3-Тақырып Спортшыны дайындау жүйесі Дәріс мақсаты: спортшыны дайындау жүйесінің құрылымы мен мазмұнын анықтау.
Тақырып сұрақтары:
Спортшыны дайындау жүйесінің құрылымы
Спорттық дайындықтың негізгі бағыттары
Дәрістің қысқаша мазмұны
Спорттық дайындау жүйесі екі бөлімнен құралады:
– бұхаралық, көпшілік спорттағы дайындық
– жоғары жетістікті спортшылар дайындау
Көпшілік немесе бұхаралық спорт жалпы білім беретін мектептерде, орта арнайы және жоғары оқу орындарында, балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінде, өнеркәсіп орындарында, тұрғындардың тұрған жерлерінде ұйымдастырылады.
Жоғары жетістікті спортшылар дайындау Облыстық, Республикалық спорт түрлерінінен құрама командалаларында, Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектептерінде, интернаттарда ұйымдастырылады.
Жоғары жетістікті спортшылар кәсіби және әуесқой деп бөлінеді.
Спортта жоғары жетістіктерге жету екі бағытта жүзеге асырылады:
– бірінші бағыт жаттықтырулар, жарыс және спортшыны қапына келу түрлерінде орындалады;
– екінші бағыт бапкерлер, материальды-техникалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету түрлерінен тұрады.
Жаттықтырулар дене қуаты, техникалық, тактикалық, психологиялық теориялық дайындықтардан құралады.
Жарыс – әртүрлі жарыстарға қатысу ерекщеліктері (бақылау, ресми т.с.с. жарыстар).
Спортшының қалпына келуі – әртүрлі жаттығулар, жаттықтырулар және жарыстар арасында қалпына келулер.
Спортшыны дайындау кезінде бапкердің дәрежесі, білімі, біліктілігі, өз ісіне берілулігі шешуші роль атқарады.
Материальды-техникалық жабдықтау 2 аспектіде қарастырылады:
спортшыға жаттығуы және жарысқа қатысуы үшін өмірлік жағдайлар қалыптастыру;
жаттықтыру үрдісі кезінде қазіргі кезгі жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету: бағдарлау және іріктеу, болжау, үлгі құрастыру (моделдеу), бағдарлама жасау және кешенді бақылау түрлерінен тұрады.
Өзін-өзі бағалау сұрақтары:
Спорттық жаттықтыру жүйесінің негізгі бөлімдерін атаңыз?
Көпшілік спорт және жоғары жетістікті спорттың қандай айырмашылығы бар?
Жоғары жетістікті спорт бағыттарын атаңыз және ол бағыттарға сипаттама беріңіз
Спорт түрінің бапкерлері қандай қасиеттерге ие болуы қажет?
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі түрлері туралы баяндаңыз?
Жаттықтыру үрдісінде материальды-техникалық жабдықтау қалай орындалады?