс жалғаулы сөз сыртқы форма жағынан атау септіктегі сөзбен түрлес болғанымен, әрқашан сабақты етістікпен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыш болады.  Мысалы: жолдар салды, сын қабылдады, қателік іздеді т.б.

 

Жатыс септік

Бұл септіктегі сөздер негізінде көлемдік, мекендік және мезгілдік мағына береді. Осыған сәйкес, сөйлемде беретін мағынасына қарай жанама толықтауыш та, мезгіл пысықтауышта, кейде орнына қарай баяндауыш та болады.

Сұрақтары: кімде? неде? қайда?

Жалғаулары: -да, -де, -та, -те, -нда, -нде.

Жатыс септіктегі сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшесі болғанда, олардың қосымшалары түсірілмей де, түсіріліп те қолданыла береді. Мысалы: Оралда, Сібірде, Солтүстікте алтында, күмісте, мыста талай естіген өзгермейтін, міз бақпайтын безерген дауыс.

 

Шығыс септік

Бұл септік іс-амал, қимыл-әрекеттердің шыққан орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін және басқа әр қилы мағыналарды білдіреді. Осы мағыналарына қарай, шығыс септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та, кейде баяндауыш та болады.

Сұрақтары: кімнен? неден? қайдан?

Жалғаулары: -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен.

 

Көмектес септігі

Бұл септік іс-амалдың құралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, ортақтасу, бірлесу, астасу, ұштасу сияқты жай-күй қатынастарын және басқа әр алуан мағыналарды білдіреді. Осы мағыналарына сәйкес, көмектес септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та бола береді.

Сұрақтары: кіммен? немен?

Жалғаулары: -мен, -пен, -бен.

Мысалы: Ол Астанадан машинамен келеді. Сәрсен достарымен жүр.


Септік

Сұрақ

Жалғаулары

Атау

кім? не?

-

Ілік

кімнің? ненің?

ның, -нің, -дың, -дің,

-тың, -тің.





Барыс

кімге? неге? қайда?

ға, -ге, -қа, -ке.



Табыс

кімді? нені?

ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.



Жатыс

кімде? неде?

да, -де, -та, -те.



Шығыс

кімнен? неден? қайдан?

нан, -нен, -тан, -тен,

-дан, -ден.





Көмектес

кіммен? немен?

мен, -бен, -пен.


2.4.Тәуелдік жалғауы

Заттың біреуге я бірдемеге меншікті екендігін білдіретін жалғау тәуелдік жалғау деп аталады.

Мысалы: Менің мекемем, сенің мекемең, оның мекемесі.

Осындағы мекемем деген сөздің сөйлеушінің өзіне, мекемең дегеннің тыңдаушы адамға меншікті екені білінеді, ал мекемесі дегеннен ол заттың бөгде адамға тән екені көрінеді.

Тәуелдік жалғауы үш жақта және жекеше, көпше түрлерде болады. Әр жақтың өзіне тән арнаулы жалғауы бар. Олар төмендегідей:

 


жақ

жалғауы

 

І

ІІ



ІІІ

 


 

-м, -ым, -ім, -мыз, міз, -ымыз, -іміз.

-ң, -ың, -ің, -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз.

-ы, -і, -сы, -сі.



 

Жалғаулардың жалғануы



Дауыстыдан кейін

Дауыссыздан кейін

І ж М
ІІж ң
ІІж ңыз

Ңіз


ІІІ ж сы

сі


І ж ым-

Ім-


ІІ ж ың-

Ің-


ІІ ж ыңыз

Іңіз


ІІІ ж ы

і




    1. Өз тәжірибемнен

Мен өз тәжірибемде жалғауларды оқып, меңгерту барысында оқушылардың көңілдерін үндестік заңы мен дауысты дыбыстарға бөлемін. Қай жалғау түрі болса да, оқушыларға буын үндестігі болу керек екендігін айтамын. Соңғы буын жуан болса, жуан дауысты жалғау жалғанады. Ал, соңғы буын жіңішке болса, жіңішке дауысты жалғау жалғанады.

Тәуелдік жалғауды түсіндірген кезде өздеріне немесе біреуге тиесілі зат, отбасы мүшелерін жазуға болатынын түсіндіремін. Ережесін айтамын, сурет арқылы көрсетемін.

Менің қаламым, сенің досың, сіздің сөмкеңіз, оның ыдысы.

Оқушылар шатаспасын деп, дауысты дыбыстарды жуан жіңішке деп ажырату үшін, біреуін , біреуін , деп үйретемін. Сонда жуан дауысты, мен жініңке дауысты дыбыстарды ажырады.

Көптік жалғауды үйрену барысында оқушыларға суреттегі заттарды бір – бірден, содан соң бірнешеуін көрсетіп, балаларға жекеден мен көпте түрін жасауда көптік жалғау қолдану керек деп түсіндіремін. Көптік жалғауларды тәжірибеде қолдана білу үшін, үлестірмесі кәртішкелер таратамын, олардың ішіне зат атауларын жекеше және көпше түрде араластырып жазамын, балалар оларды сәйкестендіреді. Сонымен қатар тірек сызбалар мен кестелерді да қолданамын, бұл оқушылардың ұзақ мерзімге есте сақтау қабілетіне ықпал етеді. Оқушылардың күнделікті сабақта қолданып жүрген оқу құралдарымен мысал келтіремін, ол балаларға қызықты және тез есте сақталады. Мысалы: қалам+дар, кітап+тар, өшіргіш+тер, дәптер-лер, қарындаш+тар.

Жіктік жалғау көбінесе адамның мамандығына байланысты болады. Мен, сен, сіз, ол есімдіктерінің жалғаулары да буын үндестігіне бағыну арқылы жалғанады.

Жалғауларды меңгеру алдында қазақ тілінің дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке, дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді дыбыстарын. Буын үндестігі мен дыбыс үндестігін меңгерткен жөн.





  1. Қорытынды

Қорыта айтсам, қазақ тілінің жалғауларын меңгерту қажет. Жалғауды түсіндіру алдында көптеген қосымша жұмыстар жүргізу керек екенін естен шығармау керек. Әр жалғаудың орны бөлек, төрт жалғауды оқушыларға меңгерту өз қолымызда.

Қазақ тіліне тән дыбыстардан бастап, дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар, дыбыс үндестігі, буын үндестігін де меңгерткен жөн.

Оқушылардың жалғау түрлерін ажырата алатыны мен меңгергенін ауызша тәуелдеп, жіктеп, септеу, көптік жалғаулары дұрыс қосу арқылы тексеруге болады.


  1. Қолданылған әдебиет:

  1. Ш.К.Бектұров Қазақ тілі Алматы «Әділет» 2002ж

  2. Т.М.Артықова, М.Б.Боранбай Алматы «Атамұра» 2013 ж

  3. А.С.Сейдимбек, М.К.Барманкулов Алматы «Болашақ балапандары» 1999ж

  4. Ғаламтор желісі http://soyle.kz



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет