Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет аясында тәрбиелеу



бет27/72
Дата08.02.2022
өлшемі235,58 Kb.
#123658
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Байланысты:
Ëåêöèÿ òåçèñ³ òà ûðûáû Ñûáàéëàñ æåì îðëû ûìû

1. Тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет аясында тәрбиелеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысын ғалымдар да, практиктер де әлеуметтік мәдениет пен азаматтардың ділінен көреді.
З.Туфан әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүрдің бірлігін бекітетін ойлар мен сенімдердің жиынтығы ретінде ділдік анықтамасын береді.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этностық ерекшеліктерді анықтау үшін осы параграфта белгілі бір этностық топтарды айқын ажыратпай-ақ, азаматтылық тұрғысынан елдің біртұтас халқының мәдениеті мен ділдігі қарастырылды. Бұл тәсіл біртұтас ұлт – Қазақстанның біртұтас халқын қалыптастыруға бағытталған елдің стратегиялық міндеттеріне жауап береді. Алайда, Қазақстан сияқты көп этносты және көп конфессиялы қоғамда этносаралық ықпалдасу және саралау ретінде құндылықтар мен нормалар жүйесі қалыптаса алады. Осы айырмашылықтар бейбітшілік пен этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісінде сақталатын әр алуандықты айқындайды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылықтар.
Азаматтық теңдік әркімнің еңбекке, білімге, денсаулықты қорғау, әлеуметтік теңдікке құқығын бекітетін ел Конституциясымен қамтамасыз етіледі. Бұл қағидаттар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік және білім беру саясатын іске асыруға негізделген. Еңбекқорлық, ғылым мен білім, толеранттылық құндылықтар ретінде нормативтік құжаттарда ғана емес, халықтың салт-дәстүрінде, мәдениетінде, әлеуметтік ойында, ділінде қаланған. Елдің кең-байтақ аумағында орналасқан халықтың ділі қонақжайлық пен толеранттылық, өзара түсіністік пен өзара көмек, дәстүрлерді құрметтеу, әділдік, білімге талпыну мен еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерден қалыптасқан.
Аталған қасиеттер сол немесе өзге де дәрежеде әлемнің басқа да халықтарына тән. Халықтың ділі дәстүрлер, сенімдер, өмір салты, шаруашылық және материалдық мәдениетіне негізделген нормалар мен ережелердің қиылысуы болып табылатын оның күнделікті тәжірибесінде көрініс табады. Ұлттық негіздер адамдардың рационалды, иррационалды, құндылықты, әлеуметтік тәртібінің санаттары туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады. Ұлттық негіздер әртүрлі халықтардың осы белгілері қалай сезілуі мен іске асырылуынан көрінеді. Бұл айырмашылықтар әр халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіндегі айырмашылықтарды болжайды, себебі қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен дәстүрлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ауысады.
Л.В. Савинов атап көрсеткендей, «осында [әртүрлі этностық топтар] өзге нысандары ғана емес, сонымен қатар өзге түсінік пен сыбайлас жемқорлықты өзгеше қабылдау бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет