Сонымен, темперамент - бұл адамның психика-лық әрекетiнiң динамикасын айқындайтын дара қасиеттерiнiң жиынтығы. Ал қасиеттер iс- әрекеттiң барша түрiнде мазмұн, мақсат, сеп-түрткiлерге тәуелсiз, бiрдей сипатта кӛрiнiс бередi, ересек шақта да ӛзгерiссiз тұрақталады. Психикалық қасиеттер ӛзара байланысқа келумен белгiлi темперамент типiне негiз
болады. Темперамент типiнiң нақты кӛрiнiсi сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана емес, сонымен бiрге барлық психикалық құбылыстар да: сезiмде, ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тiлдесу ерекшелiктерiнде ж.т.б.- байқалады.
Қазiргi кезеңде психология ғылымы белгiлi жүйеде темперамент типтерiнiң бәрiне толық психологиялық сипаттама беруге негiз боларлықтай деректер топтаған. Алайда, дәстүрлi қабылданған темпераменттiң тӛрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрiнiң психологиялық сипатын түзу үшiн кӛбiне тӛмендегi аталған негiзгi темперамент қасиеттерi қолдануда:
Сезiмталдық (сензитивность) - адамның қандай да психикалық жауап әрекетiнiң (реакция) пайда болуына себепшi сыртқы әсер күшiнiң ең тӛменгi деңгейi мен сол жауап- әрекеттiң туындау шапшаңдығы.
Жауап-әрекетке келу (реактивность) - бiрдей ықпалды сыртқы не iшкi әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесi.
Белсендiлiк (активность) - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергiлердi жеңу үшiн жұмсалған әрекет- қылығының қарқындылығы (табандылық, зейiн қою, бағдар таңдау ж.т.б.).
Жауап-әркетке келу мен белсендiлiк қатынасы - адам iс-әрекетiнiң ӛзiн пайда еткен себепке қаншалықты тәуелдi екенiн бiлдiруi: кездейсоқ сыртқы немесе iшкi жағдайлар (кӛңiл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам ж.т.басқалардан.
Икемдiлiк (пластичность) - адамның сыртқы әсерлер мен ӛзгерген жағдайларға қаншалықты жеңiл әрi жылдам үйренiсе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт (инертно), тiптi жат қылық кӛрсетуi.
Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сӛйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой бiлдiру шапшаңдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |