Лекция тақырыбы: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері. Лекцияның оқыту нәтижелері: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктерін базалық



бет2/8
Дата16.10.2023
өлшемі49,12 Kb.
#185821
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
IAWDRSELDHJN15102023224431

Темперамент туралы теориялар


Темпераменттер жӛнiндегi ғылымның iрге тасын қалаған ежелгi грек дәрiгерi - Гиппократ (б.э.д. V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар тӛрт "дене шырындарының" - қан, шырыш, ӛт, запыран - ӛзара қатынасымен ажыралады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгi дүние дәрiгерi Клавдий Гален (б.э.д. II ғ.) алғашқы рет темперамент түрлерiне ғылымдық си- пат бердi. Гален темперамент түрiн денеде жоғарыда аталған шырындардың бiрiнiң басымдылығымен байланыстырды. Ол бiздiң заманымызға дейiн жеткен темперамент атауларын белгiледi: сангвиник (sangius - қан), флегматик (phlegma - шырыш), холерик (chole - ӛт), меланхолик (melaschole - запыран). Гален ендiрген бұл ғажайып жаңалық кейiнгi жүзжылдықтар желiсiнде кӛптеген ғалымдар iзденiсiне күштi ықпалын тигiздi.
Ежелгi дәуiрлерден бастап зерттеушiлер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметiнiң ерекшелiктерiмен сай келетiн кӛп түрлi әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтiруге ат салысты. Осыған орай темпераменттiң кӛп түрлi типологиясы қалыптасты. Бұлардың iшiнде назар саларлықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттерiне негiзделген - конституциялық типология (Э.Кречмер). Бұл теорияның мәнi: әр адам ӛз дене құрылымына орай ӛзiндiк психикалық ерекшелiкке ие. Осыдан, дене мүшелерiнiң (қол, аяқ, бас, кеуде ж.т.б.) сырттай ӛлшемдерiне байланысты тӛрт конституционалды психикалық тип белгiленген:
Лептосоматик - бойшаң, нәзiк денелi, кӛкiрек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
Пикник - мығым, семiзшең, кiшi немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас,қысқа мойын.
Атлетик - бұлшық еттерi күштi дамыған, денесi мығым, берiк; ұзынша не ортабойлы, кең иықты, жамбас сүйектерi тартылған.
Диспластик - дене бiтiмi қисынсыз. Бұл адамдар - әрқилы мүшелiк зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемiстер).
Аталған дене құрылымы типтерiне үш темперамент типi сай: шизотомик, иксотомик,циклотомик.Шизотомик - дене құрылымы нәзiк, әлсiз дамыған (астенический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен кӛзқарастар ӛзгерiмiне ере бермейдi, осыдан қоршаған ортаға икемдесуi
қиын. Иксотомик- денесi мығым (атлетический), мiнезi байсалды, сезiмталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабiлетi шабан, кӛбiне майдашыл. Циклотомик - семiзшең, домаланған денелi, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бiрдей, тiл табысқыш, кӛзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негiзiн қалаған - Э.Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны ӛзiндiк ерекшелiктерiмен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрi жалғастырған У.Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерiн айыруда ұстанған принципi - адам дене құрылымы және оның ӛзiнiң жаңалығы - эмбриологиялық белгiлер.
Конституциондық тұжырымдардың кӛпшiлiгi жантану ғылымында ӛткiр сынға алынды. Бұл теориялардың негiзгi кемшiлiгi - тұлғаның психикалық қасиеттерiнiң қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтiк жағдайлардың ескерiлмеуi. У.Шелдон теориясын сынға алған Я.Стреляу былай жазады: "Адамның тамаққа әуес болу, ұжымшыл болу не қайырымды болу сияқты темпераменттiк қасиеттерi оның дене құрылымындай нәсiлдiк белгi емес, мұндай қасиеттер анатомиялық-физиологиялық негiзге ие болғаныментәрбие және әлеуметтiк ортада ғана қалыптасады".
Ал ғылым шындығына келетiн болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесi қызметiмен байланысты екендiгi ежелден-ақ белгiлi болған. Темперамент түрлерiнiң кейбiр жалпы психикалық процестер ерекшелiгiне тәуелдi келуi И.П.Павлов және оның шәкiрттерiнiң еңбектерiнде эксперименталды дәлелденген.
И.П.Павлов иттiң шартты рефлекстiк әрекет ерекшелiктерiн зерттей отырып, олар қылық-әрекеттерiндегi даралық ӛзгешелiктердiң пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердiң рефлекстiк қозулары мен сол қозулардың сӛну теңдiгi мен дәлдiгiнен кӛрiнген. Бұл жағдайлардың кӛрiнуi жүйке процесiнде қалыптасатын тұрақты қасиеттер - қозу және тежелуге байланысты екендiгi жӛнiнде эксперименттермен дәлелденген. И.П.Павлов темперамент типiнiң жүйке қасиеттерi ретiнде қозу мен тежелу күшiн, тепе-теңдiгiн және қозғалмалылығын атап кӛрсеттi.
Қозу күшi мен тежелу күшi - бiр бiрiне тәуелсiз жүйке жүйесiнiң дербес қасиеттерi. Қозу күшi жүйке жасушаларының әрекетшеңдiк қабiлетiнiң белгiсi. Осы күш-ке орай жүйке тӛзiмдi, ұзақ не қысқа мерзiмдi әсерлi қозуды сақтай алады, тежелуге бейiмделедi. Ал тежелу күшi жүйке жүйесiндегi күштi әсерлердi басып, сӛну және бiрiктiру шартты реакцияларын iске асыру қызметiн атқарады.
Жүйке жүйесi процестерiнiң тепе-теңдiгi қозу мен тежелу құбылыстарының ӛзара бiрдейлiк сипатын кӛрсетедi. Осы екi процесс күштерiнiң аралық қатынастарынан, бiр процесс күшi екiншiсiнен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесiнiң үшiншi қасиетi - жүйке процесiнiң
қозғалмалылығы - бiр жүйке процесiнiң екiншi түрiне ауысу жылдамдығында кӛрiнедi. Сонымен бiрге, жүйке процестерiнiң қозғалмалылығы адам қылық-әрекетiнiң ӛмiр жағдайларының ӛзгеруiне сай қалыпқа ене алу қабiлетiн де танытады. Жүйке жүйесiнiң мұндай қасиетiнiң ӛлшемiн бiр әркеттен екiншiсiне, енжарлықтан белсендiлiкке немесе керi ӛту шапшаңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс - жүйке жүйесiнiң селқостығы (инертность). Бiр процесс түрiнен екiншiсiне ӛту үшiн қаншалықты кӛп уақыт пен күш қажет болатын болса, жүйке жүйесiнiң селқостығы сонша үлкен болғаны.
Аталған жүйке процестерiнiң қасиеттерi негiзiнде жүйке жүйесiнiң типi немесе жоғарғы жүйке қызметiнiң типi деп аталатын құрылым түзiледi. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесiне тән негiзгi қасиеттер бiрлiгiнен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерiнiң күшi, тепе-теңдiгi, қозғалмалылығы. Осы үш қасиеттi негiзге ала отырып, И.П.Павлов жүйке процесiнiң күшiне орай және күштi тип пен әлсiз типтi айыра, дәстүрлi Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесiнiң тӛрт негiзгi типiн ажыратты: күштi, қозу мен тежелуi теңдей, қозғалмалы-сангвиник; күштi, қозу мен тежелуi теңдей, салғырт - флегматик; күштi, қозуы басым - холерик; әлсiз тип - меланхолик.
Сонымен, И.П.Павлов түсiнiгiнде, жүйке жүйесiнiң типi тума берiледi, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан ӛзгерiске келе бермейдi. Осыдан жүйке жүйесiнiң қасиеттерi - жүйке жүйесiнiң жалпы психикалық кӛрiнiсi болған темпераменттiң физиологиялық негiзiн қалайды, яғни адам темпераментi - жоғары жүйке жүйесiнiң сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесi.
И.П.Павлов негiздеген типология темперамент психологиясы саласындағы кӛптеген лабораториялық зерттеулерге бастама бердi. 50- жылдары жүргiзiлген осындай iзденiстер нәтижесiнде И.П.Павловтың шәкiрттерi В.М.Теплов, кейiн В.Д.Небылицын темперамент типологиясын жаңа элементтермен толықтырды. Ересек адамның жүйке жүйесiн эксперименталды талдауға ала отырып, жүйке процесiне байланысты екi қасиеттi: лабильдiк және динамикалық - ашты. Жүйке жүйесiнiң лабильдiгi - жүйке процесiнiң туындау және сӛну шапшаңдығында кӛрiнедi де, ал динамикалылығы - қоздырғыш, ұнамды және керi әсерлi, тежегiш шартты рефлекстердiң оңай және жылдам түзiлуiнен байқалады.
Кӛп зерттеулердiң нәтижесiнде осы заман психологиясының теориялық тоқтамы: әрқандай адам белгiлi типтi жүйке жүйесiне ие. Нақты жүйкелiк типке сай темперамент қасиетi дара психологиялық ӛзгешелiктердiң мазмұнын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет