Лекция тезисі №1 лекция тақырыбы. Математика тарихы және методология пәні. Математика мұғалімін дайындау жүйесіндегі математика тарихының және методологиясының ролі


Әдебиеттер: [2,4-6,8-10]; [14,15,20]; [26-31];[32-34]; [35-37]



бет9/24
Дата08.02.2022
өлшемі154,37 Kb.
#120542
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
1-8 лекция тезисі (1)

Әдебиеттер: [2,4-6,8-10]; [14,15,20]; [26-31];[32-34]; [35-37].
5 лекция тақырыбы. Ежелгі және Орта ғасырлардағы Үнді математикасы (Қайнар көздер. Позициялық ондық номерлеу. Сандарға қолданылатын амалдар. Алгебралық символика. Теріс және иррационал сандар. Геометриялық білімдер. Тригонометрия. Сандық қатарлар. Комбинаторика)
Б.э.д. ІІІ мыңжылдықта алғашқы халқы қоныстана бастаған үнді жерінде өркениеттің дамуы басталды.
Б.э.д. VІІ-V ғасырларға үнді жеріндегі алғашқы математикалық ескерткіштер кіреді.
Б.э.д. І мыңжылдықта брахмандардың «Веды» (білім) атты кітаптары пайда болды.
VІІ-VІІІ ғасырларда Ариабхата мен Брахмагупта еңбектері бүкіл ислам еліне танымал болды және араб тіліне аударылды.
Б.э.д. ІХ ғасырдан кешікпей үндіде Вавилон халқымен байланыс орнады. Оңтүстік үндіде Магавира (ІХ ғ.), Бхаскара (ХІІ ғ.) математиктері еңбек ете бастады.
Үнділіктердің ғылыми трактаттарының көбі – санскритте жазылған. Яғни, брахмандардың діни кітаптарының тілінде. Тек қана ХVІІ ғасырда Үнділіктер ғылыми трактаттарды қатынас тілінде жаза бастады.
Осы жерде ежелгі және орта үнді математиктері туралы мәліметтер толық емес екендігін атап өту керек.
Астроном-математиктердің еңбектерінің ең маңыздысы 628 жыл шамасында Брахмагупта жазған «Сидханта», яғни «оқу» еңбектері болып табылады. Ол 20 кітаптан құралатын «Усовершенствованное учение Брахмы» деп аталады және 1 бөлімі астрономдарға арналған, ал ХІІ кітап арифметика мен геометрияға, ХVIII кітап алгебраға негізделген.
ХІІ ғасырда өмір сүрген ірі үнді математигі Бхаскараға «Венец учения» деген трактат жазды және бұл трактаттың алғашқы бөлімі арифметикаға, екіншісі алгебраға, соңғы 2 бөлімі астрономдарға арналған 4 бөлімнен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет