4. Тәртіптілік пен жинақылық.
Тәртіптілік дегеніміз - адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның
ырқына бағындыра алу қабілеті.
5. Ерлік.
Ёрлік дегеніміз - алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел
байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет.
8 апта
№ 5 Тақырыбы:
Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері.
Жоспар: Жоспар:
1.Темперамент теорияларына жалпы шолу. Темперамент қасиеттері.
2.Темпераменттің физиологиялық негіздері. Темперамент және тұлға.
3.Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы.
4.Оқушылардың темперамент типтерін оқу-тәрбие үрдісінде ескеру.
1. Темперамент жөнiнде түсiнiк
Темперамент - 25 ғасырдан берi ғылыми ойды қы-зықтырған мәселелердiң бiрi. Оған деген
қызығушылық-тың төркiнi - адамдар бойында болатын дара өзгешелiк-тер. Әр адамның жан
дүниесi өз алдына бiр болмыс. Оның қайталанбастығы, бiр жағынан, адам тәнiнiң био-логиялық
және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екiншiден - әлеуметтiк ерекше
байла-ныстар мен қатынастарға негiз бола алуында. Темпера-мент адамның биологиялық
сипатынан көрiнедi. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмо-ция
тереңдiгi, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрi осы темперамент
табиғатымен түсiндiрiледi. Дегенмен, осы күнге дейiн темперамент мә-селесiнiң шешiлмеген,
таластартысты қырлары баршы-лық. Бiрақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптiгiне
қарамай, ғалымдардың бәрiнiң мойындайтыны: тем-перамент - жеке адамның әлеуметтiк тұлға
ретiнде қа-лыптасуының биологиялық, яғни табиғи iрге тасы. Тем-перамент көбiне адамға тума
берiлген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейдi. Сондықтан,
темпераменттiк қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгерiске келе
бермейдi. Назар аударарлықтай ерекшелiк, темпераменттiң әрқилы қасиеттерi бiр-бiрiмен
кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негiзiнде түрлi темпераменттiң белгiлi құрылы-мын түзедi.
Сонымен,
Достарыңызбен бөлісу: |