Сәйкестендiру
- адамның өз қолы жетпейтiн, бi-рақ аңсаған, басқа бiреудiң жақсы әдет-
қылықтарын ием-денуi. Балалардың әлеуметтiк тәртiп пен игi этикалық өне-гелердi игеруi осы
әдiске негiзделген, Мысалы, жас өс-пiрiм баланың әкесiнiң әрекеттерiн ойланбастан қайта-лап,
оның мақтау-мадағына ұмтылуы осыдан. Жалпы ма-ғынада, сәйкестендiру қорғанысы адамның
өзiнiң әлсiз тараптарын жеңiп, сезiм олқылықтарын толықтыру үшiн үлгi, өнегелерге ойсыз
елiктеп, мақсат-мұраттарды еш-қандай ниетсiз-ақ арқау етуiнен туындайды.
Жаңалау
- адамның iстеген келеңсiз әрекетiн мой-нына алса, өз қадiрiнiң жоғалатынын
түсiнуден, болған оқиғаға байланысты ниеттерi мен қылықтарын өтiрiк-шынды жанастырып
дәлелдеуге тырысуы, мүмкiндiктерi кемдiгi-нен қолы жетпеген не жетпейтiн заттардың объектив
құн-дылығын өзiнше кемiте салып, өз кеуiлiн арбауы. Мыса-лы, баланың жегiсi келiп тамсанып,
бiрақ, қанша тырысса да, қолы жетпеген тәттi жүзiмдi "ой, әлi пiспеген, ащы ғой" деп қолын сiлтей
салуы.
Ауыстыру
- адамның баста өз әлiне қарамай, күр-делi iске ұрынып, кейiн бiтпесiн бiлген
соң, оған деген әрекетiн оңай жұмысқа бұра салуы. Осындай ауыстыру-дан қол жетпес қажеттiктiң
орындалмауынан болған күй-зелiс бәсеңдейдi, бiрақ iзгi мақсат адыра қалады. Өз ал-дына қойған,
бiрақ орындалуы мүмкiн емес мақсатқа ба-ғышталған әрекет iске аспаған жағдайда адам кез-
келген мәнсiз қимылға ауыса салады, осыдан көңiл-күйi жеңiл-деп, үлкен күйзелiске түспейдi.
Кейде ауыстыру әрекет-терiнен адамның бағыт-бағдары алғашқы нақ, мәндi iс-тен, болымсыз,
фантазиялық кейiпке де түсуi мүмкiн.
Оқшаулау
- адамға соққы болатын жәйттердiң са-на деңгейiнен шегерiлiп, басылуы.
Мұндайда жағымсыз эмоциялар саналы, яғни әдейi оқшауландырылып, болған оқиға мен одан
келетiн әсерлер көңiлге алынбайды, адам бұрын қандай да мәнге ие болған оқиға немесе өз толға-
ныстарының шындығын iшi сезiп тұрса да, оларды байқа-майтындай кейiп көрсетедi.
Психологиялық қорғаныс әсерi адамға қай жағдайда да өзiнiң iшкi қалыпты көңiл-кейпiн
тұрақты сақтауына жәр-демдеседi. Тiптi әлеуметтiк шектеулердi бұзғанның өзiнде де, өз
қылығының зиян тарапын кемiте, оған ақтау табуға тырысады. Егер адам өз қадiрiн тани бiлсе,
өзiнiң қандай әрекетте болмасын кемшiлiк, олқылықтарын ұғынумен оларды жоюға ұмтылады.
Мұндайда адам өз әрекеттерi мен мiнезiн өзгертедi, ал өзгерген ұнамды тұлға сапасы оның
санасын жаңалып, өмiрлiк серiгiне айналады. Егер адамның өз қадiрiн сақтауына тiрек боларлық
ниеттелген қылық пен күнделiктi жүрiс-тұрыс арасындағы сәйкессiздiк туралы ақпарат санамен
қабылданбаса, қайшылық сигналдары психологиялық қорғанысты iске қосып, ниет пен ақиқат
арасындағы қарсылықтардың шешiмi табылмайтын болса, адамның өзiн өзi жетiлдiруi мүмкiн
емес.
Достарыңызбен бөлісу: |