Эстетикалық сезім
- объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын,
жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл - күй, әсемдікті қабылдап,
оған сүйсіну, ләзаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп
қалыптасатын жағдай. Эстетикалық сезім мазмұны мен мән-мағынасы және түр - сипаты
тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы
әсемдіктің адамның жан дүнисеінде бейнеленіп, оның мінез - құлқына, дүниетанымына ықпал етіп
отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл - күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістеуші
фактор ретінде қарастырады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан
дүниесін тебірентіп, өмірдің не ғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |