Эмоциялық күйлер мен сезімнің түрлері.
Жеке адамның өмірінде эмоциялық күйлердің үлкен мәні бар. Олар бегілі бір кезендерде
адамның бүкіл психикалық әрекетіне өң беріп, алуан түрлі көңіл күйінде аффектік жағдайда
көрініс береді. Эмоциялық күй орындалып жатқан іске, жасалған қылық, көніл күйіне, тыңдаған
романсқа, оқыған өлеңге т.б. тәуелді болуы да мүмкін.
Көңіл күйі.
Көніл күйі - бұл адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекетіне өң
беретін біршама ұзақ эмоциялық күй. Көніл - субъектіге қандай да реңқті сақтап қалуға не жоюға
ықпал жасаушы психикалық процестің ерекше сигналдық түрі: кейбір түр-түс, дыбыстар, иістер
өздерінің негізгі мәніне байланыссыз біздің есімізге түсуден жағымды не жағымсыз сезімдер
тудырады. Мысалы, жақсы ән, тәтті тағамның өзі де ұнамай қалуы мүмкін, мұның бәрі біздің сол
сәттегі көңілімізге байланысты. Егер көніл тұрақты жиіркенушілікпен ұштасса, бұл идиосинкразия
сырқатының белгісі.
Әр адамның көңіл күй мінез - құлықта әр түрлі көрінеді. Еріктік реттеу ерекшеліктері өз
көңіл күйіңді игеру және басқару сипатын анықтайды. Жабырқаңқы көңіл күйін адамның өзіне
ғана емес, айналасындағыларға ыңғайсыз әсер етеді. Көңіл күйін басқаруды үйренуге болады,
бірақ ол үшін оны қадағалап және дұрыс бағалап отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |