Лекция тақырыбы: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері. Лекцияның оқыту нәтижелері: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктерін базалық


Мінездің құрылымы және индивидуалдылық пен типтілік



бет6/8
Дата16.10.2023
өлшемі49,12 Kb.
#185821
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
IAWDRSELDHJN15102023224431
Мұратбек Арайлым.БӨЖ мәдениеттану, 11 сынып Қазақстан тарихы билеттері

Мінездің құрылымы және индивидуалдылық пен типтілік.


Мiнез түрi ӛзiнiң құрамындағы бiтiстердiң жалпы сипатына тәуелдi келедi, ал бiтiстер негiзгi немесе же-текшi және қосалқы болып бӛлiнедi. Негiзгiлерi адамның бағыт- бағдарын айқындауға ықпалын тигiзiп, яғни адам-ның тұрақты мiнезiнiң сипатын бередi де, қосалқылары мiнез қырларын толықтыра түседi. Мысалы, батылсыз-дық, қорқақтық және альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi жетекшi мәнге ие болса, онда адам секемшiл мiнездi келiп, бiреуге жақсылық, яғни альтруистiк қадамында жалтақшыл, күдiктi болуынан кӛздеген iсiне бара алмайды. Керiсiнше, альтуристiк қасиет басым келсе, алғы екi жағымсыз бiтiстердi қаймықпай басып, қайырымдылық iсiнде батыл мiнездi қадам жасайды.
Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәнi адам араласып, байланысқа келген ӛмiрлiк объекттердiң маңызымен анықталады:
Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - ӛтiрiкшi, әдептi - дӛрекi

т.б.).

Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер – ерiншек т.б.)


Ӛз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-ӛзiмшiл т.б.). Заттарға қатынасынан (сақи - ашкӛз, ұқыпты – салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бәрiнiң де мiнез түрiнiң қалыптасуында үлкен

маңызға ие екенi сӛзсiз, дегенмен тұрақты, нақты мiнездiң орнығуы ең алдымен адамның адам-мен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесiне тәуелдi. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. фор-маларда

кӛрiнетiн iзгi ниеттерiнен бӛлек мiнез түрi болмайды. Адамдар ӛзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бiрi екiн-шiсiнiң мiнезiне таңбасын салады, осыдан кей адамдар әрекет-қылығында ӛзара ұқсастыққа келедi немесе қарама- қарсы, бiрақ бiрiнiң кемшiлiгiн екiншiсi толықтыратын бiтiстердi игередi. Алайда, еңбек, iс- әрекет қатынастарында қалыптасқан мiнез бiтiстерi мәндiрек келiп, мiнез түрiнiң басқаларынан ажыралуына себепшi болады.
Мiнез әр тұлғада ӛзiнше кӛрiнiске ие, солайда болса, оның құрамында белгiлi топ адамдарына ортақ бiтiстердi бiрiктiруге болады. Осыдан, мiнез түрi (типi) - адамдардың кейбiр тобына тән қасиеттiң бiреудiң дара мiнезiнде нақты кӛрiнуi. Мұның түпкi себебi - мiнез тума берiлмейдi, әр адамның белгiлi топ, қоғам ӛкiлi болуынан оның ӛмiр жағдайы мен iс- әрекетiне сай қалыптасады.
Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, ӛзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әртүрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылым дейді. Ал мінездегі ӛзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады. Қалыпқа түскен, адамгершілігі айқындала бастаған мінездің негізгі компонентіне сенімдер жүйесі кіреді. Сенімділік адам мінез – құлқының принциптілігін, күресте бас имейтіндігін, ӛз күш –жігерін жұмсайтын істің әділдігі мен маңыздылығына сенетіндігін анықтайды. Қажеттілік пен мүдденің басымдылығына қарай адамның ӛзіндік мінезі қалыптасады. Рухани немесе материалдылық қажеттілік пен мүдденің ӛктем болуы адамның сезімдерін ғана емес, оның іс бағытын да анықтайды. Қалыпқа түскен ұнамды мінездің ӛзегі – жеке адамның ерік-жігерлілік сапасы болып табылады. Ерік-жігері күшті адам талап – тілектерінің және қылықтарының анықтылығымен, ӛз бетінше әрекет ете алушылығымен кӛзге түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет