биологиялық
қажетсiну,
қорғаныс
қажетсiнуi,
сыйластық,
абырой қажеттiгi
мен ең жоғары қажетсiнулер: өз
мүмкiндiктерiн ашып, оларды жүзеге асыра алу (самоактуализация). Бiрақ А.Маслоу
талдауындағы дара адам әлеуметтiк қатынастар жүйесiнен тыс, қоғаммен байланысы жоқ.
оқшауланған тұлға. Қоғам, ғалым пiкiрiнше, дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана.
Б.Ф.Ломов, басқа да орыс психологтарының пай-ымдаулары нақты, әрекетшең дара адамның
қоғамдық қатынастар жүйесiне қосылып, сол жүйенiң оның сана-сында бейнелеуiне негiзделедi.
Б.Ф.Ломов мотивтiк-қа-жетсiну аймағы мәнiн (қүрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың
дамуын түсiну үшiн жеке адамның басқа тұлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды
қажет деп санайды. Адамның мотивтiк аймағының басқа факторлардан тәуелдiлiгiн зерттеуде сол
тәуелдiлiктiң тiке-лей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өл-шемдi және сипатты
екенiн бiрде ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерiмен бол-ған
тiкелей байланыс шеңберiнен шығу мүмкiндiгiне ие, осыдан оның қажетсiну аймағы қоғамдық
өмiрдiң күштi ықпалымен өрiстей бастайды (саяси пiкiр, саясат, этика және т.б.). Адамның
қажетсiну талаптары қоғамдық құры-лымдардың әсерiмен де дамиды. Мұндай құрылымдлар-дың
ең қарапайым түрi - нақты тұлға мүшесi болған
Достарыңызбен бөлісу: |