Лекция тезистері 2 кредит



Pdf көрінісі
бет17/83
Дата29.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106206
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83
Байланысты:
Психология
1-АБ Орифжан, Физика (жа а формат) 2017 Физика 1-Н С А, Психология , a8c5bb28018f1173443aacdd0b47c362, a8c5bb28018f1173443aacdd0b47c362, Тілдің шығуы жайлы теориялар
3-апта 

 

№2 Тақырыбы: Мен және менің мотивациям. 

Жоспар: 


1.Мотив және мотивация 

2.Мотивацияның психологиялық теориялар 

3.Мотивация және іс-әрекет. 

 

Мотивация және жеке тұлға. 



Мотив  дегеніміз  –  адамның  түрлі  дәрежедегі  саналы  және  астарсанадағы  қажеттіліктер 

жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш 

(түрткі.. 

Мотивация  туралы  ұғым  әрекет-қылықты  сипаттауда  емес,  оның  себебін  түсіндіруде 

анықталады. Бұл “неге?”, “неліктен?”, “не үшін?” деген сұрақтарға жауап іздеуде анықталады. 

Мотивация  терминімен  қазіргі  психологияда  екі  психикалық  құбылысты  белгілеуге  болады: 

-индивидтің  белсенділігін  тудыратын,  олардың  сиптын  анықтайтын  қозғаушы  күштердің 

жиынтығы; 

-әрекет-қылық 

деңгейін 

белгілі 

деңгейде 

ұстап 

тұратын 


процесс. 

        Сондқтан,  әрекет-қылықтың  ішкі  және  сыртқы  детерминацияларының  аналогы  ретінде 

диспозициялы  және  ситуациялы  мотивациялар  қарастырылады.  Мотивациялардың  бұл 

формалары өзара тығыз байланыста. 

Мотивация  әрекеттің  мақсатты  бағыттылығын  түсіндіреді,  біртұтас  іс-әрекеттің  белгілі 

мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады. 




Мотив  мотивацияға  қарағанда  белгілі  әрекетке  итермелейтін  тұлғаның  өзіндік  жеке  тұрақты 

қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы 

ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың 

икемділігі,  көлемі  және  т.б.  Диспозициялардың  ішінде  неғұрлым  маңызды  болып  қажеттілік 

табылады. 

Адамның  әрекет-қылығыда  өзара  тығыз  байланысты  қозғаушы  және  реттеуші  жақтар  бар. 

Адамның  кез-келген  әрекетінің  түбінде  оны  бағыттаушы,  жандандырушы  нақты  тілек-мақсат 

(қажеттілік. жатыр. 

Қажеттілік – қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс. 

Қажеттіліктің  негізінде  тірі  табиғат  өлі  табиғаттан  ажыратылады.  Қажеттілік  тірі  организмді 

белсенділікке  итермелейді.  Қажеттіліктерді  бастапқы  (тума,  биологиялық.  қажеттіліктер 

(қорекке,  ұйқыға  қорғаныс,  ата-аналық,  сексуалдық.  және  мәдени,  жүре  пайда  болған 

(материалды, рухани. қажеттіліктер деп топтастыруға болады. 

Қажеттілік  –  адамның  саналы  түрде  мұқтаждану  құбылысы.  Ал  саналы  қажетсінуді  –  тілек 

дейміз. Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктері олардың күші, олардың пайда болу жиілігі 

және  оларды  қанағаттандыру  тәсілдерімен  анықталады.  Адамның  қажеттілігін  анықтайтын 

диспозициялар (мотивтер. кезегі келесідей: органикалық – материалдық - әлеуметтік – рухани. 

Адам  өміріндегі  кездесетін  проблемалардың  бірі  –  тілектің  қанағаттанбауы  немесе 

айналысатын  іс-әрекетіне  деген  қызығушылықтың  жоқтығы.  Көп  жағдайда  тілектің 

орындалмауының басты себебі – тілектің шындыққа жанаспауы. 

Мотивация  теориялары  ежелгі  философтар  еңбегінде  көрніс  тапқан.  Ал  мотивацияның  қазіргі 

теориялары  психологиялық  білімдердің  пайда  болуымен  қатар  дами  бастады.  Белгілі  маман, 

американ  психологы  Д.Аткинсонның  схемасы  бойынша  мотивация  теорияларының 

классификациясын түсіндіруге болады. Адам баласы рационалды, ерік тәуелсіздігі  бар саналы 

тіршілік  иесі  ретінде  және  жануарлар  биолгиялық  заңдылықтарға  тәуелді  санасыз  организм 

ретінде  ежелгі  бағыттардың  негізінде  ХІХ  ғасырдың  ортасында  негізгі  идеалистікбағыт, 

Ч.Дарвиннің эволюцианистік теорисы, материалистік бағыт қалыптасты. ХХ ғасырдың басында 

мотивациялардың  жаңа  теориялары  дүниеге  келді: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет