Лекция тезистері 1-Тақырып. Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметі. Спорттық жарыстар жүйесі


Жүктеме қозғалысының толқындылық қағидасы



бет13/26
Дата08.02.2022
өлшемі148,5 Kb.
#98409
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
866467047058 7 Лекция тезистер

Жүктеме қозғалысының толқындылық қағидасы. Дене қуаты жүктемелері әр түрлі көлемде толқын түрінде өтеді. Олар кіші, орта және үлкен толқындарға бөлінеді.
Кіші толқындар – микроциклдегі жүктеме қозғалысының толқын түрінде өзгеру сипаты. Орта толқындар – мезоцикл көлеміндегі жүктеме қозғалысының өзгеру сипаты. Үлкен толқындар – макроцикл кезеңдеріндегі жүктеме қозғалыстарының өзгеру сипаты.
Жалпы және арнайы дайындықтардың бірігу қағидасы. Спорт жаттықтыруының негізгі міндеті адам ағзасын жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл үрдіс жалпы және арнайы дайындықтың өзара байланысуы арқылы орындалады.
Жалпы дайындық кезінде жоғары спорт көрсеткіштерін өсіру үшін керек әр түрлі дене қуаты қасиеттері дамытылады, кең көлемде қимыл-козғалыс шеберлігі мен дағдылары меңгеріледі. Арнайы дайындық кезеңінде таңдап алған спорт түріне керек дене қуаты қасиеттері дамытылады, қимыл шеберлігі жетілдіріледі. Спортшылардың жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы дайындық кезеңдеріне байланысты өзгертіліп отырылады. Дайындық кезеңінде жалпы және арнайы дайындық көлемінің пайыздық арақатынасы 60-40%, жарыс кезеңінде 20,30-70,80%, өтпелі кезеңде 80-20% болып өзгереді. Бұл спорт түрлеріне, спортшылар квалификациясына байланысты. Жоғары дәрежелі спортшыларға арнайы дайындық көлемі көбірек беріледі.
Спорт жаттықтырулары дене мәдениеті жүйесінің бір бөлігі болғандықтан спортшы дайындығына бұрын теория бөлімінде оқыған дене тәрбиесі әдістері қолданылады. Бірақ ол әдістер спорттық жаттықтыруларда басқаша түрде, сипатта, жаттықтыру ерекшеліктеріне байланысты, әртүрлі бес үлкен топтарға бөлініп қолданылады (кітаптағы 39-кесте). Бірінші топ әдістері: қозғалыс әрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты қатаң шектелген жаттығулар, ойын және жарыс жаттығулар әдістері деп бөлінеді. Екінші топ әдістері: жарыс жатығуларының техникасын меңгеру ерекшеліктеріне байланысты бұл топтың әдістері: 1. бөлшектеп үйрету әдістері (жаттығу күрделі, үйреніп, жетілдіруге көп уақыт, күш кететін жағайда қолданылады); 2. тұтас үйрету әдістері (жаттығу қарапайым, үйреніп, жетілдіруге көп уақыт, күш керек етілмейтін жағайда қолданылады); 3. тұтас-бөлшектеп үйрету әдістері (басқы үйрету кезеңінде бөлшектеп үйретіп алып, сонсоң жаттығу бөлшектерін қосып тұтас орындау керек кезде қолданылады) деп бөлінеді. Үшінші топ әдістері ағзаның қызметтік мүмкіншіліктерін жақсартуға әсер ететін әдістері деп екіге бөлінеді: 1. жеке, таңдап әсер ету әдістері, арнайы ағзаның жеке функциялары мен механизмдерінің қызметтерін жасартуға қолданылады (мысалы, ағзаны энергиямен қамтамасыз етудегі кретинфосфаттың көбеюіне көмектесу, оның мүмкіншілігін дамыту). 2. кешенді әсер ету әдістері, ағзаның көптеген функциялары мен механизмдеріне бір мезгілде әсер ету үшін қолданылады. Төртінші топ әдістері: Жарыс әрекетін үлгілеу әдістері жарысқа ұқсата ұйымдастырылған жағдай кезінде қолданылады. Жарыс әрекетінің үлгілерін жеке қозғалыс әрекетін жетілдіруге немесе толық үлгілеу кездерінде қолданылады. Бұл топ әдістері спортшыны үлкен жарысқа дайындаудың немесе рекордтық нәтижеге қол жеткізудің тактикалық дайындығы кездерінде орындалады. Бесінші топ әдістері. Спортшыларды дайындау түрлерінің ерешеліктеріне байланысты спорттық жаттықтыруда мынандай дайындық жақтарын дамыту әдістері қолданылады: дене қуаты даындығы әдістері, техникалық дайындық әдістері, тактикалық дайындық әдістері, психологиялық дайындық әдістері, теориялық дайындық әдістері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет