Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Тақырыбы: Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуде отбасының рөлі



бет23/72
Дата08.02.2022
өлшемі235,58 Kb.
#123658
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Байланысты:
Ëåêöèÿ òåçèñ³ òà ûðûáû Ñûáàéëàñ æåì îðëû ûìû

Тақырыбы: Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуде отбасының рөлі  
Жоспары:
1. Адамгершілік құндылықтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негізі ретінде.
2. Отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібін тәрбиелеудегі рөлі
3. Отбасының қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудегі әлеуметтік жауапкершілігі.


1. Адамгершілік құндылықтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негізі ретінде.
«Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады. Қоғамда жүретін барлық коллизиялар отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекториясын қалыптастырады. Сондықтан отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады. Басқа жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам дамуына белгілі бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер етеді. Отбасы құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен дүниетанымдық ұстанымдарды көрсетеді. Бұл диалектикалық өзара байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде біздің түсінігіміздің негізін құрады. – Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген функцияларды орындайды: халықтың өсіп-өнуі, жаңа жағдайда алдыңғы ұрпақтан жинақталған шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы.
Отбасы шеңберінде сол немесе өзге әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққа шығару адамдардың құндылықты бағдарын қозғайды. Осының нәтижесінде қандай да бір құндылықтар кетеді, қайсыбірі келеді, тұлғаның рухани кеңістігінде өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік маңызға айналады. – Отбасы – қоғамның әлеуметтік институт ретінде нақты адамның қоғам өміріне енуіне мүмкіндік беретін құндылықтардың трансляторы болып табылады. Егер қазіргі қазақстандық отбасыға осы биіктіктен қарасақ, отбасы қатынастарында позитивті және жағымсыз фактілерді табуға болады. – Осындай шындық аясында отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын тәрбиелеудегі рөлі қандай және оның сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы төзбеушілік қатынасын қалай қалыптастыруға болады деген сұрақты қарастырайық. Қазіргі отбасы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы у таба ала ма? Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған ба? Отбасы адамдардың қатынасына тереңдеп еніп кеткен сыбайлас жемқорлықты қалай бағалайды және қабылдайды? Отбасы сыбайлас жемқорлықты моральдық-этикалық нормаларды бұзушылық, ұлт мәдениетіне жат, асылық, Отанға деген сатқындық деп айыптай ма? Осы сұрақтардың барлығы отбасының қазіргі қоғамдағы рөлін күрделі талдауды қажет етеді. Бүгінгі күні обасы қоғам үшін күрделі және маңызды проблеманы шешуге ынтасы жоқ, тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлқын қалыптастырудың пәрменді субъектісіне айнала алмайтыны анық. Ең алдымен, әртүрлі жағдаяттарға, объективті және субъективті жағдайларға қарай мүмкін емес. Бір нәрсе анық, қоғамда моральдықадамгершілік деңгей төмендеген кезде, отбасыға осындай құбылыстарға қарсы күресу қиынға түседі. Ол тұлғаның санасы мен рухани әлемі деңгейінде бұл мәселені реттеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлық пен парақорлықтың орнықты сипатын тәрбиелеуге күші жетпейді. Себебі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай, жалпыға ортақ төзбеушілік ахуалы жасалмайынша, моральдық айыптау, отбасы деңгейінде барлық азаматтардың қоғамдық айыптауы да дамымаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет