Лекция. Тақырыбы: Тарих философиясы. «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру»



бет1/3
Дата16.05.2022
өлшемі38,73 Kb.
#143418
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
15 лекция


Ф-ӘД-001/046



15- Лекция. Тақырыбы: Тарих философиясы. «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» - жаңа Қазақстан философиясы
Лекция мақсаты: Тарих философиясы туралы және Елбасы, ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын философиялық тұрғыда талдау
Лекция жоспары:
1. Тарих философиясы пәні
2. Қазіргі Қазақстандағы жаңғырту үдерістері
3. Еуразияшылдық және Қазақстанның дамуы
Лекция мәтіні:
1. Тарих философиясы – жүйелік философияның маңызды бір бөлігі. Оның тараулары бірінен соң бірі келетіндей және сондықтан бірін бірі алдын ала ұйғаратындай болып құрастырылған. Бірақ сол уақытта әрбір тарауға оның басқа тараулары кірігіп өтетіндей болып шығады. Тұтастық ретіндегі философияның тараулары сол мезгілде, оларда өзара қиысынды үйлескен, ерекше триадаларға үштіктерге біріктірілген. Бірінші үштікке мыналар енеді:
1) онтология (тұтастық әлем туралы ілім),
2) антропология (адам туралы ілім),
3) гносеология (таным туралы ілім).
Екінші триадаға енетіндер:
1) тарих философиясы,
2) мәдениет философиясы,
3) әлеуметтік философия.
Сондықтан, тарих философиясы қисынды түрде онтологияны, антропологияны, гносеологияны ұйғарады және өзінің дүниетанымдық пен методологиялық негіздері ретінде атап айтқанда олардың жалпылама принциптерін, категорияларын және ұғымдарын алады. Философияның кез келген тарауы және жалпы философия ретінде, тарих философиясы өз пәніні – тарихты жалпылық деңгейінде алады және зерттейді, сондықтан ол қандай жағдайда болмасын ғылым бөлімі ретіндегі тарихқа редукцияланбайды.
Тарих философиясының пәні – тарихи процестің мағынасы мен жалпылама мазмұны, оның жалпылама заңдылықтары, ал сонымен бірге тарихи зерттеудің методологиясы.
«Философия тарихы» термині дегенмен тек XVIII ғ. енгізілгенімен ( оны Ф.М. Вольтер, 1765 ж. жарияланған өзінің «Тарих философиясы» еңбегінде енгізді), философиялық тарихи идеялар тіпті көне заманда туындай бастайды. Солай, белгілі философ А.Ф.Лосев грек антигіндегі бұл идеялардың жалпылама суреттемесін берді. Нақтылы тарих философиясының негізінде қашанда уақыттың белгілі бір үлгісі жатады. Антик тарих философиясы уақыттың қайталанбалы моделіне бағдарланған, сондықтан оның сол немесе басқа түрлеріне мәңгі қайтып келу идеясы тән болды. Батысеуропалық ортағасырлық тарих философиясы христиандық негізде тура сызықтық, бірақ түпкі уақыт моделіне сүйенді. Жаңа және қазіргі дәуірлердегі тарих философиясы тура сызықтық шексіз уақыт моделіне бағдарланды.
Антикалық та, ортағасырлық та тарих философиясы философияның дербес тарауы болып бөлінбеді, бірақ, айтпақшы, соңғының басқа тарауларында таратылып жіберілді. Ортағасырлық дәуірде оның үстіне тарихи философияның мәселелері қатоликтік теология шектерінде шешілді. Философиялық жүйенің дербес саласы ретінде оның қалыптасуы, қашан философия көпті немесе азды дін мен теологиядан эмансипацияланған, Жаіа дәуірде басталды. Ол Ф.М. Вольтердің, М.Ж. де Кондорсенің, Дж. Виконың, И.Г. Гердердің және әсіресе Г.В.Ф. Гегель мен К. Маркстің шығармашылығымен байланысты. Гегель «Тарих философиясы бойынша дәрістер» деп аталған еңбегін қалдырды, ал Маркстің бүкіл философиясы , Н.А.Бердяевтің дұрыс ескертуі бойынша, жүйе түрінде баяндалмағанына қарамай, ең алдымен тарих философиясы болып табылады». XX ғ. тарих философияның тұтас қатардағы баламалары пайда болды, олардың кейбіреулері осы томда көрініс тапқан.
Тарих философиясының бірнеше типологиялары бар. Біріншісі онтологиялық, материалды немесе субстанционалды тарих философиясы деп аталады, орыс дәстүрінде оны тарихисофия деп те белгілейді. Екінші типті сыни, рефлективтік немесе аналитикалық тарих философиясы деп атайды. Онтологиялық тарих философиясы тарихи процесті ерекше онтологиялық шындық ретінде, болмыстың бір деңгейі ретінде және адам өмір сүруінің негізгі бір кеңмәтіні ретінде зерттеуді және ұғынуды жүзеге асырады. Онтологиялық тарих философиясының негізгі міндеттеріне жататындары: 1) тарихи үдерістің мәнісін, оның мазмұнын, архитектоникасын, қозғаушы күштерін және басты заңдылықтарын ұғыну, 2) тарихи үдерісті жіктеу және кезеңдерге бөлу, тарихи кеңістік пен уақыттың ерекшелігін зерттеу, 3) тарихтың мақсаты, мағынасы және міндетінің бар немесе жоқ екендігі айқындау, тарихи үдерістегі ілгерілеу мен кері кетудің арақатынасын анықтау.
Рефлексиялық тарих философиясы тарихтың танымдық ерекшелігін түсінумен айналысады. Тарих философиясының бұл баламасының негізгі міндеттері мыналар:
1) тарихи зерттеудің ерекшелігі мен шектерін айқындау, оның концептуалдық аппараты мен методологиясын анықтау;
2) тарихи танымдағы түсіндіру мен ұғынудың арақатынасын, ондағы құндылық пайымдауларының рөлін және объективтік тарихи таным мен білімнің мұкіндіктерін тағайындау;
3) тарихи детерминизм мен тарихты жасайтын адамдардың еркін жігерінің арақатынасын анықтау.
Соңғы міндеттің сипаты рефлективтік тарих философиясын дәнекерлейтінін аңғару қиын емес. Бұл түсінікті де: толыққанды тарих философиясы екі бағыттың синтезі болуы керек және аталған міндеттердің бәрін шешуі қажет. Егер бұл типологияны ұстансақ, онда XX ғасырда, әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін онтологиялық тарих философиясы өз орнын рефлективтікке бере бастады.
Оның негізінде тарихи процестің қозғаушы күштерін түсіндірмелеу сипаты жататын, басқа типологияға сәйкес бірнеше тарих философиясы жүйелері бар: 1) Құдай шешімін тарихтың қозғаушы күші деп есептейтін теологиялық тарих философиясы; 2) тарихтың қозғаушы күші сапасында трансценденттік заңдылықты немесе тағдырды алатын, метафизикалық тарих философиясы; 3) тарихтың қозғаушы күші деп идеяларды немесе адамның рухани өмірін есептейтін, идеалистік тарих философиясы.
2. Жеке адамның қоғамда өмір сүре отырып жететін сапасы нәтижесінде олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсалалы қатынастары анықталады. Ел болу мәселесі, ұлтты сақтау, жерді, туған атамекенді қорғау мәселесі қазақ халқы үшін қашанда тарихи даму тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі. Осы аталған мәселелер ешқашан да күн тәртібінен түскен емес. Олар әр түрлі тарихи кезеңдерге байланысты көкейкестіленіп, қоғамдық ой-сананың өзегіне айналып отырған. Бүгінде осы мәселелер тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алдында тұр. Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында да «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи астарына тоқтап өтті.
Ал «Мәңгілік Ел» идеясын философиялық тұрғыдан талдаудың өзіндік ерекшелігі бар екендігін айта кеткен жөн. Біздіңше, ең басты философиялық ұстаным - ол қазақ халқының осы идеямен бірге өмір сүріп келе жатқандығында, оған үнемі оралып, оны сана мен ойдың пәні ретінде сезінуінде, тіршіліктің басты бағыты ретінде қабылдап, оны үнемі білім және рухани құндылықтармен толықтырып, өмір сүру философиясының өзегі деп қабылдауында болса керек. «Мәңгілік Ел» - ұлттық дүниетанымның басты бағыты және қайнар көзі. Оның ішкі мазмұны үнемі даму, өзгеру, жаңғыру арқылы жүріп отырады. «Мәңгілік Ел» идеясында қазақ халқының сығымдалған, жүйеленген өмір сүру тәжірибесінің әлеуметтік-мәдени коды бар. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттың тарихи даму үрдісінен тысқары қарау мүмкін емес және қолдан немесе ойдан шығарылған мәселе еместігі тағы белгілі. Себебі, бұл мәселе қазақ қоғамы үшін қашанда өзекті. Екіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы, кейбіреулер айтқандай, «утопия» немесе ойдан шыққан адам қиялы жетпейтін, абстрактылы ұғымдар жиынтығы емес. Ол - Қазақстанның онтологиялық болмысын анықтайтын ұлттық идеяның темірқазығы, қоғам дамуына бағыт-бағдар беретін, сан ғасырлар бойғы ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырудағы рухани-саяси ұстаным.
Басқаша айтқанда, ол - ұлттық идеологияға пара-пар нәрсе. Кешегі тоталитарлық жүйе кезінде бір идеология болғаны белгілі. Ол идеология социализм жүйесінің күйреуімен бірге тарих саханасынан келмеске кетті. Қайта құру дәуірі кезінде радикалдық тұрпаттағы «реформаторлар», Қазақстан мемлекеттік идеологияға мұқтаж емес, мемлекет идеологиядан тысқары болуы керек, тоталитарлық идеология мен демократия ұғымдары өзара сәйкес келмейді деген ойларды айтқаны белгілі. Тоталитарлық идеология мен демократиялық құндылықтар арасында қайшылық бар екені және олар бір-бірімен келіспейтіні, тіпті, антогонистік сипатта екені белгілі. Бірақ, бұдан жалпы қоғам, мемлекет дамуына идеология керек емес деген ой тумаса керек. Кешегі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «идеологиясыздандыру» үдерісі және тәуелсіз ел идеологиясын қалыптастыру мен дамыту қатар жүргені белгілі. Идеология туралы нақты айтылмаса да тәуелсіз мемлекет құрудағы идеологиялық ұстанымдарды мемлекеттік деңгейде жүзеге асыру іс-әрекеті болғанын мойындауымыз керек. Бүгінгі күнге келер болсақ, ұлттық идеология туралы еркін айтуға мүмкіндік бар. Бұл жолдағы ең басты ұстаным ұлттық идеологияны қазақстандықтардың дүниетанымдық бағытына айналдыру болуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идеологияның негізгі факторы ретінде қарай отырып, оны барлық қазақстандықтар қолдайтын ортақ, әлеуметтік, этностық, діни бірегейлікті қамтамасыз ететін басты ұстанымға айналдыру қазіргі кезеңнің басты міндеті болмақшы. Сонымен бірге, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік - ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс. Сондықтан да «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың тұжырымдамалық негізін философиялық тұрғыдан талдау қажеттілігі туындайды. Біздіңше, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бері жүзеге асырып келеді. Ол қазақ халқының тарихи санасын қалыптастырып дамытуға бағытталған. Осындай бір алғашқы қадамдардың қатарына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы» Заңын жатқызуға болады. Мұны «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудағы басты нық қадам деп қабылдауымыз керек.
«Мәңгілік Ел» идеясының келесі тұғыры, негізі - Елбасы үнемі айтып келе жатқан елдің ішкі тұрақтылығы, халықтардың өзара достығы мен татулығы, бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасы. Этнос және дінаралық келісім мен татулық Қазақстан дамуының басты тұғыры. Тек тату, бірлігі жарасқан ел ғана алға қойған мақсат-мұраттарына жете алады. Сондықтан ел ішіндегі татулық пен тұрақтылық «Мәңгілік Ел» жолындағы басты ұстаным болып қала бермекші. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы - қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен өлшенеді. Мемлекет қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем болады. Мемлекеттік тілде сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын арттырады. Тіл - ұлттың мәдени коды, ойлау және таным, дүниеге қатынасының, құндылықтарды бағалай білу жүйесінің коды. Сонымен бірге, тіл - билік, үлкен саясат. Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты негізі. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Бұл жолда тілдік және ақпараттық кеңістікті қорғау, оған мемлекеттік тұрғыдан ықпал ету, ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ел тәуелсіздігін қорғаудағы басты ұстаным болуы тиіс. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың тағы бір негізі халық пен билік арасындағы сенімді нығайту. Халықтың билікке сенімі күшті болған сайын, қоғамды ортақ мұратқа жұмылдыру жеңіл болады. Халықтың билікке сенімсіздігін көрсететін бірден-бір фактор - сыбайлас жемқорлық. Жемқорлық қоғамды рухани тұрғыдан ірітіп, тәуелсіздікке қауіп төндіреді. Адамдардың ментальдық болмысын өзгертіп қоғамның барлық саласына өзінің жағымсыз әсерін тигізеді.
Сондықтан да жемқорлық мінез-құлыққа қарсы күресті күшейту арқылы адал еңбекке негізделген іс-қимыл «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға көмектеседі. Қазақстан алып мемлекеттер жанында (Ресей, Қытай) тек рухани сілкініс арқылы, жалпытүріктік жұмылдырушы әлеуетін пайдалану, рухани, діни, саяси бастамаларға мұрындық болу, белсенділік таныту арқылы өмір сүре алады. Басты философиялық ұстаным: «Идея императоры кім болса, болашақ сонда» деген қағиданы жүзеге асыру барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеядан ұлттық идеологияға айналады. Ал ұлттың бәсекеге қабілеттілігін білім беру жүйесін жаңа сапаға көтеру арқылы қол жеткізуге болады. Сапалы білім беру жүйесін дамыту - «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын басты негіз. Білім беру жүйесі мәдениетпен тікелей байланысты. Білім беру жүйесінің басты мақсаты қандай деген сұраққа күні бүгінге дейін толық та нақты жауап жоқ. Мұндай жағдайды мына себептермен түсіндіруге болады: білім беру жүйесінің мақсатын педагогтар мен философтар емес, керісінше, саясаткерлер мен білім саласының шенеуніктері айқындап отыр және бұл міндет солардың мойнына жүктелген. Олар үшін креативті, шығармашылық сипатта ойлайтын адамдардан бұрын, қарапайым орындаушылар көп керек тәрізді. Бүгінгі білім беру жүйесі ортаңқолды орындаушыларды дайындауға қабілетті болғанмен, бәсекеге қабілетті шығармашылық деңгейде ойлайтын мамандарды дайындауға қабілетсіз болып отыр. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін білім беру жүйесінің мақсатын өзгерту керек. Ол, біздіңше, креативті, шығармашылық сипатта ойлайтын «мәдениетті тұлғаны» қалыптастыру. «Мәңгілік Ел» идеясының философиялық мәдени астарын талдауда ерекше назар аударатын мәселе - ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктен басталады десек, ұлттық тәрбие отбасынан бастау алуы керек. Отбасылық тәрбие мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруды басты мақсат ретінде ұстануы керек. Бұл жолда үлкенді құрметтеу мен ата-ананы сыйлауды, ар, намыс, ұят сынды құндылықтарды жастар санасына сіңдіруді басты идеологиялық ұстанымға айналдырудың маңызы зор. Қазақ болашағы тектілік пен кісілікті, бірлік пен татулықты, білім мен адамгершілікті ұштастыру негізінде жүруі тиіс. Отбасы мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет. Отбасы болашақ жастарды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелей отырып, олардың санасына патриоттық сезім ұялатуы тиіс. Сонымен бірге, әйел-ананы қорғау, құрметтеу, жетім мен жесірін қорғау қоғамның ұлы жолдағы басты құндылығы ретінде мойындалуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Патриотизм біздің қазақстандық жастар үшін этностарды бөлшектейтін, жіктейтін, бір-біріне қарсы қоятын күш емес, керісінше, біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс және олардың ментальдық болмысында қағида ретінде қалыптасуы қажет. Ел мәртебесі, оның асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек әділеттілік пен өзара ынтымақтастық пен сыйластық негізінде қол жеткізілуі тиіс. Қысқасы, бүгінгі қазақстандық жастарды осы аталған позитивті бағытта тәрбиелеудің маңызы зор. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзега асыруда ұлт зиялыларына да жүктелер жұмыстың салмағы өте ауыр. Ұлт зиялылары ұлт мүддесін қорғай алатын жағдайда болуы тиіс. Бұл жолда Қазақстанға инновациялық, креативті тұрғыдан ойлайтын элита қажет. Ол дәстүрлі емес, пассионарлық рухта тәрбиеленген элита болуы тиіс. Бұл жолдағы басты бағыт - құлдық санадан арылу, жалтақтық пен жағымпаздық дертінен ада сана қалыптастыру. Ұлтты руға бөлшектемейтін, трайбализм дертінен арылған, ұлт болмысына сын көзбен қарайтын ұлттық ойлау жүйесі қалыптасуы керек. Қазақ біртұтас, мемлекет құраушы ұлт деген ой жетекші күшке айналуы тиіс. Бұл - басқа этностық топтар алдындағы артықшылық емес, керісінше, асқан жауапкершілік әрі бұл қазақтан асқан саяси мәдениеттілікті талап етеді. Өз кезегінде ұлттық сананың жаңаруы жаңа жағдайға сай жаңаша еңбек ету философиясын қалыптастырады. Бірінші орынға адал да өнімді еңбек ету, ғылым мен техника, жаңа технологияға негізделген бәсекеге қабілетті өнім өндіру шығады. Бұл өз кезегінде жаңа дүниетаным мен жаңаша өмір сүру үлгісін қалыптастыруды талап етеді. Қазақстан бұл жолда тек инновациялық, синергиялық, экологиялық, ақпараттық, ақылды экономикаға, рухани салада ұлттық құндылықтарға ғана сүйене алады.
Бір сөзбен айтқанда, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде қабылдау бүгінгі Қазақстан дамуының ішкі қажеттігінен, мемлекеттің тұтастығын сақтау идеясынан туындап отырғаны сөзсіз. Бұл идея тәуелсіз мемлекет алдында тұрған басты сұраққа жауап беріп, ұлттың болашақтағы дамуына жағымды әсер етуі тиіс. Сонымен бірге, ұлттық идея алдыңғы қатарлы және адамзаттың даму бағыты мен үрдісіне сай келетін болуы керек. Міне, осы тұрғыдан келгенде, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқын біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін идея десек, артық айтқандық емес.014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
«Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді. Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. М. Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі.
Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған. Көрнекті еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев «От Руси к России» атты еңбегінде: «Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді. Алғашында оны Ұлы Түркі қағанатын құрған көне түріктер біріктірді. Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған монғолдар, кейіннен Ресей өз қолына алды» — дейді. Л.Н.Гумилев еуразия құрлығының бірлігі, мәңгілігі туралы ойын көне түріктерден бастайды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының негізінде Ресейлік емес, түріктік ынтымақтастыққа қол жеткізіп, көне түріктердің мәңгілік ел идеясының өміршеңдігін дәлелдеуіміз керек.«Тұтас түрік елі» идеясынан «біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір. Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап көтеруде. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идеология қалыптастыру жолындағы ойларын Елбасы сараптады. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан конфедерациясы», «Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде геосаяси өмірге тең құқықты субъект ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі өзара қарым-қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, өзгелермен терезесі тең тұлға ретінде бой көрсете алады. Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың құрылуы болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің көтеріле түсетіні сөзсіз» — деп түрік бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті. Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударатын кез келді.
Рухани жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.
Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата бабаларымыз жете түсінген. Батырлықтың, шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ал ұлтына игілік әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа биім, өресі биік адамның ғана қолынан келмек. Сырттан келетін, елді әлсірететін, ең соңында елді тәуелсіздіктен айыратын нәрселерге тарихтағы қазақ жастарының рухани деңгейімен қарсы тұруы, ауызбіршіліктің, білімі арқылы саясаты мен тәжірибесі күшті жаумен иығын теңестіре білуінде. Бұл жаста болса қазақтың ұл, қыздарының заманынан қалмай болашақты зерделеп, ұлттық мүдде деңгейінде ойланған деңдеңгейін көрсетеді.
Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Өмірге ширыққан адам елге жаны ашитын, бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар игілігін елге арнайды. Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді.
Рухани жаңғыру шыныменде ұлттың, елдің болмысына тән құбылыс және халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи қажеттілік. Мемлекет халықтың ортақ үйі, сол үйді күтіп баптайтын, рухын сақтайтын, қорғайтын адам мемлекеттен, қоғамнан бөлінбейді, мемлекетінің мүддесінен, төл мәдениетінің болмысынан қол үзбейді. Керісінше мемлекетті, халық үшін, ұрпақтың келешегі үшін заманның талабын зерделеп, одан өтудің жолын білімімен іздейді. Адамды, халықты бұндай дәрежеде ойлауға жетелейтін ұлттық сана. Ұлттық сана елдің тархы мен мәдениетіндегі тәжірибелер арқылы ұрпақтың уақытымен үйлессе елдің тұтас ұлттық зердесі қалыптасады немесе заман талабына сай өрісін кеңейте түседі. Бұндай ұлттық сананың құбылысы тарихымызда үнемі өзінің танымдық қызметін атқарып отырған. Мәселен түркі қазақ жұртының Мәңгілік Ел болу идеясы ұлттың зердесінен туған дүние. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсетілгендей, неғұрлым адам өзінің бар мүмкіндігін тарихтың елегінен өткізген сайын уақыт талабын игеруге қабілетті келеді.
Уақыт бір орында тұрмайды, заман алға жылжиды. Уақыт өрісіндегі заман болмысының ерекшеліктері мен белгілері ұрпаққа жүктелетін міндетіне тәуелді. Өз дәуірінің ел болашағымен біріктіретін міндетін дұрыс орындай білген ұрпаққана мемлекетінің мүддесін сақтап, өзінен кейінгі буынға табыстап кетеді. Аға ұрпақтың кейінгі буынға табыстайтын дүниелері ұлттық құндылықтар. Олардың кейінгі дәуірде өмір сүруіне ықпал ететін ұлттық қасиеттер. Ұлттық қасиеттер болмаса ұрпақтың бірегейлікте өмір сүру ұстанымы қалыптаспайды. Абай айтқандай ұлттық сана болмаса қара басының қамынан аса алмаған, бас басына би болған өңкей қиқым ұлттық рухы жоқ адамнан шығады. Осы себептен ұрпақтың заман талабына сай ізденуіне, рухан кемелденуіне, бірігуіне ықпал ететін ұлттық код.
Рухани жаңғырудың негізі ұлттың қасеттері мен рухан құндылықтарға тәуелді болса, оның әлеуметтік өрісі қашанда білімге, еңбекке және табандылыққа келіп тіреледі. Қазақ баласына білімнің рухын түсіндерген. Жеке адамның білімге деген құрметі оның толыққандың білім алуына, рухани деңгейінің қалыптасуына қыпал етеді. Абай мен алаш зиялыларының заманында ел тұрмысының қиыншылығына қарамастан көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялыларының шығуына ықпал еткен қазақтың өнер, білім және ғылым туралы кемел түсінігі. Ұлттық тәрбедедегі уақыттан қалмайтын және білімі тозбайтын құндылықтар олардың талапты, арлы, жігерлі, еңбекқор, қиындыққа төзімді, ақылды және рухани терең болуына ықпал еткен. Осы тұрғыдан алаш зиялыларының болмысына, тархи қызметтеріне қарайтын болсақ рухан жаңғыру ұрпақтың тарих, отан, келер уақыт алдындағы кісілік қасиеттерімен тұлғалық ұстанымының әлеуметтік ортада қатар сақталуы. Ұлттық кодынан қол үзбеген жеке адам заманынан қалмайды, өз заманында алға ұмтылады, өз заманның жетістіктеріне қол жеткізеді және оны ұлт игілігіне айналдыра алады. Алаш зиялысы Әлихан Бөкейханов жазып кеткендей, «Әділдік жоқ жұртта, береке бірлік болмайды. Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар, қысты күні үңгірде жатып өз аяғын сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайланса да, сорғаны өз аяғы» Рухани жаңғыру жаңашылдыққа қол жеткізу, заманның жетістігін бағындыру. Жаңашылдық әлеуметтік ортадағы мәдениеттілікпен өлшенуі тиіс, парақорлық, жемқорлық күш алған тұста жеке адамның, әлеуметтік ортаның рухани жаңғыруы, жаңашылдығы тежеліп отырады.
Туған жерін ұмытпайтын адам туған елін қадірлейді. Елді қадірлеу туған жердің рухын бойға сіңіріп өсуден басталған. Сондықтан да, елде туып, елде тұрып елге жаны ашымаған адам зиялылар қатарында болған емес. Зиялылықтың бірінші шарты адамның туған жерге, халыққа және ұлт болашағына деген шынайы жанашрылығынан бастау алмақ.
Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухан жаңарудың түп қазығы, ұлттың негізі арқылы жеке адамның, халықтың, елдің уақыт талабына сай ізденуі, еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар бағалап, қатар қорғай алған қоғам ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына, еліне игілік әкелетін дүниелерді қалыптастырады.
Қорытындылай келе, рухани жаңғыру белгілі бір межемен аяқталмай, үздіксіз жүзеге асып жатуы керек. Себебі, қазіргі ғылым мен технология аса жылдам қарқынмен дамып бара жатқан заманда, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырып, жасампаз ұлт ретінде үнемі түлеп, рухымызды көтеріп, жаңарып, өркендеп отырмасқа лажымыз жоқ. Бір сәт мүлгіп кетсек ғарыштың жылдамдығымен дамып жатқан әлемде, өркениет көші бізді күтіп тұрмай біраз жерге ұзап кетеді. Содан соң ол көшті қуып жетіп, оған ілесу қиындай түседі. Сондықтан, рухани жаңғыру да ұлт ретінде жаңғырып, дамып отыруымызбен қатар жүруі керек. Бірақ, осы рухани жаңғыруды бесжылдықтармен, онжылдықтармен өлшеу қиындау. Себебі, бұл – рухани дүние. Ал рухани жаңғыруды адам, қоғам сезінуі тиіс. Қазақ халқының рухы биіктеп, бәсекеге қабілеттілігі артып, өнері өрлеп, ғылымы өркендеп, мәдениеті мен дәстүрі үстем болып, мейрімді, адал, ақылды, білімді, бауырмал, ұлтшыл, елшіл, кеңпейіл, отаншыл жандар қауымы қаумалаған қоғам құра алсақ, онда рухани жаңғырғанымызды еліміздің әр азаматы өзі-ақ жан-тәнімен сезінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет