Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Мемлекеттік басқаруды реформалаудың Сингапурлық тәжірибесі



бет18/72
Дата08.02.2022
өлшемі235,58 Kb.
#123658
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Байланысты:
Ëåêöèÿ òåçèñ³ òà ûðûáû Ñûáàéëàñ æåì îðëû ûìû

2. Мемлекеттік басқаруды реформалаудың Сингапурлық тәжірибесі.
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары 2014 жылға Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне (ИВК) сәйкес Сингапур 7-ші орынды иеленді және Дания, Швеция, Жаңа Зеландия сияқты елдерден кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты ең таза мемлекеттердің қатарында тұр. Бұл ел жалпы рейтингі 100-ден 84 балл жинаған әлемнің ең аз сыбайлас жемқорлық дендеген елдердің төртіншісі болып табылады. Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті шабыттандырушы және ұйымдастырушысы 1959-1990 жылдары премьер-министр лауазымын атқарған Ли Куан Ю болды.
1999 жылдың қарашасында Ли Куан Ю былай деген: «Беделіне дақ түспеген адал, тиімді үкімет басқарушы партияның ең құнды жетістігі мен Сингапурдың басты байлығы болып табылады және солай болып қалады». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ең бірінші кезектегі шаралар ретінде ел басшылығы мыналарды айқындады: – қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы құру; – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы барынша дербес мемлекеттік орган (сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу бюросы) құру; – сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату; – мемлекеттік және муниципалдық қызметшілерге жоғары әлеуметтік кепілдіктер белгілеу; – басқарушылық кадрларының тұрақты және жоспарлы ротациясының практикасы; – сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша айғақтар берген адамның және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне заңнамалық кепілдеме беру; – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті БАҚ-та кеңінен ашып көрсету; – заңдар мен нормативтік актілерге сыбайлас жемқорлық салдары бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу.
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес меритократия қағидатына және конфуций этикасының негізгі канондарына негізделген. Осы себепті дарыны мен қадір-қасиеті негізінде адам капиталын тиімді пайдалану туралы қамқорлық, лауазымды тұлғалардың шынайы жауапкершілігінің орныққан жүйесімен үйлесімде кадрлар тағайындаудың ашық және сенім ұялататын жүйесін енгізудің терең мәні бар. Сингапурдың көшбасшы өкілдерінің көпшілігі «адал және параға сатылмаушылық қағидатын» өмірінің нормасы мен әдет деп түсінеді.
Сингапурда күшті әлеуметтік бағдарланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама әрекет етеді. Жемқорлықты болдырмау туралы акті мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын индекстеуді және тұрақты арттырып отыруды, қағазбастылық кедергілерді болдырмау үшін азаматтармен, кәсіпорындар және ұйымдармен өзара іс-қимыл рәсімдерін жетілдіру, бақылау мен қадағалаудың тиісті ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық орнықты байланыстарды қалыптасуын болдырмау үшін кадрлар ротациясы, қызметтік ақпараттың сыртқа шығып кетуін болдырмау үшін құпиялылық режимін қамтамасыз етуді көздейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нақты шараларын (әрбір 3–4 жылда) қайта қарау көзделген [4].
Күштеп мәжбүрлеу ретінде айыппұлдар, бостандығынан айыру, тәркілеу, жұмыстан босату қолданылады. Әрбір адам парақордың өз бостандығына ғана емес, сонымен қатар өз ұрпағының табысты болашағына да балта шабатынын түсінеді. Және тек бір ғана ұрпағының емес, яғни бірнеше ұрпағының. Мемлекет басшысы ұлттық байлықты қорғаушы, ірі сыбайлас жемқорлық жанжалдарды қатаң және алдын ала тергеудің, ғылыми негізделген кадр саясатын, атап айтқанда атқарушы және сот билігінде, қарулы күштер мен полицияда жоғары лауазымдарға тағайындау бөлігінде жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу бюросы.
Оның құзырына экономиканың мемлекеттік секторында, жеке секторда сыбайлас жемқорлық көріністерін тергеу және жолын кесу, шенеуніктер ортасында сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты тексеру, сыбайлас жемқорлық тәуекел аймағын анықтаудың тиімді әдістерін әзірлеу және басқару жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қаншалықты бейімдігін бағалау кіреді. Парламенттік сайлаулар, сайлау алды науқандары, полиция мен инспекциялардың қызметі (тұрғын үй құрылысы, сауда, денсаулық сақтау, жер құрылысы мен жерді пайдалану, лицензия беру), мемлекеттік қызметшілердің және олардың туысқандарының банктік есепшоттары Бюроның ерекше бақылауында болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформа аясында сот жүйесінің кәсібилігін арттыру мен тәуелсіздігін күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді [5].
Сыбайлас жемқорлық дендеген судьялар корпусы елдің ең үздік заңгерлеріне алмастырылды, олардың арасында жеке адвокаттар көп. Судьялардың қызметтік өкілеттіктері мен нақты іс-қимылдары қатаң регламенттелді. Қағазбастылық рәсімдер жеңілдетіліп, қажетсіз рұқсаттар мен лицензиялар алып тасталды. Қызметтік қатынастардың этикалық стандарттарының сақталуын нақты қадағалау қамтамасыз етілді. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жазалау шаралары қатаңдатылды. Осы шаралардың барлығы мемлекеттің экономикаға араласуын азайтумен, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын арттыру және білікті әкімшілік кадрларды даярлаумен ұштасты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік және муниципалдық аппарат қызметшілерінің еңбекақысын арттырған соң нәтижелі болды. Сингапурдың үкіметі былай шешті: полиция қызметшісі, қатардағы кеңсе қызметкері де пара алу мен басқа да сыбайлас жемқорлық асыра пайдалануға жол бермейтіндей еңбекақы алуы тиіс.
Сингапурдың мемлекеттік қызметі Азиядағы ең тиімділердің бірі саналады. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны шамамен 65 000 адамды құрайды. Президент және премьер-министр, 14 министрлік пен 26 тұрақты комитеттердің қызметтері жақсы оқыған және тәрбиелі кадрлармен жасақталған. Бұл – адамның қабілеті, қызметін қазіргі заманғы материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шенеуніктердің қатаң тәртібі мен еңбекқорлығы, олардың қайсарлығы мен тұрақты кемелденуге ұмтылуы негізінде қызметі бойынша ілгерілеу арқылы қол жеткізіледі. Жоғары нәтижеге жету үшін жұмыстың құрамдас бөлігі қызметшілерді тұрақты даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады. Әрбір мемлекеттік қызметші жылына ең аз дегенде 100 сағат, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша оқуы тиіс.
Сингапурдағы талант-менеджмент. Жоғарыға барар жол ең ақылды, жаңаша ойлайтын және қабілетті адамдарға ашылады. Бұл үшін Сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу жөніндегі бюро жауап береді. Жұмысқа тарту мектептен басталады, одан әрі болашақ элитаны жетелейді: университетке түсуге көмектеседі, шетелге оқуға және тағылымдамаға жібереді, табыстарын көтермелейді.
Сөйтіп, мемлекеттік аппарат дұрыс оқыған және тәрбиелі кадрлармен біртіндеп жаңарады, олардың көпшілігі Бюро қатарын толықтырады. Әлеуметтік стратификацияның барлық қабатында, Сингапурдың мемлекеттік билігінің барлық тармақтары мен деңгейлерінде «тоғышарлық, шенеуніктердің сатқындығы мен моральдық іріп-шіруіне» жиіркенушілік ахуалын қалыптасқан, қоғамда ғасырлап орныққан «азиаттық сыбайлас жемқорлық өмір салтын» бұзу үшін барлық жағдай жасалған. Ақылға қонымды қарапайым тұрғын үй, жеке бағбаны мен жүргізушісінің жоқтығы, қатаң қызметтік орынжай, аса қымбат жеке көлігіне тыйым салу көптеген мемлекеттік қызметшілер үшін саясатта және қызметтік қатынастарда адалдыққа ұмтылу символына айналды. Жұмыссыздықпен күрес, аз қамтылғандарды мемлекеттік қолдау, тұрғын үй мен денсаулық сақтауды субсидиялау, экономика тиімділігінің артуына сәйкес еңбекақыны қарқынды өсіру туралы қамқорлық, әділетті зейнетақымен қамтамасыз ету, теңгермелі салық салу саясаты елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығының кепілі болып табылады [6].
Осылайша, Сингапур бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, экономикалық бостандық және басқарушылық деңгейі бойынша әлемдік рейтингте жетекші орын алады. Сингапурдың мысалы саяси күш-жігер, заңнамадағы тиімді өзгерістер, сатылмайтын Бюро және судьялар корпусының тәуелсіздігінің арқасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жиіркену ахуалын қалыптастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет